Тақырып: Ерте заманда уақытты қалай өлшеген?
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу
3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар үшін:
|
шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
циркульдің көмегімен шеңбер салу.
|
Кейбір оқушылар үшін:
шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі деген түсініктердің айырмашылығын түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі, циркуль.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.
Шеңбердің центрі деген не?
Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?
Диаметрі белгілі болса ше?
|
Жазу:
|
Есептердің шығарылу жолын жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Дөңгелек туралы түсінік.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім уақыт құндылығы туралы әңгімелейді. Көне заманда уақытты қалай өлшегені туралы айтады.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Тақтада (полотнода, парталарда) түрлі түсті және пішіні әртүрлі геометриялық фигуралар орналасқан.
Мұғалім фигураларды топтастырып, олардың топтасу себептерін атауды ұсынады.
|
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Шеңбер деген сөз сізге таныс па?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
Шеңбер деген не? (Шеңбер – дөңгелектің шегарасы)
– Дөңгелек деген не? (Дөңгелек – нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура).
О нүктесі – дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық.
Топпен жұмыс
Әр топ шеңбер сызылған парақтан алады. Тапсырма: радиустарын өлшеңіздер және оны өсу реті бойынша жазыңыздар, содан кейін диаметрін өлшеп, төменге жазып қою керек.
– Диаметр радиустан қанша үлкен?
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Циркульдің көмегімен радиусы 2 см, 1 см, 3 см болатын шеңбер сызу керек
– Радиус диаметрден қаншалықты кіші? Қандай шешім шығаруға болады?
Өзіндік жұмыс.
Радиусы 4 см-ге тең шеңбер сызу керек.
Екі шеңбер сызу керек: бірінші радиус 3 см-ге, екіншісі – 6 см-ге тең. Шыққан шеңберлер туралы не айтуға болады?
|
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
Сызбаны қараңыздар. Сызба қалай сызылған? Мына шеңберлердің ортақ нүктесі туралы не айтуға болады?
Ортақ нүктесі болатындай екі шеңбер сызыңыздар. Бір шеңбердің радиусының ұзындығы – 2 см, ал екіншісінікі – 5 см. Қалыптастырушы бағалауы бар дәптерден тапсырма орындауды ұсынады.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Мен:
– шеңберді, дөңгелекті атап, ажырата аламын.
– центрін, радиусты, диаметрді көрсете аламын,
циркульдің көмегімен шеңбер сыза аламын.
|