90
Ж.Ж.Дантон, М.Робеспьер және де басқалар секілді шешен-
якобинстердің шығып сөйлеу стильдерін айқындады. Ж.Мараттың сөз
сөйлеуіндегі от жалыны жалпыға белгілі.
Мұны мойындау есебінде
1792
жылғы Конвенттегі мінберден айтылған, «Қылмыстық
заңдылықтың жоспары» атты саяси-заңдылық баяндаманың үзіндісін
келтіруге болады:
«Бұл қалай? Оқырмандардың талқысына ашық көрсетіліп қойылған
және шығарылған көзқарастар қылмыс есебінде қарастырылуы мүмкін бе?
Әрине олай емес, керек десеңіз олар жалған болған жағдайда да, тек жай
қателік деп қарастырылуы қажет. Егер олар ойсыз жазылған болса, олардың
авторларын соқыр немесе ессіз деп санайды. Қараңғыға тек сатқындар
тығылып, келіспеушіліктерін ойларын тоқиды, ешқашан арам ойлылар өз
теорияларын шатырға шығып жарияламайды. Мен өз көзқарасымды талқыға
салсын деп көпшілік алдына жайып салдым. Егер олар қауіпті болса, менің
дұшпандарым мойындамай көрсін. Олар сол көзқарасымның қаперсіз әсерін
менің басыма төнген қатыгездіктің семсерімен емес, тіл қату арқылы жойып
көрсін» деген екен.
Цицеронның шешендік кейіпінің ұлғаюы (құмарлық, жоғары
дыбыстық,
риторикалық
айла-тәсілдерінің
қоюлануы)
артында
Собоннаның заң факультеті және аты-шулы сот процестері бар
(Виссерияны қорғау) М.Робеспьердің де барлық жариялы сөйлеулерінде
айқын ілімді көрінеді:
«Азаматтар, мен керемет болашақтықты
сіздерге өзгеше ашық көрсетуді ұсынамын: және мен істің ақиқаттық
жайті туралы пайдалы мәліметтерді сіздерге хабарламақпын... Мен
отанымызды құрдымға сүйреуші, теріс қылықтарды ашпақпын; тек
сіздердің шыншылдықтарыңыздың көмегімен мұны жоюға болады.
Барлық осы күнге дейінгі революцияда болып жатқандықтың мақсаты,
бар болғаны әулиеттің алмасуы немесе биліктің бір адамнан бірнеше
адамдарға өтуі. Француз революциясы - бұл адамның құқығы туралы
және әділеттік қағидаттарының теориясына негізделген бірінші
революция делінген (Конвенттің отырысындағы сөзден алынған).
Достарыңызбен бөлісу: