Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020


Атом. Химиялық элеменеттің қасиетін ұстай алатын оның ең кіші бөлігі. База



бет52/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Атом. Химиялық элеменеттің қасиетін ұстай алатын оның ең кіші бөлігі.


База. Эмиттер және коллектор p-n өту арасындағы аумақпен электрлік байланысты қамтамасыз ететін жартылай өткізгішті құралдың электроды.
Барион. Жарты бүтін спинді және массасы протонның массасынан кіші емес элементар бөлшек.
Батарея. Бірігіп әсер көрсету үшін бірыңғай жүйе құрайтын бірнеше бір типті құралдардың немесе құрылғылардың жиынтығы.
Беккерель. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі радиоактивті нуклид активтігінің бірлігі.
Бета-бөлшек. Бета-ыдыраукезінде атом ядросышығаратын электрон немесе позитрон.
Бета-сәулелер. Бета-ыдырау кезінде атом ядросы шығаратын бета-бөлшектер ағымы.
Бета-ыдырау. Атом ядросының, радиоактивті түрленуі кезінде ядроның электрондар және антинейтринолар бөліп шығаруы. 
Билинза. Когерентті жарық шоғын алуға арналған құрал. 
Бипризма. Жарықтың когерентті шоғын алуға арналған құрал.
Бозон. Нольдік немесе бүтін сандық спинді бөлшек немесе квазибөлшек.
Бор радиусы. Сутегі атомындағы ядроға жақын электрондық орбитаның радиусы.
Брюстер бұрышы. Диэлектриктен шағылған жарық толық поляризацияланатын түсу бұрышы.
Вакуум. Қысымы атмосфералық қысымнан едәуір төмен газ күйі.
Ватт. Қуаттың өлшем бірлігі.
Ваттметр.  Электр тізбегіндегі актив қуатты өлшеуге арналған құрал.
Варикап. Электрон-кемтіктік өтудің өзіне түсірілген кернеуге тәуелді өзінің сыйымдылығын өзгертетін қасиетін пайдалануға болатын жартылай өткізгішті диод.
Вебер. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі магнит ағыны мен ағыс тіркесінің бірлігі.
Вискозиметр. Сұйықтар мен газдардың тұтқырлығын өлшеуге арналған құрал.
Вольт. Халық аралық бірліктер жүйесіндегі электр кернеуінің бірлігі.
Вольтметр. Электр кернеуін өлшеуге арналған құрал.
Газ. Бөлшектері өзара әсерлесу күштерімен әлсіз байланысқан және өзіне берілген көлемнің барлығын ала отырыперкін қозғалатын заттың агрегат күйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет