Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс



бет93/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144
00039fef-5a4df9ee

Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс.
№4,5, 6 тапсырмалар өткенді бекітуге арналған. Бұл тіктөртбұрыш пен шаршының периметрінің формуласын, амалдар бойынша өрнектерді және есептерді түрлі тәсілдермен шығаруды еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар түсінбеген оқушыларға түсіндіре алады. Ал тапсырмалар әртүрлі белсенді формада берілуі мүмкін. Балаларды осыған ұқсас тапсырмаларды құрастыруға ынталандырыңыздар. Тапсырманы шығармашылық жұмыс ретінде орындау. Ал балаларға сандық материалды ауыстырып, қандай әдіс тиімдірек болатынын зерттеуді ұсыныңыздар. Кері амалдар құрастыруға болады. Бос «торкөздері» бар қысқаша жазба сандық материал таңдауға немесе кері амал құруға мүмкіндік береді.
Ер адамдар -□
Әйелдер -□
Балалалар -□
Тақырып бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.




41-45



Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсаттарымен байланыстыру қажет: сабақ барысында кім не істей алатынын ұқты: санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде және бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісінен санның квадратын табу; санның квадратынан тұратын өрнектер құрастыру. Дәптерде жетістік жолы қолданылады.
Блум текшесінің сұрақтары бойынша сұрақтар құрастыру: ата, неге, түсіндір. Екінші тоқсанға қарай балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтар құрастыруды меңгерді. Балаларға дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырыңыздар. Дұрыс сұрақ құруға көмектесіңіздер.

Жетістік жолы.
Блум текшесі

Қосымша ресурстар: https://www.youtube.com/watch?v=07qXTyc8Keo Астана қаласы БҮГІНІ мен БОЛАШАҒЫ!!! АРМАН қала !!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет