Еңбекақы түрлері Негізгі


Айналым құралдарының айналымдығы



бет41/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Экономика предприятия лекция

Айналым құралдарының айналымдығы

Айналым қорын тиімді пайдалану оның айналымдылық көрсеткіштерімен өлшенеді. Айналым қорының айналымдылығы дегеніміз – қордың өндіріс пен айналымның жеке кезеңдерін тізбектеп өту ұзақтығы.
Айналым қорының айналымдылығының келесі көрсеткіштері қолданылады:

    1. айналымдылық коэффициенті;

    2. айналым құралын жүктеу коэффициенті;

    3. бір айналымның ұзақтығы.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының орташа қалдығын көтерме бағада сатылған өнімнің көлеміне қатынасына тең:

Кайн = Өс / Қорт (1)


Мұндағы, Кайн – айналым қорының айналымдылық коэффициенті, айналым;
Өс – сатылған өнім көлемі, тг;
Қорт – айналым қорының орташа қалдығы, тг.
Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қорының белгілі кезең ішіндегі (жыл, тоқсан, ай) жасаған айналым саны немесе айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы сатылған өнімнің көлемін көрсетеді. Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым қорының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің осы көлеміне аз айналым қорының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.
Айналым қорын жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым қорының сомасын көрсетеді:

Кжүк = Қорт / Өс (2)


Мұндағы, Кжүк – айналым қорының жүктеме коэффициенті.
Айналым қорының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы қордың (капиталдың) аты айтып тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым қорының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:

Т күн = С / Кайн (3)


Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
С – кезеңдегі күн саны (360, 90, 30).
Ал шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және т.б. қорын талдау, жоспарлау және бақылауды ұйымдастыру мақсатында қор көлемін күн есебінде мына формуламен анықтаймыз:

Ткүн = Қі / Ші (4)


Мұндағы, Ткүн – күн есебіндегі қор көлемі;
Қі – натуралды өлшем бірліктегі қажетті ресурс түрінің (і) қоры;
Ші – сол өлшем бірліктегі қажетті материалдың (і) орташа күндік шығыны.
Әрбір кәсіпорында қордың орташа мөлшері мәліметтер екі датаға берілген жағдайда орташа арифметикалық әдіспен және мәліметтер үш және одан да көп датаға берілген жағдайда орташа хронологиялық әдіспен анықталады.
Қорды басқару жағдайын бағалау үшін олардың айналымдылығын күн және рет есебінде мына формулалармен анықтаймыз:

Тайн = Σ Ā / Шкүн (5)


Мұндағы, Тайн - күн есебіндегі айналымдылық;
Σ Ā – белгілі бір кезең ішіндегі орташа тауар қоры, сомада;
Шкүн – сол кезең ішіндегі бір күндік шығын, сомада.

Трет = Vсат / Σ Ā (6)


Мұндағы, Трет – рет есебіндегі айналымдылық;
Vсат – белгілі кезең ішіндегі сатылған көлем;
Σ Ā - сол кезең ішіндегі орташа қор.
Орташа айналымдылықты есептеу дегеніміз – бірдей бағадағы қордың орташа көлемінің сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы.
Күн есебіндегі айналымдылық көлемі ликвидтік көрсеткіштің бірі болып табылады, яғни ол қордың ақшаға айналу жылдамдығын анықтайды.
Айналым қорының айналымдылығы азайған сайын немесе сол сатылған өнімнің көлеміндегі олармен жасалған айналымдылық саны артса, айналым қоры соғұрлым аз қажет болады, және керісінше, айналым қоры көп айналым жасаған сайын, оларды пайдалану соғұрлым тиімді болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет