Дәптерде міндетті түрде
жазусыз шеттері болу керек, ӛйткені бұл
оқушыларды тәртіпке келтіріп, құжатты ұқыпты пайдалануға үйретеді.
Дәптердің шетінде сабақтың нӛмірі, оның ӛткізілу күні мен айы
кӛрсетіледі, бұл кейін сырқат немесе ӛзге
себептерге байланысты
сабақты ӛткізіп алған жағдайда ӛткен материалды қалпына келтіруге
кӛмектеседі. Одан басқа, дәптердің
шетінде оқытушы конспекті
жүргізу, ӛзіндік жұмыс пен үй жұмысы үшін баға қояды. Конспектінің
бірінші бетін безендіру үлгісін 5-қосымшада кӛруге болады.
Конспект безендірілгеннен кейін, оқушылардан оны жүргізу
ережелерін қатаң сұрастырған жӛн, ӛйткені бұл да сабақты
ұйымдастыруға ӛз септігін тигізеді.
Кіріспе тақырып оқушыларды ӛнеркәсіп
қолданысында ең кең
таралған негізгі материалдармен, олардың пайда болу тарихымен, бар
ӛмірін ғылымға (әсіресе, материалтануға)
арнаған әйгілі ғалымдармен
таныстыруға мүмкіндік береді. Мәліметті баяндау барысында
оқушыларға материалдардың үлгілерін, олардан жасалған бӛлшектер
мен құрастырма бірліктерді кӛрсетіп, олардың жақсы жақтары мен
кемшіліктерін атап ӛту керек. Айтылып ӛткенді оқушылар күнделікті
ӛмірде, мектепте және т.б. жерлерде кӛрген құралдармен сәйкестендіру
керек.
Барлық материалдар металл және бейметалл болып бӛлінетіндіктен,
олардың осы
ерекшеліктеріне назар аударып, сипатты ӛзгешеліктерін
айтып, мысал ретінде түсіндіру керек.
Оқушыларға негізінен металмен жұмыс істеуге тура келетіндіктен,
металдар мен қорытпаларға аса назар аударған жӛн. Мұнда дәріске
бірқатар түсініктемелерді,
мысалы металл мен қорытпаның,
анизатроптық, атомдық-кристалдық тор секілді және т.б. жаңа сӛздер
мен түсініктердің анықтамаларын енгізуге болады.
Мәлімет түгелдей айтылғаннан кейін, оқушылардың ақпаратты
меңгергеніне кӛз жеткізу үшін бірқатар сұрақтар қойған жӛн. Егер
біреуіне болса да жеке тұстар немесе терминдер түсініксіз болса, онда
түсініксіз жерлерін қайта айтып, түсінуге оңай мысалдар келтіру керек.
Барлық тұстары анықталған кезде негізгі ұғымдар мен
анықтамаларды
жазуға кірісуге болады. Оқушылар мәліметті әртүрлі жылдамдықпен
жазатындықтан, ақпаратты баяу айтып жаздырмаған жӛн, ӛйткені бұл
сабақта кӛп уақыт алады және тақырыпты оқып білу үшін тиімсіз. Бұл
мақсатта оқытушы оқушыларға негізгі тірек болатын конспект, сондай-
ақ нашар оқитын оқушылар сабақ үстінде ӛз бетімен кӛшіре алатындай
толық конспект әзірлей алады. Егер қандай да бір себеппен оқушы
сабақ тақырыбын жазып үлгермей қалса,
онда оған орындау мерзімін
алдын ала шешіп, конспект кӛшірмесін беріп, жұмысты үйде аяқтауды
ұсынуға болады. Оқушыларға мәліметті кӛшірмеден ӛткізуге беруге
болмайды, ӛйткені бұл материалдық шығыннан басқа еш пайдасын
тигізбейді. Конспектіні кӛшіру барысында олар, әсіресе кӛру есі жақсы
дамығандар, мәтінді жақсырақ есте сақтайды. Конспектіні қайта-қайта
13
тексеріп, конспектіге және журналға баға қойып тұру керек.
Ең алғашқы сабақтан бастап үй жұмысы туралы ұмытпау керек.
Сабаққа бӛлінген уақыт ішінде барлығын жасап үлгеру мүмкін емес
екендігі анық, сондықтан жұмыстың белгілі бір бӛлігін оқушылар үйде
жасау керек. Ӛз тарапынан, үй жұмысы оқушыларға түсінуге оңай болу
керек. Оны оқулықтың, конспектінің кӛмегімен орындауға болады. Бұл
жалықтыратын жұмыс болмау керек. Ол ӛзінде
шығармашылық және
ойлауды қажет ететін тұстарды қамту керек.
Достарыңызбен бөлісу: