Еңбектің өнімділігі және еңбек қызметінің қарқындылығы.
•
• 1. Еңбектің өнімділігі – бұл өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі, яғни өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
•ЕӨ = ӨК/У; мұнда
• ӨК- өнімнің көлемі (шығарылғандығы);
• У- жұмсалған уақыт.
• Өнімнің еңбек сиымдылығы еңбек өнімділігінің көлеміне кері қатынасы:
•ӨЕС = У/ӨК;
• Еңбектің тиімділігі келесі топтарға бөлінеді:
• 1. экономикалық;
• 2. психофизиологиялық;
• 3. әлеуметтік.
• Қазіргі экономикалық теорияда жұмысшының еңбек шығындары еңбектің ұзақтылығы мен қарқындылығына қарай анықталады
Загрузка…
•Еңбектің ұзақтылығы – бұл еңбек заңдылықтары аясымен, сондай-ақ, адам организмінің психофизиологиялық мүмкіндіктерімен шектелген жұмыс уақытының аралығы. Еңбек қарқындылығы оның қиыншылықтарын ескере отырып уақыт бірлігінің ішінде жұмсалған еңбек шығындарының мөлшерімен анықталады:
• ЕҚ = ЕШ/УШ; мұнда
• ЕШ – еңбек шығындары;
• УШ – уақыт шығындары.
• Еңбектің өнімділігі мен қарқындылығының өзара байланысы келесідей тұжырымдалған: «Еңбек процесі неғұрлым ұзақ болса, жұмыскер соғұрлым шаршай түседі және жұмыс уақытының қабілеттілігі азаяды және, егер жұмыстағы қозғалысты азайтып, бос уақытты көбейтсе керісінше болады». Еңбектің қарқындылығы еңбектің сапалық құрамдас бөлігі болып қарастырылады. Еңбек қарқындылығының деңгейі неғұрлым қалыпты нормаға жақын болса сол еңбек қолдануға да жақын болады деп есептелінеді
•. Еңбек қарқындылығы мен өнімділігі— бұл өзара байланыстағы және өзара қызмет көрсететін категориялар. Еңбектің өнімділігі қазіргі, сондай-ақ, өткендегі еңбектің тиімділігін анықтаса, еңбек қарқындылығы тек жанды еңбектің қазіргі кездегі тиімділігін анықтайды.
•
Достарыңызбен бөлісу: |