ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9
СҮТТЕНУ (ЛАКТАЦИЯ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ
СҮТТЕНУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Сүттену деп (лактация) сүттің түзілуін, жиналуын, және желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Бұл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады. Сүттену күрделі физиологиялық процесс, Ол бүкіл организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т. б.) үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады.
Желін сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін альвеольды — түтікше типтес безді орган. Желінің безді ұлпасы альвеолдар жиынтығынан құралған. Сырт жағынан альвеолдар миоэпителиальдік торшалармен қапталған. Альвеолдардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер бір-бірімен қосыла келіп, желін бөліктерінің өзектерін, ал олар өз кезегінде сүт арнасын түзеді. Сүт арналарының бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады да, олар желіннің төменгі жағында орналасқан желін цистернасына құяды. Желіннің кұрылымына сәйкес желінде жиналған сүт шартты түрде цистерналык, альвеолдық- өзектік және қалдық сүт болып бөлінеді.
Сүттің құрамы өте күрделі, онда 100-ден астам әртүрлі органикалық және бейорганикалық заттар кездеседі. Сүт құрамында белоктар, липидтер, углеводтар, 20 амин қышқылдары, 30-дан астам май қышқылдары, 17 түрлі витамин, ондаған ферменттер және 40-қа жуық минеральды, т. б. заттар болады.
Жұмыстың мақсаты. Желін қызметін зерттеу әдістерімен танысу, желін қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу, цистерналык, альвеолдық және калдык сүтті алып, олардың мелшерін, құрамын анықтау.
Қеректі құралдар, заттар, аспаптар. Сауынды сиыр, сүт өлшеуіш цилиндрлер, микроскоп, төсеніш және жабынды шынылар, пипеткалар, питуитрин немесе окситоцин, спирт, дәке, макта.
Жұмыстың барысы: а) Цистерналық сүтті алу. Малды станокқа байлап, оның желінін жақсылап жуып, құрғақтап сүртеді. Емшектің ұшын дезинфекцйялап, оның арнасына стерильденген (пәктелген) катетер енгізеді. Катетер аркылы бөлініп шыккап сутті жинап, оның мөлшерін аныктайды;
ә) Альвеолдық сүтті алу. Цистерналық сүтті алған соң желінді жақсылап уқалайды да, сарка сауады.
б) Қалдық сүтті алу. Қалдық сүтті алу үшін терінің астына питуитрин егеді (сиырға – 8-10 г, ешкіге - 1 - 2 г). Бұл препаратты еккеннен кейін катетер арқылы бөлініп шыккан сүтті белек ыдысқа жинайды.
Алынған сүт үлестерін салыстырып, олардың ара мөлшерін анықтайды да, сүттің құрамын, касиеттерін зерттейді. Әр үлестен бір тамшы сүтті төсеніш шыныға тамызады да, жабынды шыньшен жауып, микроскоппен қарайды. Зерттеу үстінде әрбір тамшыдағы май шарларының санына, мөлшеріне көңіл аудара отырып, оларды бір-бірімен салыстырады. Май шарлары қал-дық сүтте көп, цистерна сүтінде аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |