ынталандырады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
Техникалық оқу құралдары – бұл кӛрсетілуіне
арнайы техникалық
құрылғылар қажет ақпарат тасымалдаушылары.
Оларға кино мен видеофильмдер, фильм-үзінділер және т.б.
жатады. ТОҚ құралдарын қолдану оқушылардың
танымдық қызметін
ұйымдастыру мен мазмұнына және оны басқаруға едәуір әсерін
тигізеді.
Оқытушының оқыту үрдісіндегі
зор маңызына қарамастан, мұндай
жағдайда оның сӛздері ақпараттың негізгі кӛзі болудан қалады. Оны
кӛпшілік жағдайларда оқу компьютерлеріндегі
бағдарламалық
педагогикалық құралдарға енгізілген деректер мен білім қоры
алмастырады.
Сабақтағы ауызша сұрастырудың салыстырмалы үлесі азаяды:
оның едәуір бӛлігін оқушылардың бақылаушы машиналар мен емтихан
алушылармен жұмыс істеуі алмастырады.
Алайда мұның барлығы еш
уақытта оқу үрдісін басқарудағы оқытушының рӛлін тӛмендетпейді.
Оқу барысында оқушылар тек білім мен дағдыларды меңгеріп қана
қоймайды, сондай-ақ оларға оқытушының жеке тұлғасы зор ықпал
етеді, соның нәтижесінде олардың ӛмірге деген кӛзқарасы,
тәртіп
нормалары, мінезі қалыптасады. Алайда ТОҚ-ты қолданудың тиімді
жиілігі мен ұзақтығын сақтау керек: оқу киносы – аптасына 3-4 реттен
кӛп емес; фильм-үзінділер – сабақ кезінде 4-6 мин; диафильмдер,
слайдтар – бір ретте 12-15 кадр.
Техникалық оқу құралдарын ӛзге дидактикалық
оқу құралдарымен
үйлесімді және ӛзара байланыстырып қолдану керек. Оқытушы
пайдаланайын
деген
техникалық
құралдардың
дидактикалық
мүмкіндіктерін жетік біліп, оны қолдана білу керек.
Техникалық оқу құралдары оқушылар
мен оқытушының еңбегін
жеңілдетеді, оқушылардың шаршағандығын, әсіресе,
сабақ кезінде
айтылған мағлұмат кӛлемі үлкен болғанда, азайтады. Одан басқа, ТОҚ
үнемделген уақытты шығармашылық жұмысқа жұмсауға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: