- Жер қыртысы барлық уақытша сыртқы (экзогендік) күштердің әсерінде болады. Бұл күштер жердің құрылымын, құрамын және формасының өзгеруіне алып келеді. Бұларға ағын сулар, теңіздер, мұздар, көлдер мен желдер жатады.
Ағын сулардың әсері - Тау жыныстарының мүжілуінің арқасында пайда болған мүжілу азықтары (өнімдері), жаңбыр суларымен немесе ағатын теңіз, көл, өзен суларын тасымалдау арқасында жерлерде жиналып топталады. Мұндайларды денутациондық процестер деп атайды.
- Осы жоғарыда айтылған сыртқы күштер (ағын сулар, теңіздер, мұздар мен желдер) бір жағынан қиратып бұзатын болса, екінші жағынан пайдалы жұмыс атқарады. Пайдалы жұмыс бұл осы процестердің салдарынан әртүрлі шөгінді жыныстардың пайда болуы.
- Жер бетінің жаңбыр, өзен суларынан жуылуы эрозия деп, сулардың ағып түсетін және жуылудың басталатын жердің ең төменгі нүктесі эрозияның базисы деп аталады.
- Сулардың салдарынан жер қыртысының жуылуынан келе-келе әртүрлі формадағы және өлшемдегі жыралар, арқалықтар, шатқал сайлар, өзен арналары және басқалар пайда болады
Теңіз суларының жұмысы - Теңіз суларының толқындарынан тау жыныстары мүжіледі, осының нәтижесінде теңіз жағалаулары кеміріліп, бұзылады. Осындай үлкен көп рет қайталанушы күштерге ешқандай тау жыныстары төтеп бере алмайды.
- Бұған мысал ретінде Қара теңіздің шығыс жағалауын (Гагра қаласы аймағы) алсақ болады. Мұнда жеті ішінде толқынның әсерінен 200м жағалау кеміріліп жуылып кеткен.
- Осы мүжілуден пайда болған тау жыныстарының бөлшектері одан ары майдаланып, олар толқынның салдарынан бірнеше рет домалап, бір-бірінің үйкелісінің нәтижесінде, олар өте тегіс тұпыл болады: уақыт өткен сайын осы бөлшектер азайып, бір бөлігі өте майда сазды грунттардың бөлшектеріне айналады, олар өз ретінде теңіз суларының ағысымен, теңіздің ұзақ жерлеріне барып жиналып, шөгінді өте әлсіз (ил) грунт қабатын пайда етеді.
- Екінші жағынан теңіз суларынан бөлшектелінген, химиялық және органикалық тау жыныстары пайда болады.
- Ірі тау жыныстары мен құмдар теңіз жағалауларынан барлық жерінен ұшыратуға болады, олар өте тегіс жылтыр күйінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |