Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
foreign 788

ПӘН БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАРДЫ 
ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҚ 
 
Әрбір тақырып оқушы үшін таныс емес, сондықтан әр сабақтық 
жоспар жасаған сайын осы ерекшелікті ескерген жӛн. Оқушыларды 
кӛп таныс емес терминдер мен түсініктемелермен жүктемеген дұрыс, 
себебі олар барлығын есте сақтай алмайды. Сабақтарда, жиі болып 
тұратындай, материалды тек конспекттілеуді де қолданбаған жӛн. Бұл 
оқушылардың тақырыптың мағынасын түсінбей, оны тек автоматты 
түрде жазуына әкеп соғады. 
Сабаққа дайындалу кезінде тақырып материалының мазмұндық 
қисындылығы мен ӛзара байланысын ойластырып, айтылған затты 
растайтын дәлелді мысалдар жинап қойған жӛн. Егер мүмкіндік болса, 
кӛрнекі мысал келтіріп, макет, үлгілер кӛрсеткен, ТОҚ құралдарын 
қолданған жӛн, ӛйткені бұл ӛткен материалды барынша толық түсініп, 
есте сақтауға кӛмектеседі. 
Сабақ тақырыптарын оқуды кіріспе тақырыпты жеткізу мысалында 
қарастырайық. Тақырып кіріспе болғандықтан, оқытушы оқушыларды 
сабақпен таныстырып, оқудың бүкіл мерзіміне бағытталған мақсаттар 
мен міндеттер қою керек. Алдағы бақылау жұмысы, сынақ, емтихан 
секілді және т.б. оқушылардың білімін тексеру әдістерін жете 
түсіндірген жӛн. Одан басқа, бағдарлама қамтыған жағдайда, алдағы 
зертханалық жұмыстар туралы айтып беру керек. 
Материалды баяндауды бастамастан бұрын, оқушыларға конспекті 
жүргізу ережелерін түсіндіру керек, ӛйткені мектепте білім алу кезінде 
олар бұл ұғыммен мүлдем танысқан жоқ. Конспектіге арналған дәптер 
кем дегенде 48 беттен тұру керек. Зертханалық жұмыстарға 12 беттен 
тұратын жеке дәптер қарастырылған. Дәптер тор кӛз болу керек, себебі 
сабақ біршама сурет салуды қамтиды. 
Конспекттің бірінші бетінде келесі мәліметтер кӛрсетілу керек: 
■ 
пән атауы; 
■ 
оқушының аты, тегі және әкесінің аты; 
■ 
топ нӛмірі; 
■ 
курс нӛмірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет