Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


§ 1. Тұрақтандырылған мойындау



Pdf көрінісі
бет85/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

133
§ 1. Тұрақтандырылған мойындау.
Сотта сөз сомдаудың бастамасы:
кіріспе, теза, бөлу 
Сөз сомдаудың басында 
үш бөлім көрсетілген олар 
тақырыптың кіріспе, теза 
және 
бөлінуі, 
олар 
ритордың этикалық кейіпін көрсету мақсатында біріктірілген. Кіріспе сөз
жайлы сөз сомдау болып табылады, өйткені мұнда ритордың тыңдаушы 
дәрісхананы нақты жағдайда, нақты сөз сомдаумен өзіне қаратуының 
негізі көрінеді. Сөйлем сөз сөйлеудің тар мағынадағы бастамасы болып 
табылады, себебі сөйлем бір сөзге дейін жиыстырылған сөздер, ал оны 
тезада ашқанда автордың ойының мағынасы ашылады. 
Бөліну тұжырымдардың мазмұнын көрсетеді, ол кейіннен ашылады 
және мәселелердің қаралу ретінде көрініс табады. 
Осыған байланысты сөз сомдаумен бастамасы сөйлеу 
конструкциясы секілді этикалық мағынаға ие болады: этикалық ритор 
тыңдаушы дәрісхананы бағыттап, өзінің позициясын көрсете отырып
тыңдарманға көзқарасы мен ұсынылған тұжырымдамалардың жүрісін, 
деңгейін айқындайды. Сөз сомдаудың басындағы этикалық мазмұн 
жауапкершілікті бөлу нұсқауларында айқындалады. Диалог жүргізу 
шарттары бойынша сөз сөйлеуші тыңдаушыға маңызды ақпаратты беруге 
міндетті, ол ақпараттың маңыздылығы мен сөздің орынды болуына 
жауапты. Тыңдаушы болса бұл шарттарға сөйлеушінің сөзіне толық назар 
аударумен жауап береді. Егер тыңдаушы маңызды мазмұнды жіберіп 
алса, ол өзінің немқұрайлығы үшін толық жауаптылықта болады. Сол 
себепті сөз сомдаумен басы тыңдаушының назарын баяндаманың 
мазмұнына аударуға және сонымен қатар оның көпшілік алдындағы сөз 
сөйлеудің көптүрлі шарттарын жеңілдете отырып құрылуы тиіс: сөздің 
бастамасы бойынша оның мазмұнының маңыздылығын айтуға болады 
және тыңдаушы оны қабылдау немесе бас тартуға құқылы. Адал ритор 
өзінің ұсынғаны бойынша жүруге тиіс, құрылымның бірізділігі этикалық 
маңызға ие. Ал этикалық тыңдаушы риторды оның сөзімен қабылдап, 
ритордың сөзіне еріп және айтылған ой туралы қорытынды жасауы 
қажет. Жауапкершілікті бөлу қағидасына тыңдаушы дәрісхана мен 
ритордың өзара қарым – қатынасы негіз болады.
Кіріспе бірінші айтылады немесе оқылады, ал құрастырылған 
жағдайда соңында айтылады, бұл мағынада ол ритор үшін сөз сөйлеудің 
ең қиын бөлімі болып табылады. Кіріспенің сипаты аудиторияның 
құрамына, оның көңіл күйіне, орналасуына, сөз сапталуына және 
шешеннің жағдайына байланысты болады, әсіресе егер сөз ауызша 
айтылса. Ішкі түйсік, тәжірибе, әдептілік сезімі бұл жерде маңызды рөл
ойнайды. Кіріспе жиі суырыпсалма түрінде болады, сәтсіз суырып-салма 
ойлар бүкіл сөз саптауды құртып жіберуі мүмкін, бірақ риторға кіріспе 
құрылысының ережесін білуі көмегін тигізеді. 
Біріншіден, тіпті сәтсіз кіріспеде де, егер ол қысқа болса, халықтың 
риторға қызығушылығы сақталады және қателікті түзетуге болады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет