КЕЙБІР ФИЗИКАЛЫҚ ТЕРМИН СӨЗДЕРДІҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ
Абсолют деформация. Деформацияланған дененің өлшемін немесе қалпын сипаттайтын шамалардың соңғы және бастапқы мәндерінің айырымы.
Абсолют қара дене. Өзіне түскен барлық электрмагниттік толқындарды түгелімен жұтатын дене.
Абсолют сыну көрсеткіші. Вакуумдағы жарық жылдамдығының белгілі бір ортадағы жарық тың фазалық жылдамдығына қатынасына тең сол ортаның оптикалық сипаттамасы.
Абсорбция. Қатты дененің немесе сұйықтың ертіндіден немесе газ қоспасынан затты көлемді жұтуы.
Адиабата. Термодинамикалық диаграммада тепе-теңдіктегі адиабаталық процесті бейнелейтін сызық.
Акустика. Физиканың дыбыс толқындарының генерациялануын, таралуын және затпен өзара әсерлесуін зерттейтін бөлімі.
Акцептор. Қоспамен немесе топтастырылумен шартталған электрондарды қармаушы жартылай өткізгіштердің кристалдық тордағы ақау.
Альфа-бөлшек. Кейбір радиоактивті заттар бөліп шығаратын гелий атомының ядросы.
Альфа-сәуле. Альфа-бөлшек ағыны түріндегі радиоактивті ядро сәулеленулерінің түрі.
Альфа-ыдырау. Радиоактивті ядроның альфа-бөлшекті өздігінен бөліп шығаруы.
Амперметр. Элеткр тогының күшін өлшеуге арналған құрал.
Ангстрем. Атомдық физикада қолданылатын 10-10 метрге тең ұзындықтың жүйеден тыс бірлігі.
Аннигиляция. Бір-бірімен соқтығысқан кезде бөлшектің және оған сәйкес антибөлшектің басқа бөлшекке түрлену процесі.
Анод.1.Электр ток көзінің оң полюсі.
2. Құралдың ток көзінің оң полюсімен жалғанған электроды
3. Электролидтік астаудың оң полюсі.
4. Электр доғасының оң электроды.
Антинейтрино. Нейтриноға қатысты антибөлшек болатын бейтарап элементар бөлшек.
Атмосфера. 1. Жер және басқа кейбір планеталарды қоршаған газ
қабықшасы.
Атомдық спектр. Кванттық өту кезінде еркін атомның энергия деңгейі арасындағы пайда болатын жұту немесе шығару спектрі.
Достарыңызбен бөлісу: |