- Мұздар қозғалуынан үлкен пайдалы және пайдасыз жұмыстар орындалады, нәтижесінде әртүрлі мұзды шөгінді грунттар және мұзды белесті рельефтер пайда болады. Мұздар таулы және материктегі мұздар болып екіге бөлінеді.
- Материктегі мұздар полярдағы жерлерде үлкен аудандарды қамтиды. Мысалы Гренландия, Антарктида және басқалар.
- Тау мұздарының пайда болуы. Биік тауларға жауған қарлар күннің көзінен еріп, түйіршегі қарға айналып, қатты тығыздалып, қалыңдығы бірнеше жүз метрге айналған мұздар пайда болады.
- Мұз қатты болғанымен, ол еріп ағады, соның салдарынан ол пластикалық қасиетке ие. Жоғары жатқан қабаттың қысымынан мұз қиялық бойынша қозғалып, жиналған мұздар ери бастайды.
- Мұздың қозғалу жылдамдығы қиялықтың тіктігіне, қысымның мөлшеріне, ауаның температурасына және т.б.байланысты.
- Көп күзетулер соны көрсетеді, тәулігіне 0,2м және одан көбірек жылжиды.
- Мұздар жылжығанда үлкен қирату (бұзу) жұмыстарын орындайды. Ол жолындағы желдің салдарынан мүжілген бөлшектерді, тау жыныстарының шошақтарын шеттерін сындырып, оларды үйкелістің салдарынан одан әрі майдаланып, мұз өзімен бірге алып кетеді.
- Көл – бұл теңізбен байланысы жоқ тұйық қазан шұңқырдағы су массасы. Көлдер төмендегілерге бөлінеді:
- 1. Тектоникалық көлдер, бұл ойпат (шұңқыр) жер қыртысының төмендеуінен, тектоникалық қозғалысынан пайда болған (Байкал көлі).
- 2. Вулкандық. Мұнда ойпат (қазан шұңқыр) өшкен вулкандардың кратерлері (мысалы Камчаткадағы Кронецкий көлі) немесе балқыған лава аңғарды бекітіп, бөгет құрылғанынан (мысалы Армениядағы Севан көлі).
- 3. Эррозиялық көлдер. Бұларға атырау (өзеннің теңізге құйылатын жерінде), жайылма, және басқа көлдер.
- 4. Карсты көлдер. Бұл көлдер тау жыныстарының суда ерігенінен пайда болған ойпаттар мен шұңқырлар (гипс, әктас ж.б.) немесемұздардың ерігенінен пайда болған шұңқырлар мен ойпаттар.
- Судағы тұздардың құрамы, мөлшері бойынша көлдер тұщы және тұзды болып бөлінеді. Тұщы көлдерге суда көлемінде 1г/л тұзы болған көлдер жатады. Мұндай көлдер әдетте ағыны болады (мысалы Ладого көлі). Көлдегі суларда тұздың мөлшері едәуір болуы мүмкін, теңіз, мұхит суларындағы тұз мөлшері сияқты.
- Үлкен көлдегі геологиялық шөгінділер, бұлар ірілігімен орналасқан өзен суларымен ағып келген минералдар мен тұздардан құралған.
- Көлдерде пайда болған шөгінді тау жыныстары әртүрлі, олар көлге келіп түсетін материалға, көлдің үлкендігі мен тереңдігіне, жергілікті климатына және басқа себептерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |