Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет15/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

ққҚдайындық 
Грамматика 
Стилистика 
Дикция 
Жалпы орындарды оқып білу 
Сөз сөйлеуді стилистикалық өңдеу 
Риторикалық санаттардың ілімі 
Риторикалық практиканың сараптамасы
Қазіргі заман үлгілерінің еліктеуі
Өзіндік практика 
 
 
Өзіндік практика 
Сөз сөйлеу және ой кейіптерінің бөлінуі 
Диалогқа қосылғандық 
Нақты сөз сөйлеуге дайындық тәртібі, тақырыпты 
таңдау, материалдарды жинақтау және сараптау, 
ойлап табу, орнықтыру, сөз қату 
Сөз сөйлеудің сегіз бөлімі бойынша дәйектеме 
Риторикалық тапсырмаларды шешу 
Сөз қату 


29
§ 4. Талқыламалы-полемикалық сөз
аясының құқықтық шығармашылық
және құқықты қолдану тәжірибесіндегі 
ең маңызды құрылымдары
Әрбір 
тараптардың 
қатысу мақсаты, 
олардың 
міндеттері; 
айыптаушы тезисі және ақтау тезисі. Соттағы сөздің функциясы, 
нысаны және мазмұны. Ресейдегі сот риторикасы көркеюінің 
мазмұны және шарттары, себептері. Ресейдегі сот шешендік сөз 
тарихынан қысқаша ақпарлар. 
Аристотель мен Квинтилианнан кейін шешендік сөздің ежелгі 
үш түрін, М.В.Ломоносов Ресейде соттық тарату болған емес деп атап 
көрсеткен. Осындай жағдай 1864 жылғы сот ісіне жаңа қағидаттар 
енгізген реформаға дейін болып келгенін тағы да айта кету өте жөн. 
Істі тыңдау ашық бола бастады, процеске прокурорды, адвокатты 
және алқа мәжіліскерлерінің (маманданбаған судьялар) кіргізілді. 
Мұны біз сол заманның атақты жазушысы Л.Н.Толстойдың 
«Жексенбі» немесе А.Н.Толстойдың «Қасіретте қадам жасау» атты 
әдеби шығармаларынан нақтырақ көруімізге болады.
Сот көпшіліктің жиын отырыстық жеріне, прокуратура мен 
қорғаушы шендерінің ұрыс даласына айналды. Аты шулы сот 
процестері өз отырыстарына көпшілік әлеуметті тартты, сондай-ақ 
баспасөз беттеріне де жарық көре бастады.
XVII-XIX ғасырда орыстың В.Д.Спасович, К.И.Арсеньев, 
К.Ф.Хартулари, Ф.Н.Плевако, А.И.Урусов, П.А.Александров,
В.И.Жуковский, П.Я.Пассовер, С.А.Андреевский, Н.П.Карабчевский, 
А.Ф.Кони секілді сот шешендерінің ғажап плиядасы шықты.
XVII-XIX ғасырдағы орыс риториктері дәстүрлі түрде құрамына 
сот 
шешендігінің 
негіздері 
қаралатын 
тарауларды 
қосқан. 
Митрополит Макарийге қарасатын (XVII ғасырдағы) «Риторикада» 
сот шешендігі келесі кейіпте айқындалған: «Род судебный есть же 
описует брани, как сопротивные двух суперников на суде речения», 
яғни «Сот тегі дегеніміз бұл балағаттарды суреттейтін, соттағы екі 
қарсыластардың бір-біріне деген сөздері». Осы «Сот тегінің» жанрлық 
әркелкілігі бойынша «риторикаға» «айыптау», «балағаттау», 
«кемсіту», «жала жабу», «бағындыру немесе кінәсін жеңілдету»-лер 
қосылған. 
Сондықтан да XIX ғасырға дейін өз мөлшерінде белгілі заңгер-
шешенді немесе жалпы айтқанда қаншалықты болсын сауатты 
заңгерді атауға мүлдем мүмкін емес. Өзгеше айтқанда соңғысы 
таңқаларлықтай жайт емес, егерде мысалға Петр дәуірінде қандай 
соттар болғандығын еске алсақ: «Өрескел адамдар, өрескел әдептілік 
нақты сотты әркім өзінікін айқайға салып бір-бірін тыңдамастан 
шулап жатқан базарға айналдырған».
«Барлық ынтасымен және орынды сыйымен» сотқа кедергісіз 
кіре беретін челобитчиктерге заң бекерге рұқсат еткен. Соттардың 


30
өздері бір-бірін бересе борсаңдаған пілнеме, анаңмен қарғыс атқан 
ұры неме деп дауыстап балағаттап жататын. 
Әрине, сот құрылысының сот нысаны сот шешендігінің 
спецификасын айқындайды. XIX ғасырдың бірінші жартысында 
декабрист М.С.Лунин айтқан: «орыс сот ісін жүргізуі түнекте 
басталып, үнсіздікте созылып, жасырын, көбіне әрекеттегі жақтардың 
бірінің келісімінсіз және зілдей қажетсіз қағаздармен аяқталады. Іс 
үшін сөйлейтін ақтаушылар жоқ, оқиғаны бекітетін алқа билер жоқ, ең 
маңыздысы сот билігіне ие болушыларды ұстап қалып, ағартып және 
бағыттайтын жариялық жоқ» деп көрсеткен. 
19-шы ғасырдың 60-шы жылдарындағы реформамен жағдай 
толығымен өзгеріп, абзалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
земдік, крестьяндық және әскери реформалардан қарағанда ең 
қолайлы батыл шара болды. Сот реформасының бастамасы 1864 
жылғы «Сот жарғысына» сәйкес құрылған сот алқа билері мен 
ақтаушылардың мекемесі болды. «Сот жарғысының» құрылуларының 
жылдықтар түрінің бірінде Ф.Н.Плевако «жарғылар судьялардың 
және прокурорлардың карьералары үшін емес, олар Ресейде 
шындықты орнату үшін» деген. 
Ресейде сот реформасын енгізгеннен кейін бірқатар жарқын
қызыл тілді сот шешендік саңлақтар тобы алға тартылды, олар: 
П.А.Александров, СА.Андреевский, Н.П.Карабчевский, А.Ф.Кони,
А.В.Лохвицкий, 
Ф.Н.Плевако, 
В.Д.Спасович, 
А.И.Урусов, 
Н.П.Шубинский және тағы басқалары.
Сот құқығының тарихшысы Г.А. Джаншиев «бірден жаңа таныс 
емес сот ісін жүргізу формаларын игерген және сот ісі мен соттық 
білімді жетілдіре алатын осыншама дарынды, білімді және адал 


31
адамдар қайдан пайда болды» деп таңғалған.
Таза заңды аспектіні сөз қылмай сот алқа билерін, оның 
құқықтық спецификасы жөнінде келесілерді атап өту жөн: «...заң 
бойынша айыпталушыны қылмыстық істі жасағаның емес, істеген 
әрекеті үшін кінәлі ма деп сұрауымыз керек екенін ұмытпау керек».
Алқа билер сотында іс бойынша басты жағдайлар бойынша ең 
маңыздысы болып айыпталушының жеке басының мейірімді және 
жаман 
қасиеттерін, 
адамгершілік 
бейнеттерін 
және 
оның 
мұқтаждықтары мен сынақтары табылады.
Жалпы орыс сот шешендіктерінің тарихынан сот шешендерінің 
екі типі бөлінеді, олар: роционалдық тип (А,Ф.Кони, П.Н.Обнинский, 
В.Д.Спасович) 
және 
эмоционалдық 
тип 
(Ф.Н.Плевако, 
Н.П.Карабчевский, С.А.Андреевский) деп бөлді. Ф.Н.Плевако 
«Логика логикамен, бірақ дегенімен төрелікті адам жүзеге асырады 
және дәлелдеу әлі сендіру емес», бірінші кезекке сот сөзін 
тыңдаушыларға эмоционалдық әсер етуді алға тартқан.
Сөзссіз, көптеген риторикалық сот шешендерінің тәсілдерін тура 
аудару мүмкін емес. Дегенімен, бірқатар ерекшеліктер бар, бұл сол 
кездегі сот шешендіктерін сипаттайды, біздің күндерімізге дейін өз 
өзектілігін жоғалтпаған.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы заңгерлердің жоғарғы 
мамандық деңгейі сөзді сөйлеу, меңгеруіне, ауызша және жазбаша сөз
сөйлеулердің шеберлігімен байланысты болған. Әйгілі заңгерлердің 
сөздері аяқталған көркем шығармалар есебінде қабылданды.
Осындай тақырыптағы «адвокаттық сөз шеберлігі» мәселен: 
«Құрметті алқа отырысының мүшелері, әлбетте ол қандай әйел 
болмақ еді, егер өзінің күндесін бауыздамағанда!» немесе «Құрметті 
алқа отырысының мүшелері, айтыңыздаршы қайсысың өте қатты 
қысылған кезде нәрестені терезеден тастамайсыздар?» және т.б., сот 
шешендерінің қарастырып жатқан сөз сөйлеулерінің нақтылығына, 
қарапайымдылығына және де айқындылығына төтеп беруі қажет, 
сөздің риторикалық көрнектілігінен бұрын логикалық дұрыстығы өте 
қажет дегенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет