Гальванометр. Аз токтарды, кернеуді және электр мөлшерлерін анықтауға арналған электр өлшегіш сезімталдығы жоғары құрал.
Гамма-квант. Үлкен энергиялы электрмагниттік өріс кванты.
Гамма-сәулелену. Толқын ұзындығы 10-10 м аз қысқа толқынды электрмагниттік сәулелену.
Гамма-ыдырау. Гамма-сәулелену пайда болатын ядролық процесс.
Генри. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі индуктивтіліктің бірлігі.
Гравитация. Массасы бар кез келген денелер арасында болатын өзара тартылыс.
Деформация. Сыртқы әсерлер немесе ішкі күштер нәтижесінде қандай да бір объект конфигурациясының өзгеруі.
Диамагнетик. Диамагнетизм байқалатын зат.
Диоптрия. Оптикалық жүйе мен линзаның оптикалық күшінің бірлігі.
Диэлектрик. Электр тогын нашар өткізетін зат.
Жарықтың аберрациясы. Бақылаушының жарық көзіне қатысты қозғалуы салдарынан жарық сәулесі бағытының өзгеруі.
Изотондар. Нейтрондар саны бірдей, бірақ электр зарядтары әр түрлі атомдар ядросы.
Изотоптар. Атом ядросындағы протондардың саны бірдей, бірақ нейтрондар саны әр түрлі химиялық элементтің әр түрлілігі.
Инвариант. Қасиеттері сипатталатын санақ жүйесінің белгілі бір түрлендірулері кезінде өзгеріссіз қалатын объектінің қасиетін сипаттайтын сан немесе функция.
Инварианттылық. Физикалық шарттар өзгерген кездегі физикалық шамалардың өзгеріссіз қалуы.
Инерция. Денеге сыртқы әсерлер берілмегенде немесе өзара теңгерілгенде дененің инерциалды санақ жүйесіне қатысты өзінің қозғалыс күйін өзгеріссіз сақтау қасиеті.
Интенсивті параметрлер. Термодинамикалық жүйе массасына тәуелсіз термодинамикалық параметрлер.
Инфрадыбыс. Адамға естілетін жиілік облысынан төменгі жиілікті серпімді толқындар.
Ион. Атом және молекула электрондарды жоғалтқанда немесе қосып алғанда құралатын электрлі зарядталған бөлшек.
Ион-электрондық рекомбинация. Оң ионның еркін электронмен бейтарап атом немесе молекула құрай қосылуының элементар актісі.
Достарыңызбен бөлісу: |