84
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша ...
Ұлы ойшыл өзіне дейінгі Платон мен Арис-
тотельдің зерттеулері сыртқы көріністе әр түрлі
болғанымен мақсатта – бір деген тұжырым
жасайды. Әбу Насыр әл-Фараби өзі өмір сүрген
сонау ортағасырларда адам тәрбиесіне ерекше
мән беріп, тәрбиелеу дегеніміз –
халықтардың
бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер
мен практикалық өнерлерді дарыту деген сөз
дейді. Отандық
фарабитанушы зерттеуші ға-
лымдардың бірі А.Көбесовтің: «Фарабиге
дейінгі «ғылым пайғамбарлары» (Аристотель-
дің өзін қоса) теорияны эксперимент, тәжірибе
арқылы тексеру, жөндеу мәселесін шешпек
түгіл мардымды түрде айтқан да емес»
(Көбесов, 2004: 30) деген тұжырым жасаған.
Дегенмен де кейбір батыстық философтар,
мысалы Е.Ж. Розенталь: «... «мұсылманның
саяси философиясы»,
оның этика-эстетикалық
және басқа да ойлау жүйелері толықтай
«Платон мен Аристотельден алынған», ал әл-
Фарабидің «ұлы еңбегі» ол тек «екі өркениеттің
(эллиндік-грек ойлары мен ислам қағидалары)
кемел ойларын бір арнаға
тоғыстыратын ортақ
негіз жасай алды». Платондық және ислам
ойларын бойына сіңірген қайырымды қоғамның
басшысын жасап шығару арқылы әл-Фараби
исламның саяси философиясына үлкен үлесін
қосты» (Розенталь, 1953: 157-159)
деген пікір
айтқан. Ал басқа батыстық ғалымдар шоғыры:
Платонның «Заңдарымен» әл-Фараби жақсы
таныс болғандықтан, оның негізгі мазмұнын тек
«жеткізуші» (Журнал
ближневосточных иссле-
дований, 1961) деп баға берген.
Осы мақалада талқыға түскен трактатта әл-
Фараби Платонның айтқан сөздерін жинақ-
таушы, жеткізуші ретінде көрініс табады. Қолда
бар қолжазбаларды негізге ала отырып зерттеп
қарағанда аталмыш трактатта Платонның 383
даналыққа толы ақыл-кеңестері топтастырыл-
ғандығы анықталды.
Қолжазбаның кей нұсқа-
сында мұндай ақыл-кеңестер арнайы тақырып-
тарға бөлініп берілгендігі белгілі болды. Біз бұл
туралы алдағы зерттеу мақалаларымызда
арнайы айтатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: