Мақсат қою (мәселелі жағдаят) 1- тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы 7-ден санауды ұсынады.
Оқулық
12-29
Жаңаны ашу. Оқушылар оқушының басшылығымен 7 санына көбейту мен бөлу кестесіндегі қалдырылып кеткен сандарды толтырады. Оқушылардың назарын көбейту кестесін толтыруды неге 7∙7 мысалынан бастау керек екендігіне аудару маңызды.
Есептің жаңа түрін шығаруға дайындалу үшін оқушылар 3-а) тапсырманы орындайды – есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады, 3 ә) тапсырмада есептің қысқа жазуын толықтырып, оны шешулері қажет.
4-тапсырмада оқушылар есепке берілген суретті және кестені қарайды. Алдымен бір тауардың бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын анықтау керек екендігін көрсету маңызды.
- Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін түсіндір?
- Бір дәптердің бағасын қалай білеміз?
- Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Алғашқы бекіту үшін балалар оқытушының басшылығымен сурет және 5 және 6 кестелер бойынша есепті құрып, оны шығарады.
Оқулық,
30-40
Өзіндік жұмыс 8-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар ұсынылған жағдайлардың қайсысында есептеп шығармай-ақ салыстыруға болатынын қарастырады, себебін түсіндіреді.
Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға орындауды ұсынады.
Мен:
-7 саны бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында есептеп шығара аламын
-есептерді шығаруда 7 санына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын
Өткенді қолдану 8-тапсырманы орындай отырып, оқушылар өрнектер құрастырып, олардың мәндерін табулары қажет.
9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар өрнектердің сандықтағы мәндерін таңдап алуы қажет.
Оқулық, дәптер.
41-45
Рефлексия. «Өзара түсіністік шыңы»
Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы өзін көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды.
Сабақта балалардың жұмыстарына формаланған бағалау жасалады.
Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі.