Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі


ОҚЫТУШЫНЫҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ



Pdf көрінісі
бет9/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
foreign 788

ОҚЫТУШЫНЫҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ 
АЛГОРИТМІ 
Әрбір сабақ оқытушының мұқият дайындығын қажет етеді, ӛйткені 
дайындықсыз сабақты жеткілікті жоғары деңгейде ӛткізу мүмкін емес. 
1. Сабақ басталар алдында сабақта баяндау керек болатын 
тақырыпты мұқият зерделеген жӛн. Оқытушы сабақтың білім беру 
мақсатын тұжырымдап, оның дамытатын және тәрбиелейтін 
мақсаттарын, оларға қол жеткізу жолдары мен әдістерін ойластыру 
керек. 
2. Сабақ 
мәліметтерінің мазмұнын анықтау, сабақта оқуға 
дайындалған нақты материалдарды қарап шығу. Мәліметтерді 
жинақтау кезінде оқу тобының мамандығы мен ерекшеліктерін де 
ескерген жӛн. 
3. Сабақтың құрылымдық элементтерін, олардың кезегі мен 
ұзақтығын анықтау керек. Кейін оқушылар жұмыс барысында 
қолданатын тақырыптарға кӛбірек, ал тек танысуға арналған 
тақырыптарға азырақ уақыт бӛлген жӛн. 
4. Әдістемелік 
амалдардың барлық арсеналдарының ішінен 
берілген оқушылар тобына ең жарамдыларын алу, таңдалған 
әдістемелік амалдарды ӛз мүмкіндіктеріңмен, қабілеттеріңмен 
сәйкестендіріп, сабақтың әрбір кезеңіндегі әрекеттерді алдын ала 
ойластыру. 
5. Мәліметті қатар жүретін күрделі суреттер, тәжірибелік 
жұмыстар, кӛрсету эксперименттерін орындау керек. 
6. Сабаққа қажетті кӛрнекі оқу құралдары мен техникалық 
құралдарды тексеру және дайындау. 
7. Оқушыларға үй жұмысын дайындау. 
8. Сабақ 
жоспарын құрастыру, оқу материалын баяндау 
конспектісін дайындау немесе бұрын жасалған конспектімен 
сәйкестендіру. 
9. Сабаққа дайындалғанның барлығын қарап шығу, тақырыптың 
барлық негізгі бӛліктерін ойда қайталау. 
10. Дайындаған материалдарды сабақ барысында қолдану ыңғайлы 
14
1.7.
 


болатындай етіп үстел үстіне қою. 
МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРУДІ БАҚЫЛАУ 
Оқушылардың ӛткен материалды меңгеруін бақылау оқытудың ең 
негізгі тұстарының бірі болып табылады. Бақылау түрлі әдістермен 
жүргізіле алады: 
■ 
қазіргі - оқытудың әрбір кезеңі мен сабағында; 
■ 
аралық - бір тақырыпты немесе ӛзара байланысты бірнеше
тақырыпты оқу қорытындысы бойынша; 
■ 
жинақты - сабақты оқып білу бойынша; 
қорытынды - түрлендірілген сынақ.
Тексеру әдістері де әртүрлі бола алады:
■ 
кіріспе бақылау — оқушылардың пән бӛлімдері мен тақырыптары 
бойынша білім деңгейін, сондай-ақ олардың жаңа білім мен 
қабілеттерді меңгеру мен түсінуге дайындық деңгейін анықтауға 
мүмкіндік береді; 
■ 
ауызша тексеру - оқушыларды жаппай немесе жеке сұрастыру; 
■ 
жазбаша тексеру - бақылау жұмысы, жазбаша жұмыс; 
■ 
тапсырма-карточкалар арқылы тексеру; 
■ 
тесттік тексеру, соның ішінде жеке компьютердің кӛмегімен; 
■ 
тәжірибелік жұмыс - оқушылардың материалды таңдай білуін, 
таңбалануына байланысты болаттың міндеттерін (аспаптық, 
құрылыстық) анықтау қабілеттерін тексеру; 
■ 
пәндік олимпиада - сайыс түрінде ең үздік оқушыларды анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Бақылауға келесі талаптар қойылады: 
■ 
уақыттылығы мен жүйелілігі. Бұл аса маңызды, ӛйткені оқушыға 
жақында ӛткен материалды еске алу бұрын ӛткенді еске түсіруге 
қарағанда оңайырақ; 
■ 
оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру. Бақылау жүргізу кезінде 
оқушыға кӛп жұмыс артып, тапсырмаларды орындай алмайтынын 
алдын ала біле тұра, оларды оқушыға берген дұрыс емес. Оқушы ӛз 
бетінше орындай алатындай тапсырма нұсқасын таңдау керек; 
■ 
шындық пен әділдік. Бұл, әсіресе, білім тексеру кезінде маңызды. 
Ӛйткені оқушының пәнді оқуға деген қызығушылығы бағаның 
әділдігіне байланысты бола алады; 
■ 
негізділік - анықталған білім деңгейінің қойылған оқу мақсаттарына 
сәйкестігі; 
■ 
саралау - оқушылардың оқу үдерісін жан-жақты қамту. 
Пән оқыту тәжірибесінде ең жиі кездесетін кейбір бақылау 
әдістерін толығырақ қарастырайық. Тесттік бақылау. Бұл – 
бақылаудың ең тез әдісі. Тесттер бірнеше деңгейлі болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет