■
бірінші деңгей - танымдық сипаттағы тапсырмаларды қамтиды, яғни
оқушы келтірілген үш-тӛрт жауаптардың
арасынан дұрыс бір
жауапты таңдау керек. Бұл тестті оқушылардың негізгі түсініктер
мен анықтамаларды меңгергеніне аз уақыт ішінде кӛз жеткізу керек
болған жағдайда қолданған дұрыс. Одан басқа, мұндай тестті, оқуға
шамасы
болмай
және
қанағаттандырарлық
бағаға
риза
болғандықтан, мәліметтерді меңгеру деңгейі тӛмен оқушылармен
жиынтық бақылау ӛткізген кезде қолдануға болады. Мұндай тесттің
нұсқасымен 5-қосымшада танысуға болады;
■
екінші деңгей - оқушылардың білімін тереңірек тексеруге арналған.
Тест ӛткен
материалды талдауға,
негізгі анықтамаларды,
түсініктерді есте сақтауға, оларды тесттің керекті пунктілеріне
жазуға, ұсынылған үлгі бойынша кесте толтыруға және т.б. (5-
қосымшаны қарау) мәжбүр етеді;
■
үшінші деңгей - үздік баға алуға талпынған оқушыларға арналған.
Оқушыға кішігірім шығармашылық
тапсырма орындау ұсынылады
(5-қосымшаны қарау).
Бірақ барлық жақсы жақтарына қарамастан, тесттік бақылау
айтарлықтай
шынайы әдіс емес, ӛйткені оқушының білімінде
жіберілген бірқатар қателіктерді анықтай алмайды. Бұл үшін ӛзге
әдістерді қолдану керек.
Жазбаша тексеру. Бұл оқушыларды тапсырманы орындауға аса
назар аударуға мәжбүрлейтін, бақылаудың ең кӛрнекі әдістерінің бірі.
Егер қандай да бір оқушы ауызша жауап берген кезде оның дұрыс емес
жауаптарын түзетіп, кӛмектесу мүмкіндігі болса,
жазбаша тапсырма
орындау кезінде мұндай жағдай мүлдем болмайды. Оқушы ӛз
қателіктері мен кемшіліктері үшін ӛзі жауап береді (5-қосымшаны
қарау).
Бұл әдістің де ӛзге әдістер секілді ӛз кемшіліктері болады. Олардың
бірі оқушылардың тапсырма орындау кезінде ойын жинақтай алмауы
болып табылады, ӛйткені
оларда қорқыныш сезімі, ӛздеріне деген
сенімсіздік
туындайды,
олар
ұмытшақ,
зейінсіз
болып,
қанағаттанарлықсыз баға алып қалуы мүмкін.
Білім мен қабілеттерді тапсырма карточкалар бойынша тексеру. Бұл
әдісті тақырып толығымен оқытылған кезде қолданған жақсы.
Карточкада әдетте 5 сұрақ ұсынылады, ӛйткені
мұндай сұрақ саны
тексеру кезінде оқушыға да, оқытушыға да ыңғайлы болып келеді.
Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл беріледі,
сәйкесінше, баға балл
санына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: