Еңбекақы түрлері Негізгі


Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін



бет39/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Экономика предприятия лекция

Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін

Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:

  1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).

  2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.

  3. Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары:

  1. Қоймадағы дайын өнімдер.

  2. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.

  3. Есептеулердегі ақша құралдары.

  4. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары;
Айналым капиталы.
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттарды да қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін — тауарлы-материалды қор құрайды:

  1. шикізат;

  2. материалдар;

  3. аяқталмаған өндіріс;

  4. дайын өнім;

  5. тауарлар.

Тауарлы-материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады.
Себептері:

  1. Тауарлы-материалды қор берілгендері жоғалған кезде;

  2. Олар ескірген кезде;

  3. Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.

Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
ТМҚ өткізу таза құны=болжамды шамамен
құрылған сатубағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы-материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы — бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

  • Өндірістің маусымдылығы;

  • Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;

  • Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.

Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д (2)
мұнда Р - материалдардың ортакүндік шығыны;
Д - айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д=Т+С+М+Ф+П (3)
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:

Н= (В/Д)*Т*К, (4)


мұнда В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі,тенге;
Д - кезеңдегі күндер саны (90);
Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;
К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;
Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:

K=C/П (5)


мұндағы, С - аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;
П - бұйымның өндірістік құны.
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.

Н=П+Р-С (6)


мұнда П - болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;
Р - келесі жылдың болашақ кезең шығыны;
С - келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.
Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н=(B/Д)*Т (7)
мұнда В - өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі;
Д - кезеңдегі күн саны (90);
Т - дайын өнімге айналым құралының мөлшері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет