Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Бұл - сот риторикасының мәні



Pdf көрінісі
бет13/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Бұл - сот риторикасының мәні 
Жалпы сот риторикасы ғылымының атасы деп жоғарыда 
айтылғандай ежелгі грек ғалымы Аристотельді сондай-ақ Рим ғалымы 
Квинтилианды да атаймыз.  
Квинтилианның риторика туралы жазған еңбектерінің бірі ол 
«риторикалық тәлім жайлы он екі кітабі». 
Квинтилиан және оның «риторикалық тәлім жайлы он екі кітабі» 
Марк Фабий Квинтилиан
(35-96 б.э.)
 
Көптеген сот риторикасын оқып 
білгісі келген адамдар Квинтилиан 
есімімен 
кездеседі, 
ол 
туралы 
қызылтілділік 
ғылымын 
зерттеген 
бүгінгі күн немесе өткеннің, теоретиктер 
немесе практиктері өз еңбектерінде 
сілтеме жасайды. Бүгінгі күнде риторика 
туралы мыңдаған кітаптар жазылғанда, 
әрбір өзін сыйлайтын жоғары оқу орны осы пәнді міндетті немесе 
таңдамалы компонент есебінде кіргізіп жатқанда әмбе, барлық 
білімгерлердің оқып білуі үшін, ал жоғары оқу орындарындағыларға 
дейінгілер осы ғылымды бесіктегі жастан кіргізіп жатқанда, біздерге 
ритордың қалыптасуы және тәрбиесіндегі Квинтилианның рөлі туралы 
сауал маңызды деп ойлаймыз. Мәселе біздің елімізде осы аталған 
антикалық автордың еңбектері бүгінгі күнге дейін мәліметтік вакумде 
тұрғандығы болып отыр. Шындығына келгенде, қандай Квинтилианның 
қауырсынымен жазылған еңбектерді оқи алатындығымызды анықтап 
алайық. Егерде оқулықтардың соңында бізге ұсынылатын әдебиеттер 
тізіміне қарасақ тек қана 1834 жылы Санкт Петербургте баспаға шыққан 
«риторикалық тәлім жайлы он екі кітабін» қана көре аламыз. Міне, 
жақында Ресейде бұл кітап қайта басылмағанына 200 жыл болады екен, ал 
көптеген ғылымның қайнар көздерін сол Ресейден сарқып алып жатқан 
еліміздің авторлары туралы айтудың да қажеті шамалы деп ойлаймыз. Кім 
ойлаған десеңізші, біздің елде филология ғылымына деген қызығушылық 
қашанда ерекше болып тұрғанда, себебі тек қана қазақ тілі әдемі сөз 
сөйлеу үшін жаратылған, өзгелерді айтпағанда және соған біздерді 
мектепке барғанша үйретеді. Ұмытпау керек кеңес өкіметі заманында 


26
риторика буржуазиялық ғылым есебінде саналып барынша қудалауға 
түсті, осыған байланысты Квинтилианның кітабін қайта басылымға 
шығару туралы ойда болған емес, бірақ та шешендік өнерге арналған 
Аристотель мен Цицеронның еңбектері басылымға шығып жатса да 19-шы 
ғасырдың бірде-бір ақындары, жазушылары, саясаткерлері және заңгерлері 
осы қызылтілділіктің ең ғанибет кітабін керек етпеген, бұл кітап риторика 
туралы антикалық кезеңнің барлық кітаптар ішіндегі толық және 
мазмұндысы, біздің заманымызға дейін келіп жеткен күштісі деуге болады. 
Енді осы кітаптың құпиясына назар аударып не туралы екенін түсініп 
көрейік. 
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, 
Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп 
кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік есім болды. 
Өз мектебінің тәжірибесі және антикалық дүниенің педагогикалық 
ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан «Шешеннің тәрбиесі 
туралы» алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір 
жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды. Квинтилиан адам 
табиғатының оның дамуындағы ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін 
қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берген, балалардың 
табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, ерте жас кезінің өзінде 
қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән 
келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері – есі, тез 
және дәл қабылдауы және қабылдағанды ойда ұзақ сақтау, балада 
еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы) сонымен қатар тәрбие арқылы көп 
нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді. 
Квинтилиан Рим қоғамының, билігінің жоғары деңгейіндегі жанұя 
тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасиеттерін 
және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынаған болатынды, жеке 
тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны 
үшін ата-аналарға ескерту жасады. 5-тен 7 жасқа дейін Квинтилиан 
Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның 
айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті – ана тілін және 
грек тілін, әуелі грек тілін содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды 
мадақтап отыруға кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа 
шақырып отыруға, марапаттардың қажеттігін айтты. 
Рим риторы балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға 
әдістемелік кеңестер беріп отырған. Ол оқыту үрдісін көрнекті құралдар 
арқылы өткізуге ерекше мән беріп, оқытуда біржүйелік және бірізділік 
қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер ұдайы беріп отырған. 
Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс 
ырғағы және интонация, мәнерлі сөз, мимика қажет деген болатынды. 
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау 
екенін, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. 
Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу 
мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне тоқталды, оқытуды 


27
теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып құру 
керектігіне мән берді. 
Педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика 
мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды 
тәрбиелеудің талаптарын бір жүйеге келтірген алғашқы арнаулы 
педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады. 
Енді бірінші жолда Квинтилианның риторика оқытушысы болғаны 
үшін үкіметтен мемлекеттік жалақы алып отырған тәжірибелік шешен 
болғанын айта кеткен жөн. Сол үшін де оның жеке тұлғасы сый-құрметке 
тұратындай-ақ, өйткені мұндай педогогикалық жетістікке жету қай 
заманда да жоғары тұрады. Оқытушылар теориямен жиі-жиі, тым қатты 
айналысып кететіндігі соншалық, қызылтілділікке оқыту барысында 
тәрбиеленушілердің білімдерін практикада қолдана алатын білім көздерін 
75%-ға ұғына алмайтындығын байқамайды. Риторикада білгендік аз – оны 
және қолдана білу қажет. Осындай кезде ақын болып туады, ал шешен 
болып қалыптасады! – деген Цицеронның сөзін қалай еске алмайсыз.
«Демосфеннен ештеңені алып тастауға болмайды, ал Цицеронға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет