Еңбекақы түрлері Негізгі



бет34/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Экономика предприятия лекция

Жобаны сараптау. Жобаны іске асыру алдында оған сапалы, білікті сараптама жүргізіледі. Егер жобаны стратегиялық инвестор қаржыландыратын (нақты және қоржынды инвестиция) болса, онда инвестор өзіне қызмет ететін консалтингтік фирманың көмегімен өзі сараптама жүргізеді. Өйткені инвестор жобаны жүзеге асыру кезінде қаражатты жоғалтудан гөрі, білікті мамандар қызметіне жүгініп қаржы жұмсауды жөн деп санайды.егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз қаражатынан жүзеге асыруды жоспарласа да жоба тұжырымдамасының дұрыстығын тексеру үшін сараптама жасау қажет.

  • Жобаны жүзеге асыру кезеңі бизнес-идеяның дамуынан бастап объектіні пайдалануға бергенге дейінгі ауқытты қамтиды. Мұнда барлық қызмет түрлерінің орындалуын қадағалауды мемлекеттік реттеуші органдар, шетелдік немесе отандық инвесторлар жүргізеді. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – негізгі кезең болып табылады, оның негізгі мақсаты – бастапқы инвестицияны өтеу және инвестордың жұмсаған қаражатын қайтару үшін жобадан түсетін ақша ағындарының жеткіліктілігін анықтау.

  • Нәтижелерді бағалау кезеңі жобаның соңында, оны орындау барысында жүргізіледі. Оның мақсаты болып жобаға салынған бизнес-идеяның оны нақты іске асыру арасындағы нақты байланысты алу табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны жасаушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды және оны басқа жобаларды жүзеге асыруда қолданады.




    1. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі

    Жобалардың тиімділігін бағалау және оларды қаржыландыруға іріктеуге қатысты әдістемелік рекомендацияда мына төмендегілер бөліп көрсетіледі:
    - Коммерциялық-қаржылық тиімділік;
    - Бюджеттік тиімділік;
    - Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған капитал салымдарының экономикалық тиімділігі.
    Жобаның коммерциялық тиімділігі (қаржылық негіздеу) қаржылық шығындар (Қш) және нәтижелердің (Қн) арақатынасымен анықталады:
    Кт(к.т) = Кн/Кш Нт
    Кәсіпорынның инвестициялық, операциялық және қаржылық қызметі нақты ақшаның (Ана) түсімі (Тақ) мен қайтуы (Қақ) ағымын есепке ала отырып анықталатын коммерциялық тиімділіктің негізін құрайды:
    Ана = Тақ – Қақ
    Кәсіпорынның инвестициялық қызметінен түсетін нақты ақша ағыны негізгі капиталға (негізгі өндірістік қор мен материалдық емес активтерге) және айналымдағы капиталдың (айналымдағы өндірістік қорлардың/қаржылардың) өсуіне жұмсалатын капитал салымдарымен байланысты шығынның барлық түрін қамтиды.
    Операциялық қызметтен түсетін нақты ақшаның таза ағыны өндіріс шығынын, амортизация, несие, салық пен алымдарды қоса есептегендегі өнімді сатудан түскен кіріс пен шығыстың барлық түрлерін қамтиды. Бұған өткізуден тыс кірістер де жатады.
    Қаржылық қызметтен түскен нақты ақша ағыны акциялармен, демеу қаржымен, қысқа және ұзақ мерзімді несиемен, олардың өтелуімен және дивиденттердің төленуімен байланысты нақты ақшаның түсімі мен кетуін (жылыстауын) қамтиды.
    Бюджеттік тиімділік мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың кірісі мен шығысының арақатынасы арқылы анықталады. Мұндайда бюджет тиімділігі жобаны жүзеге асырудың кірісі мен шығынының айырмашылығы ретінде анықталады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет