ОҚУДАҒЫ СӘТСІЗДІК: ТАБИҒИ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Мектептегі сәтсіздікті туғызатын себептерді түсінбей тұрып,
оқушылардың психофизикалық мүмкіндіктері мен оқу және әлеуметтік
ортаның талаптарының арасындағы үйлесімсіздікті жоюға
бағытталған
психологиялық-педагогикалық шараларды құрастыру мүмкін емес.
Сәтсіздік себептерін түсінуге ғылыми тараптан қарау мен оларды
жеңудің алғашқы әрекеттері Ресейде XIX ғ. екінші жартысында
жасалған. Оқудағы қиыншылықтарды тудыратын факторларды зерттеу
келесі бағыттар бойынша жүргізілді: физиологиялық, дидактикалық
және психологиялық. Оқушылардың
оқудағы қиыншылықтарын
тудыратын әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және басқа
факторларды бірге қарастыратын кешенді зерттеулер біздің
проблеманы кӛруіміздің ең жақыны болып табылады. Егер сәтсіздік
себептерін тек оқушының жеке тұлғасын ескеру арқылы ғана түсіндіру
мүмкін емес, оларды оқытушы жұмысының әдістері мен
амалдарының
кемшіліктерімен түсіндіруге болмайды, ӛйткені оқушы оқыту-
тәрбиелеу үдерісіне белсенді қатысатын, оқытушы, оқу орны, орта әсер
ететін, толыққанды тұлға ретінде қатысады.
Оқуында қиыншылықтары бар тӛменгі сынып оқушыларын
зерттейтін психологиялық-педагогикалық жұмыстарды талдау
сәтсіздік этимологиясы органикалық бұзылыстар немесе жүйке
жүйесінің жетіспеушіліктерімен байланысты бірнеше «биологиялық
қауіптегі» балалар тобын белгілеуге мүмкіндік береді.
1. Интеллектуалды жетіспеушілігі бар балалар жеке топты
құрайды. Бұл термин интеллектуалды дамудағы кешеуілді де, түрлі
деңгейдегі ақыл-ой кемтарлығын да түсіндіреді.
Ақыл-ой кемтарлығы бар балалар жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламасын меңгере алмайды, ӛйткені олардың
жоғарғы жүйке процесстері ӛрескел патологиялық енжарлық тудырады
және олар түзету мектебіне ауыстырылу керек болады.
Бағдарламалық материалды меңгеруде қиындыққа тап болатын
тӛменгі сынып оқушыларының басым бӛлігін психикалық даму
бӛгелісі бар балалар құрайды. Бұл жағдайда
психикалық онтогенез
қарқынының бәсеңдеуі туралы айтылады, жиі интеллектуалды,
эмоционалды дизонтогенез, психикалық инфантилизм құбылыстары,
эмоционалды-еріктік сфераның жетілмеуі басым болады.
2. Келесі топты есту қабілеті бұзылған,
әсіресе мектеп жасына
дейінгі балаларды диспансерлеу кезінде жиі сараланбайтын,
кереңдіктің жеңіл деңгейі бар, тӛменгі сынып оқушылары құрайды.
3. Интеллектуалды білімін тест арқылы тексеру кезінде тӛмен баға
алуы мүмкін, бірақ бұл тӛмен бағалардың табиғаты осыдан бұрын
40
4.2.
айтылған ауытқуларға қарағанда мүлдем ӛзге, әлсіреген, не церебро-
астеникалық, балалар жеке топқа кірді. Бұл категорияның балалары
азырақ оқу жүктемесі мен сәйкес тәртібі оларға мектеп бағдарламасын
жақсы меңгеруге мүмкіндік беретін мектеп-шипажайларға
жіберілу
керек.
Аталмыш топтарға жататын тӛменгі сынып оқушылары түрлі
себептерге байланысты жалпы мектеп жағдайларында қиын жүзеге
асатын, арнайы түзетулер нормаларын қажет етеді.
Қарастырылған оқушылар топтары тоғыз сыныпты аяқтағаннан
кейін училище, техникум мен колледждерге мектепке түскен кезде де
болған проблемалармен келеді. Егер балаға алғашында мектепке тиісті
назар аударылмаса, онда оны оқу орнына қабылдау кезінде бұл фактіні
ескерген жӛн. Тек ескеріп қана қоймай, сондай-ақ оқушыға болашақ
мамандықты игеруге мүмкіндік бойынша барынша кӛмектескен артық.
Кәсіптік-техникалық училищелерге оқуға ӛтініш берген барлық
дерлік мектеп түлектерін қабылдайды.
Одан кейін мамандықтар
бойынша топтар құрады: токарлар, слесаршылар, фрезершілер және
т.б. Әрине, медициналық кӛрсеткіштер ескеріледі. Сӛйтіп, топ оқуға
кіріскенде ғана оқушылардың бӛлігі мамандықты игеруді айтпағанда,
орта мектеп бағдарламасын меңгере алмайтыны анықталады.
Осыдан
бастап қиыншылықтар туындайды. Мұндай оқушылар курстастарының
арасында кӛзге түсіп тұрады: олар ӛте тұйық не агрессивті, тым
белсенді не енжар болуы мүмкін. Мұндай оқушыларды бақылай
отырып, олардың шамадан тыс, әрқашан мақсатты емес қимыл
белсенділігіне бейім екенін кӛруге болады. Оқу барысында олардың
кейбіреуінде бұрын болмаған мінез ерекшеліктері пайда болады немесе
мінезінің кейбір ӛзгешеліктері күшейе түседі,
мінез-құлқы оғаш,
түсініксіз бола бастайды. Оқытушының міндеті мұндай оқушылармен
жұмыс істеудің жаңа амалдарын тауып, оларға оқудың негізгі
дағдыларын меңгеруге кӛмектесу болып табылады.
Мұнда осындай оқушыларға арнап оқыту бағдарламасын түзету
әдісін, оқыту стандарты мазмұны бойынша минималды талаптар
қойылған топ құру әдісін қолдануға болады. Оқыту барысында түзету
іс-шараларын ӛткізу керек, бірақ бұл психологтың міндеті болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: