Еңбекақы түрлері Негізгі


ТАҚЫРЫП 3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ



бет40/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Экономика предприятия лекция

ТАҚЫРЫП 3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Дәріс жоспары (4 сағат)
Дәріс 2

  1. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер

  2. Айналым құралдарының айналымдығы

Әдебиеттер:нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәріс мақсаты болып кәсіпорынның айналым құралдарының айналымдылығын анықтайтын көрсеткіштерді және айналым қорын тиімді пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштерді қарастыру. Айналым құралдарының айналымдығын жылдамдатуға әсер ететін факторларды талдау.
Кілттік сөздер: Айналым қорын жүктеу, айналымдылық коэффициенті, коэффициенттік әдіс, тікелей есептеу әдісі, сараптамалық немесе тәжірибелік статистикалық мөлшерлеу әдісі.



  1. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі айналым қорының айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Оған мынадай жолдар арқылы қол жеткізіледі:



    1. өндірістік қордың қалыптасу кезеңінде – қордың экономикалық негізделген нормасын енгізу; шикізат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар және тағы да басқалардың жабдықтаушыларын тұтынушыға жақындату; жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы тікелей байланысты ұзақ, кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін кеңейту, сондай-ақ көтерме сауданы материалдар мен жабдықпен қамтамасыз етуді жетілдіру; қоймадағы арту-түсіру жұмыстарын кешендік механикаландыру, автоматтандыру.

    2. Аяқталмаған өндіріс кезеңінде – ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату (аз қалдықты және қалдықсыз прогрессивті техника мен технологияны енгізу); стандарттауды, унификациялауды, типизациялауды дамыту; өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру, анғұрлым арзан құрастырғыш материалды пайдалану; шикізат пен отын-энергетикалық ресурсты үнемді пайдалануды экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; жоғарғы сұранысқа ие өнімдердің үлес салмағын арттыру.

    3. Айналыс кезеңінде – өнімді тұтынушыларды, оларды дайындаушыларға жақындату; есеп айырысу жүйесін жетілдіру; тікелей байланыс бойынша тапсырыстарды орындау, өнімді мезгілінен бұрын өндіру, үнемделген материалдан өнімді өндіру арқылы өнімді сату көлемін арттыру.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет