32
жалпы белгілі риторикалық тәсілді қолданудан, яғни көпшілікке
шағымдану арқылы туындайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
Ресей сот шешендігіне әртүрлітиптегі
шешендер ұсынылды, олар:
эмоционалды және дәртті Ф.Н.Плевако, логикалық ақылгөй А.Ф.Кони,
тапқыр және философиялық ойлаушы В.Д.Спасович, романтикалық
С.А.Андреевский, парадоксалды Н.П.Карабчевский және тағы басқалары
болды.
Адвокат Ф.Н. Плевако
(1842-1908)
Сот шешендігінің данышпаны
Ф.Н.Плевако
Сот
шешендігінің
тарихында
Ф.Н.Плевако ерекше орын алады. XIX ғ
оның даңқы қоғамның барлық жерін
баурап алды. Нақты сол туралы
көптеген
аңыздар мен тарихи оқиғалар
сақталған. Көбісі Ф.Н Плеваконы еңбек
жолын өзінің білімдарлығы мен
ізденімпаздығының, ісіне тиянақтылығының арқасында уәкілетті
әділқазының көмекшісінен адвокаттық шеберлікке дейін көтерілді.
Көз суырардай көркі жоқ, үні үңгірдің түбінен шыққандай күңгірлей
естілетін, ал тіл тиегін ағытқаннан дүлдүл сойлы ділмарлығы,
тапқыр
ойлы шешендігі, әр сөзін айқын қолданып, қадап айтатын
адалдығы жұртшылықты өзіне баурап, сана-сезімін біржола жаулап
алатын ол ақтаушыға қажетті ең негізгі үш қасиет – «иландыру,
тебіренту, кешірім бергізу» тетіктерін еркін меңгере білген еді деп
бағалайды әріптесі А.Кони.
Плевако ешқашан да соттағы ақтау
сөзіне алдын ала жазып
дайындалмаған, қандай сипаттағы дау-дамайға кез болса да «еңіске
салса – төске озған, ертеден салса – кешке озған» ойға алғыр, сөзге
жүйріктігімен тайпалып, кез келген іске заңдылық пен әділет алдында
баршаның тепе-теңдігі туралы қағидат өресінен төрелік айта тұра,
жосынды жазадан ізгіліктің, кісіліктің
ғұрпын алға оздырған, ақтау
сөздерінде қоғамдық жүйенің құқықтық-моральдық ұстанымдарын
жегідей кемірген жемқор шенеуніктерді, ынсапсыз дінбасылары мен
озбыр полицейлерді,
қара халық, қалың бұқараны теспей сорып
отырған жер иеленушілер мен өндірісті меншіктенушілерді аяусыз сынап,
батыл әшкерелеген. Б.С Утевский Плеваконы өзінің естелігінде былай
деген: «әдемі айналыстардың, каскадтардың, қатты сөздердің, адвокаттың
айлакерлік іс-әрекеттері мен тапқыш қылықтардың шебері деген.
Плевако - тектік заңгер. Оның стилі шын мәнінде ерекше болған,
өзінің жіңішкелігінде таңғаларлық шиеленісті және ықпалды болған. Ол
33
сөз қатудың керемет тәжірибесін иемденген. Үшкір, ойлық, тапқырлық
қарсыласының назарын аудара білу, тыңдарман
аудармашыны салалы
үлгілермен көміп тастау. Міне, осының бәрі Плеваконың сөз сөйлеуінде
болған. Плеваконың бір замандасы оның тұлғасы туралы былай деген:
«Ол эпикалық тыныштылығының шыңынан ең жоғарғы пафоспен
лирикалық поэзиядан еркін өтіп кетуші нағыз шешен» деп айтқан.
Плевако өзін тындап отырған тыңдармандардың нақты жүрегіне соққы
бере алатын, адамның ойына келмейтін күш және адамдардың
жүректеріне глаголдық от жағатын ақын жан.
Федор Плевако өзінің тәжірибелік заңтану қызметін Мәскеу округтық
сотында концеляриялық құжаттарды ақысыз толтырумен бастаған.
Кейіннен сенімді сот алқа отырысының мүшесі М.И.Доброходовтың
көмекші лауазымы на ие болды, ал 1870 жылдың 19 қыркүйегінде Федор
Никифорович өзі Мәскеу сот палатасының сенімді алқа отырысының
мүшесі болып тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: