Бақылау сұрақтары
Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы.
Гормондардың жіктелуі, олардың қасиеттері.
Буйрек үсті безі және оның қызметі.
Гипофиз, онын кұрылысы және гормондары.
Гипоталямо-гипофизарлық жүйе. Гипофиздін баска ішкі секреция бездерімен аракатынасы.
Ұйқы безі мен жыныс бездерінің ішкі секрециялык кызметтері.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8
КӨБЕЮ (ҮРПАҚТАНУ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Ұрықтану – бұл аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылу нәтижесінде, жаңа ағзаға бастама беретін зиготаның түзілуі.
Ұрықтану – бұл сперматозоидтың жұмыртқа клетканы тыныштық жағдайынан ояту процессі. Сонымен ұрықтан екі негізгі қызмет атқарады:
Жыныстық (ата-аналарының гендерінің комбинациясы)
Репродуктивті (жаңа ағзаның пайда болуы)
Ұрықтану негізгі 3 процесске негізделеді:
Дистанттық кезеңі, яғни жыныс клеткасының қосылуына дейінгі процесс (гаметалардың сапалық бақылауы).
Контактты, яғни гаметалардың бір – біріне соқтығысу процессі (гаметалардың сандық бақылауы)
Жыныс клеткасындағы генетикалық материалдардың алмасуы.
І. Дистантты кезеңі – жыныс клеткасының бір – бірімен кездесу мүмкіншілігіне бағытталған. Бұл жағдайда жыныс клеткалар аттрактантты заттар бөледі, яғни сперматозоидтар андроген-1, андрогамон-2 молекулаларын шығарады,ал жұмыртқа клеткасы гиногамон-1, гиногамон-2 молекулаларын шығарады. Судағы сперматозоидтардың концентрациясы төмен болады немесе жұмыртқа клеткасының нақты өзінің түрімен ұрықтану қиынға әкеледі. Сондықтан эволюция барысында 2 механизм қалыптасады:
спермийлердің түрлік байланысы
олардың активациясы
Бірінші механизм хемотаксис арқылы өтеді, яғни жұмыртқа клеткасы бөлетін заттардың концентрациясы жоғары болатын жағына қарай сперматозоидтардың жылжуы.
Сүтқоректілерде ұрықтану жұмыртқа түтігінің жоғары бөлігінде өтетіндіктен, реотаксис құбылысы байқалады. Яғни, сперматозиодтардың жатыр түтігінің сұйықтығына қарсы жылжуы.
ІІ. Контактты кезеңі бірнеше этаптан тұрады:
А
Сутегі иондарының сыртқа босап, орта ның өзгеруі
Актиннің полимерицезі және акросомдық өсіндінің пайда болуы
кросомдық реакцияға түрткі болатын механикалық жағдайлар (сперматозиодтың жұмыртқа клеткасының беткі қабатымен соқтығысуы немесе ішкі ортада жасанды түрде Са иондарын жоғарлату). Сперматозоидтарда акросомдық реакция басталуына жұмыртқа қабатындағы сульфидтелген полисахаридтер түрткі болады.
Сперматозоидтардың басына Са және Na иондарының жинақталуы
Сперматозоидтардың жұмыртқа клеткасымен соқтығысуы
АТФ синтезделуі, сперматозиодтардың қозғалысы
Акросомдық көпіршіктердің экзоцитозы
Жұмыртқа клеткасының үштілік қабатының еруі
Акросомды өсінді – жұмыртқа клеткасының сары уыздың қабығымен байланысқа түседі. Бұл танысу акросомдық өсіндінің мембранасында орналасқан арнайы бендин ақуызына байланысты.
Жұмыртқа клеткасының активациясы
Түр ішілік таныс кезеңінен кейін (жұмыртқа клеткасы сары уыз қабығының рецепторлы және бендин арасындағы комплекс) ұрықтану төмпешігі пайда болады.
Акросома мембранасы және ұрықтану төмпешігі қосылып, спрематозоид ішіндегі генетикалық ақпарат жұмыртқа клеткасының ішіне түсетіндей өзек пайдаланады.
Жұмыртқа клеткасының кейінгі активациясы инозитолл фосфатты жүйемен байланысты. Инозитолл фосфатты жүйе – ақуызды компоненттерге тәуелді, ал компоненттер жұмыртқа клеткасының плазмалық мембранасында орналасқан және олар бендиннің мембраналық рецептормен соқтығысқанда түрін өзгертеді. Бұл компоненттің рөлінде джи – ақуыз және фосфолипаза С атқарады.
ІІІ. Материал алмасуы
Көптеген жануарларды сперматозоидтары жұмыртқа клеткасына толық енеді, ал кейбіреулерінде құйрығы сыртында қалады.
Сперматозоид цитоплазмаға түскеннен кейін, мойнымен жылжи бастайды. Ядродағы хроматиндері ширатылады, ядролық қабықша ыдырайды да, аналық цитоплазманың хроматиннің байланысын қамтамасыз етеді. Есесіне, оны арнайы ақуыздар орайды. Бұл комплексті аталық пронуклеус деп атайды. Пронуклеустер бір – бірімен қосылғанда дейін күрделі қимылдар жүргізді. Алдымен аталық пронуклеус аналық пронуклеуске қарай жылжиды. Кейіннен екеуі бірнеше қарап, жылжиды, ең соңында екеуі қосылып зигота түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |