83
Ы.М. Палтөре
( ِحَص
َب (а) ةَبْحُص) етістігінің көпше түрдегі
болымсыз түрі. Етістіктің болымсыз түрі «
Ләә –
َلَ» харфы (көмекші сөзі) арқылы жасалған.
Трактаттың қолда бар қолжазба нұсқаларының
бәрінде де осы үлгіде басталады. Бір айта
кететіні тек Иранда сақталған екі нұсқада
жоғарыда берілген сөйлемнің асты сызылған
«
минһум – مُهْنِم» деген соңғы бөлігі кездеспейді.
4-сурет – Nuruosmaniye koleksiyonu 2598 нөмірлі нұсқаның алғашқы және соңғы беті
5-сурет – Дарул Кутуб 183 Ахлақ Теймур 4785 /М нұсқасының алғащқы беттері.
Алғашқы бетінде: « ـه 339 يفوتملا يبارافلا رصن يبلأ قلاخلأاو بادلأا باتك» деген жазба бар
Тарактаттағы келесі сөйлем: «
َبْقَأ اَذِإ :َلاَق َو
ْتَل
ْلا ِتَمَدَخ ْتَرَبْدَأ اَذِإ َو َلوُقُعلا ُتا َوَهَّشلا ِتَمَدَخ ُةَل ْوَّدلا
وُقُع
ُل
َّشلا
ِتا َوَه » (
Уа қалә:
Изәә ақбәлат әл-дәуләту
хадумат әш-шәһәуаату әл-ьуқуулә уа изәә
әдбәрат хадәмәт әл-ьуқулә әш-шәһәуаат) .
Қазақша мағынасы: «Егер мемлекет дамып,
ілгерілесе, шаһуат-қалау, құмарлықтар ақылға
қызмет етеді. Ал егер (мемлекет) кері кетсе,
онда ақыл шаһуат-қалау, құмарлықтарға қызмет
етеді». Осы сөйлемдегі «
әқбәләт – ْتَلَبْقَأ» етістігі
қазақ тілінде шығу, алға жылжу деген мағынада
қолданылады. Жоғарыдағы мәтін ішінде мем-
лекет алға жылжып
дамыса деген мағынамен
қатар, егер кімнің қолында билік те, байлық та
барлығы болса деген мағынаны да түсінуге
болады. Аудармада «мемлекет» сөзін түпнұсқа
мәтіндегі «
әд-Дәуләту – ُةَل ْوَّدلا» сөзінің қазақ
тіліндегі баламасы ретінде алып отырмыз. Осы
орайда, қолжазбаның кейбір нұсқаларында «
әд-
Дәуләту – َّدلا
ُةَل ْو » сөзінің орнына «
әл-Мәмләкәту
– ُةكَلْمَمـلا» сөзі қолданылғандығын да айта кету
орынды болар. Бұл сөздің араб тіліндегі мағы-
насы патша басқаратын мемлекет мағынасында.
Жоғарыда айтылған мәтінде «
әд-Дәуләту – ُةَل ْوَّدلا
– мемлекет» сөзі сұлтан, патша ел билеуші
немесе лауазым, мәртебе мен байлық
мағыналарын да өз ішіне қамти алады. Басқаша
айтқанда, адам жанының жаратылысы, дүниені
иемденіп, дәулет
пен байлыққа қол жеткізсе,
көп жағдайда жаратқан Иеге шүкіршілігін
азайтып, пендешілікке салынады. Құдайын
ұмытып, тіпті Оны сырт айналып, Құдай
тағаладан алыстап кетеді. Ал жағдайы нашар
болып, үй-күйі болмай көшіп-қонып, тұрмысы
төмен болып жүрсе, жаратқан Иеден жақсылық
үміт етіп, Оны әрдайым есінде сақтайды. Бұл
адамзат баласына ортақ қасиет деуге болады.
Өз заманында
Платон адам жанының таби-
ғатын сипаттай келе егер адам байлықта және
молшылықта өмір сүрсе, ол көп жағдайда бедел
мен жоғары қабілеттілік ретінде бейнелейді;
Бұл оның қалауларға қарсы тұру қабілеті
төмендеп – көп жағдайда ол өз тәуелсіздігінен
айырылады. Осыдан кейін оны бағыттайтын да
жетелейтін шаһуат-қалау, құмарлықтар болады.
Себебі ақшаға деген құмарлық ондай адамды
оны көбейтуге итермелейді, ал ақша жинаудың
адами жағы теріске шығарылса,
ақшаға деген
құмарлық адамның өмірін басқарады да ол адам
тыйым салынған іс-әрекеттерді еркін орындауға
дейін жетеді. Байлығы артқанша қандай әрекет
болса да жасауға барады. Байлық үшін жасал-
ған қылмыстық іс-әрекеттердің түрлі сылтау-
лары табылады. Ал егер адамның тұрмыстық
жағдайы төмендеп, кедейленіп, дүниенің сән-
салтанаты одан сырт айналатын болса, оның есі
жиылып, Жаратқан Иеге бет бұрып тәубесіне
келеді.
Осы орайда, қасиетті Құран Кәрімдегі:
«Расында, адам баласы сабырсыз етiп жаратыл-
ған. Қашан, оған жамандық (кедейшілік, қиын-
шылық) жетсе, ол өте сабырсыздық қылады. Ал
қашан оған жақсылық (бақ пен дәулет, бақыи
пен билік) жетсе, ол өте қайтарушы-өте
сараң»*
4
болады деген мағынадағы аят еске
түседі. Түйіндеп айтқанда, Платонның осы бір
тұжырымды ойы ислам дінінің ұстанымдарына
қайшы келмейді деуге болады.
Трактаттағы келесі сөйлем «
و
ََ
اوُرِسْقَت َلَ :َلاَق
.ْمُكِناَمَز ِرْيَغ ٍنَمَزِل َنوُقوُلْخـَم ْمُهَّنِإَف مُكِباَدآ ىَلَع ْمُكَد َلَ ْوَأ» (
Уа
қалә:
Ләә тақсируу Әуләдәкум ьаләә Әәдәбикум,
фәиннәһум махлуқуунә ли зәманин ғайри
зәмәникум). Қазақша мағынасы: (Платон): «Ба-
лаларыңды өз өмір салттарыңа мәжбүрле-
меңдер. Себебі олар сендердің замандарыңнан
басқа бір заман-кезең үшін жаратылған» деп
айтты.
Осы сөйлемдегі «
тақсируу – اوُرِسْقَت» етістігі
қазақша мәжбүрлеу; жек көру; күшпен әрекет
етуге мәжбүрлеу деген мағыналарды білдіреді.
Жоғарыдағы мәтінде осы етістіктің болымсыз
түрі қолданылған.
Мәтіндегі «Әбәәб – باَدلآا – әдеп» сөзі қазақ
тілінде де жиі қолданылады. Десек те мәтінде
өмір сүру салты, мінез-құлық ұстанымдары
меңзеледі.
Платонның пікірінше, әр адам өзі
өмір сүретін ортаға бейімделуі қажет.
Сондықтан ата-ана баласын өз заман аясында
емес, келешекте баласы өмір сүретін ортаға
бейімдеп дайындау керектігі туралы кеңес
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: