Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
foreign 788

Жеке 
компьютерлердің 
педагогикалық 
бағдарламалық 
қҧралдары (ПБҚ). Оқушылардың оқу қызметін басқару құралы
сондай-ақ дербес оқу ақпаратының кӛзі болып табылады. Жеке 
компьютермен диалог түрінде ӛткізу арқылы оқыту үрдісін жекелеуге 
мүмкіндік береді. 
Педагогикалық бағдарламалық құралдар оқыту бағдарламаларын 
қолдану арқылы бағдарламалық оқытуға, оқушылардың білімі мен 
қабілеттерін бақылауға, оқыту үрдісінің барысы мен қорытынды 
нәтижелерін жедел дайындау мен талдауға мүмкіндік береді. Олардың 
кӛмегімен оқушылар қажетті оқу ақпаратын, соның ішінде 
Ғаламтордан, таба алады. 
37


 
 
БАСТАУЫШ КӘСІПТІК БІЛІМ 
БЕРУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ 
ОҚЫТУДЫҢ СӘТСІЗДІГІ 
 
 
 
СӘТСІЗДІК 
 
Училище немесе техникумге даму мен дайындық деңгейі, мінезі 
мен құлықтары әртүрлі жас балалар мен қыздар келеді. Олардың оқуы 
да әртүрлі: біреулер барлығын бірден түсінсе, ӛзгелерге дәл сондай 
білім алу үшін бар күшін салу қажет. Бірақ жеткілікті тырысса, олар да 
бағдарлама материалын азды кӛпті қанағаттандырарлық деңгейде 
меңгере алады. Оқу орнында күші жетпейтін талаптарға тап болатын 
оқушылар да болады, ӛйткені оқыту бағдарламалары белгілі бір 
деңгейдегі психологиялық даму мен мектептік дайындығы бар орта 
таптық оқушыға арналған. 
Одан басқа, соңғы кезде мектеп бағдарламаларын қиындату, тым 
жүктеу 
тенденциясы 
байқалуда 
және 
сабақ 
үлгерімі 
мен 
мүмкіндіктеріне әсерін тигізуі мүмкін қандай да бір қиыншылықтары 
бар оқушы қиын жағдайға тап болады. Кӛптеген балалар үшін 
бағдарлама қарқыны мен кӛлемі шамадан тыс болып шығады. Сӛйтіп, 
түрлі зерттеулердің нәтижелері бойынша, жалпы мектеп жасындағы 
балалардың 15-тен 20%-на дейіні жалпы білім беретін мектептердің 
оқу материалын меңгеруде қиындықтарға тап болады. 
Мәліметке толы мектеп бағдарламасы қиындықты, сырқат 
бойынша сабақты ӛткізу мүмкіндігін, кӛктемдік шаршағандықты, 
еңбекке қабілеттіліктің ӛзгерулерін есепке алмайды, тоқтап, дем алуға, 
қандай да бір жағдайларға байланысты пайда болған білімдегі 
олқылықтарды 
толтыруға 
немесе 
жай 
жеткілікті 
деңгейде 
меңгерілмеген білімді бекітуге мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, 
жүйке-психикалық және соматикалық аурулардың, сондай-ақ жалпы 
үлгерімнің тӛмендеуімен байланысты функционалдық бұзылулар саны 
кӛбейеді. 
Оқушылар училище мен техникумда да барлық осы қиындықтардан 
құтыла алмайды. Бұл оқу орындарының бағдарламалары да 
қарапайымдықпен ерекшеленбейді, ал оқушыларға түсірілетін жүктеме 
мектептен кем емес. Одан басқа, қоршаған орта, әсіресе бірінші курс 
оқушысы үшін, таныс емес. Бірінші курс оқушысына жаңа ұжымда 
бейімделу, жаңа таныс емес пәндерге, оқытушылар мен олардың 
талаптарына дағдылану қиын, сондықтан оқыту орындарындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет