Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет54/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

КалориметрҚандай да бір физикалық процестерде бөлініп шығатын немесе жұтылатын жылу мөлшерін өлшеуге арналған құрал.
Камертон. Өлеңде және музыкалық аспаптарды күйге келтіру кезінде дыбыс жоғарылығының эталоны ретінде қоданылатын дыбыс көзі-құрал.
Кандела. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі жарық күшінің бірлігі.
Катион. Оң зарядталған ион.
Катод. 1.Электрондардың көзі ретінде қолданылатын теріс электрод.
2. Электр ток көзінің теріс полюсімен жалғанған құрал электроды.
3. Электр ток көзінің теріс полюсі.
Квазистационар ток. Өте баяу өзгеретіндігі соншалық, әрбір уақыт мезетінде ол үшін тұрақты ток заңы орындалатын электр тогы.
Квазисерпімді күш. Нүктенің тепе-теңдік күйден ығысу бағытына қарама-қарсы және пропорционал материалдық нүктеге әсер ететін күш.
Когеренттілік. Қосылған кезде пайда болған бірнеше тербелмелі немесе толқындық процестердің кеңістікте және уақыт бойынша үйлесімді өтуі.
Конвекция. Сұйықта, газда немесе сусымалы ортада зат ағынымен жылу тасымалдау.
Консервативті күш. Жұмысы, түсу нүктесінің бастапқы күйінен соңғысына дейін өтетін жолға тәуелсіз күш.
Корпускула. Классикалық физикадағы бөлшек.
Коэрцитивті күш. Бастапқыда қанығуға дейін магниттелген ферромагнитті үлгі толығымен магнитсізделетін магнит өрісінің кернеулігі.
Лармор прецессиясы. Айналу осі бағыты бола алатын, біртекті магнит өрісін жүйеге қабаттап салған кезде пайда болатын, бірдей зарядталған бөлшектердің бүтін жүйесі ретіндегі қосымша айналуы.
Лептондар. Күшті өзара әсерлесулерге қатыспайтын элементар бөлшектердің жалпы аты.
Люкс. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі жарықталыну бірлігі.
Люмен. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі жарық ағынының бірлігі.
Магнетик. Барлық заттарға олардың магнитік қасиеттерін қарастырған кезде қолданылатын термин.
Магнетон. Атомдық және ядролық физикада қолданылатын магниттік моменттің өлшем бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет