Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет93/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

142
§ 5. Синтетикалық
дәйектердің құрылымы
орналасады; 
3.Айғақтың саны шектеулі, бірақ олар тізбектес қатарларды 
құрастыра отырып қостана біледі;
4.Ритор түйіндерді амплифицирлеуге тырыспайды: түйіндер 
неғұрлым қысқа және айқын болса, соғұрлым сенімді болады
5.Күштi дәләлдер шектеледі, ал әлсiздері бiрiгедi; 
6.Бірқатар жалпы түйіндермен қамтылып отыратын дәлелдер 
комплекс- терге топталады; 
7.Тезаның мазмұны бірқалыпты болып қала береді, ал дәйектер 
тезамен және өзара толығынан сыйымды болуы үшін жинақталады. 
8.Түйіндердің саны емес, күші мәнді; 
9.Тіктік дәйектің құрылымы тек мәселелерді талқылау үшін ойға 
сыйымды, себебі олардың шешім қабылдау мүмкіншіліктері шектеулі 
және тыңдарман дәрісханаға белгілі. Бұл дегеніңіз, тыңдарман 
дәрісхананың мәселе бойынша құзырлығы соншалықты, керек десеңіз 
өзі дербес бағалай алатын шешім бағытына нұсқау беруі жеткілікті 
немесе мәселе бірқалыпты және оңай екендігі соншалықты, оны сәтті 
түсіну үшін дұрыс ойлана білудің өзі жеткілікті.
Синтетикалық 
дәйек 
құрылымының 
ерекшеліктері 
мыналар:
1.Ритор сөйлемді максималды кеңінен талқылауға ұмтылады, 
сондықтан да теза мазмұны дәйек бойынша ұлғаяды.
2.Негіздеуде тек қана әртүрлі дәлелдер қана емес, сонымен қатар 
әртүрлідәйектер де қолданылады эпидейктикалық, соттау және 
кеңістік, құрылымының бөлімдері бойынша бөліп таратылады немесе 
дәлелдеу құрылымына қосылады. 
3. Дәйектер синтетикалық құрылымда біріккенде тек қана жалпы 
тәртіпте емес, сонымен қатар жалпы тұжырым болуы мүмкін. Осы 
тәсіл бойынша біріккен талқылау және пікір алмасу кезіңдегі 
мағыналық қатынас қалыптасады.
4. Синтетикалық құрылым әртүрлідеңгейдегі иерархиялық 
топостарға алып келуге мүмкіндік береді, шептік қалыптасуда 
көптеген қиыншылыққа әкеп соғадыжәне де сонымен қатар әртүрлі 
деңгейдегі келісімдерге және әр тектегі дәрісханамен келісімге жетуге 
мүмкіншілік береді.
5. Синтетикалық құрылымда ереженің дәлелдеу шамасына 
бірнеше топостар қолданылуы мүмкін, сондықтан да шешен сөйлеу 
тәсілін негізгі дәлелдеу топосымен басып айта алады.
6. Синтетикалық құрылымның кемшілігі оның күрделілігі болып 
табылады, жақсы синтетикалық негіздеу жоғары ойлау және сөйлеу 
мәнерінің шеберлігін талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет