Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата15.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1765-1-4244-1-10-20211213

тахсил әс-Саьада» (
صحت باتك
ي
ل
ةداعسلا
– 
Бақытқа жету жайында), «Китаб әт-Танбиһ 
аләә сәбил әс-Саьада» ( ةداعسلا ليبس ىلع هيبنتلا باتك
– Бақыт жолын сілтеу) деп аталатын 
трактаттары да дәйек бола алады. Осы 
трактаттарында әл-Фараби: «Егер адамның 
өмір сүруінің мақсаты бақытқа – ең жоғарғы 
кәмелетке жету болса, онда ол қабілетіне 
қарай соған жеткізетін нәрсенің бәрін алуы 
тиіс» десе, енді бірде: «Адамдардың барлығы 
бірдей жаратылысынан бақыт ұғымын және 
басқа да білуі тиіс нәрселерді біле бермейді. 
Ол үшін оған ақылгөй ұстаз әрі тәлімгер 
керек», – деген ой түйеді. Ал енді бірде: 
«Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы 
бақытқа жету болатын болса, ол бақыт 
дегеннің не екенін біліп, кейін оны өзінің 
мұраты етіп, соған ұмтылуы қажет» деп талап 
қояды. Осылайша әл-Фараби: «Адамның 
алғашқы ақылмен пайымдалатын нәрселерге 
қол жеткізуі – оның алғашқы кемелдікке 
жетуі деген сөз. Өйткені ол бұларды 
кемелдіктің ең соңғы сатысында қолданады. 
Міне, бақыт – осы» деген тұжырым жасайды.
Түйіндеп айтсақ, әл-Фараби ахлақтық ізгілік-
тердің төрт түрі болатындығын алға тартады. 
Олар: «әл-Фадаил ән-Назарийа – ةيرظنلا لئاضفلا» 
(теориялық ізгіліктер), «әл-Фадаил әл-Фикрийа
ةيركفلا لئاضفلا» (ой-пікір, интеллектуалдық 
ізгіліктер), «әл-Фадаил әл-Ахлақийа – لئاضفلا
ةيقلاخلأا» (этика, мораль, адамгершілік қасиеттер), 
«әл-Фадаил (ас-Синаьаат) әл-Илмийа
– لئاضفلا
ةيملعلا )تاعانصلا(» ғылыми-өнеркәсіптік ізгіліктер 
(өндірістер). Осы аталған ізгіліктер әл-Фараби 
трактаттарындағы түпкі негізгі идея іспеттес. Әр 
шығармасында аталған ізгіліктер, адами жоғары 
құндылықтар мұсылмандық дүниетаным аясында 
насихатталып, дәріптеледі. Осы орайда, ислам 
дінінің де түпкі өзегі барша адамзат баласына 


79
Ы.М. Палтөре 
іске асырып, оны барынша қоғамдық-саяси 
өмірге бойлай кіргізу дейді. Платонның осы бір 
ойына әл-Фараби керағар пікір айтып, «Қайы-
рымды қаланың» көркейіп, дамуына адам-
дардың практикалық іс-әрекеттері мен ізгілікті 
ойлау қабілеті басшылыққа алынуының қажет-
тілігі баяндалады. Әл-Фарабидің мемлекет 
жөніндегі теориялық құрылымында әділдіктің, 
қайырымдылық пен әдемілік заңының негізінде 
құрылған қала-мемлекет жүйесін көпшілікке 
түсінікті болу үшін адам денесінің мүшелерін 
мысал ретінде олардың әрқайсысы өз қызметін 
атқаратындығымен 
байланыстыра 
талдап 
түсіндіретіндігін байқаймыз. Нақтырақ айтсақ, 
«Китаб фусул әл-мәдани – يندملا لوصف باتك» атты 
трактатында: «...дененің басты-басты мүшеле-
рінің әрқайсысының қызметі басқа мүшенің 
қызметінен өзгеше, ал бұл мүшелердің әрқай-
сысының бөлшектері, дененің сол бас мүше-
сінің мақсатына жету үшін өздерінің алуан 
түрлі қызметімен бір-біріне көмектеседі. Одан 
кейін басты-басты мүшелердің әр түрлі мақсат-
тары бір-бірімен ұштасқанда, олардың әр алуан 
қызметтері бүкіл дененің мақсатына жетуге 
бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Үй 
бөлшектерінің үйлерге қатынасы қандай болса, 
үйлердің қалаға қатынасы да сондай, сөйтіп 
дене мүшелері қалай біріксе, қаланың барлық 
бөлшектері бірге қосыла келе қалаға пайда 
келтіреді және өздерінің (игілігін) өзара 
бірлесіп сақтау үшін де пайдалы болады», (Әл-
Фараби, 1975: 209) – деген тұжырым жасайды. 
Егер біз Платон, Аристотель мен әл-Фара-
бидің өмір сүрген замандарына ой жүгіртіп 
қарайтын болсақ: құл иеленуші антик заманын-
дағы философтар бір-біріне бағынбайтын, гре-
кия полистерінде өмір сүрсе, олардан мың 
жылдан кейін орта ғасырларда өмір сүрген әл-
Фараби заманы қарамағына бірнеше мемлекет 
пен этникалық тұрғыдан әртүрлі халықтарды 
бір тудың астына біріктіре алған Араб хали-
фаты кезеңіне тұспа-тұс келген болатын. Осын-
дай тарихи кезеңде өмір сүрген әл-Фарабидің 
өзіндік дүниетанымының қалыптасуына «екі 
әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өрке-
ниетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениеті» 
(Әл-Фараби) айтарлықтай ықпал еткені ақиқат.
Әл-Фарабидің ахлақ (этика, мораль) 
негізінде қалыптасқан саяси көзқарастары, 
ой-тұжырымдары – парасаттылық пен ізгі-
ліктің, адамгершілік пен қайырымдылықтың, 
махаббат пен сүйіспеншіліктің шегіне жеткен 
қала-мемлекетті адамзатқа ұсынумен байлас-
тыруға болады. Негізі әл-Фарабидің пікі-
рінше, ахлақтың (мораль, адамгершіліктің) 
мақсаты – бақытқа жету. Басқаша айтқанда, 
«әл-Фарабидің этикасының ең жоғары 
категориясы – бақыт, өйткені басқа бірдеңе 
үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік 
және ең жоғары игілік осы бақыттың бойында 
шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен 
этика, жалпы философиялық құрылым және 
оның практикалық мағынасы осы шеңберде 
ұштасады...», (Әл-Фараби, 1975) – деуге бола-
ды. Бұлай деуімізге әл-Фарабидің «Китаб 
тахсил әс-Саьада» (
صحت باتك
ي
ل
ةداعسلا
– 
Бақытқа жету жайында), «Китаб әт-Танбиһ 
аләә сәбил әс-Саьада» ( ةداعسلا ليبس ىلع هيبنتلا باتك
– Бақыт жолын сілтеу) деп аталатын 
трактаттары да дәйек бола алады. Осы 
трактаттарында әл-Фараби: «Егер адамның 
өмір сүруінің мақсаты бақытқа – ең жоғарғы 
кәмелетке жету болса, онда ол қабілетіне 
қарай соған жеткізетін нәрсенің бәрін алуы 
тиіс» десе, енді бірде: «Адамдардың барлығы 
бірдей жаратылысынан бақыт ұғымын және 
басқа да білуі тиіс нәрселерді біле бермейді. 
Ол үшін оған ақылгөй ұстаз әрі тәлімгер 
керек», – деген ой түйеді. Ал енді бірде: 
«Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы 
бақытқа жету болатын болса, ол бақыт 
дегеннің не екенін біліп, кейін оны өзінің 
мұраты етіп, соған ұмтылуы қажет» деп талап 
қояды. Осылайша әл-Фараби: «Адамның 
алғашқы ақылмен пайымдалатын нәрселерге 
қол жеткізуі – оның алғашқы кемелдікке 
жетуі деген сөз. Өйткені ол бұларды 
кемелдіктің ең соңғы сатысында қолданады. 
Міне, бақыт – осы» деген тұжырым жасайды.
Түйіндеп айтсақ, әл-Фараби ахлақтық ізгілік-
тердің төрт түрі болатындығын алға тартады. 
Олар: «әл-Фадаил ән-Назарийа – ةيرظنلا لئاضفلا» 
(теориялық ізгіліктер), «әл-Фадаил әл-Фикрийа
ةيركفلا لئاضفلا» (ой-пікір, интеллектуалдық 
ізгіліктер), «әл-Фадаил әл-Ахлақийа – لئاضفلا
ةيقلاخلأا» (этика, мораль, адамгершілік қасиеттер), 
«әл-Фадаил (ас-Синаьаат) әл-Илмийа
– لئاضفلا
ةيملعلا )تاعانصلا(» ғылыми-өнеркәсіптік ізгіліктер 
(өндірістер). Осы аталған ізгіліктер әл-Фараби 
трактаттарындағы түпкі негізгі идея іспеттес. Әр 
шығармасында аталған ізгіліктер, адами жоғары 
құндылықтар мұсылмандық дүниетаным аясында 
насихатталып, дәріптеледі. Осы орайда, ислам 
дінінің де түпкі өзегі барша адамзат баласына 
жоғары адамгершілік деңгейіне жетуге нақты 
бағыт-бағдар беретіндігін еске сала кету орынды 
болар деген пікірдеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет