Әдістемелік нұсқау



бет29/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
биохим

Сүттің құрамын зерттеу. Жануарлар сүті түрлі физикалық (мөлшер, меншікті салмақ, май шарларының мөлшері), химиялық (майлар, углеводтар, белок, минералды заттар мөлшері), биологиялық (ұйығыштық, қорғағыш денелер) қасиеттермен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты. Сүттің әртүрлі үлесіндегі май шарларын санау, сүт қүрамығідағы қантты анықтау, сүттің үйығыштығын тексеру.

Керекті қүралдар мен аспаптар. Желіннің әртүрлі бөлігінен алынған сут, микроскоп, меланжер, Горяев камерасы, жабынды шынылар, дистильденген су, мақта, күкірт қышқылы, феллинг ерітіндісі, хлорлы кальций.

Жұмыстың барысы: а) май шарларын санау. Сүтті көпіртпей, жақсылап араластырады да, оның 1 мл 250 мл өлшеуіш қолбаға құйып, белгіге дейін дистильденген сумен толтырғаннан кейін дұрыстап араластырады. Колбадағы сүттің бір тамшысын Горяев камерасының торына тамызады да, жабынды шынымен жабады. Қамераны микроскоп столына қойғаннан соң эритроциттерді санаған тәсілмен май шарларын санап шығады;

ә) сүт құрамындағы қантты анықтау. Алдымен Фел­линг ерітіндісін дайындайды. Ол үшін екі құрамды ерітінді дайындалады: 1/1 литрлік колбада 69,25 г мыс купоросын ерітеді. 2/346 г сегнет тұзын 600 мл жылы дистильденген суда ерітеді, ерітіндіні сүзіп, оған алдын ала 200 мл суда ерітілген 103,2 г күйдіргіш натрий қо-сады. Ерітінділер қоспасының жалпы мөлшеріи 1 л. жеткізеді. Қантты зерттер алдында аталған ерітінділер-дің бірдей мелшерлерін араластырып, Феллинг ерітін-дісін дайындайды.

Қантты анықтау үшін колбаға 5 мл сут, 15 мл дис-тильденген су және казеин ірімтігі пайда болғанға дейін бірнеше тамшы 3%-ті күкірт қышқылының ерітіндісін қосады. Осыдан кейін колбадағы қоспаны сүзеді де, сузіндінің 5 мл-не 1—2 мл Феллинг ертіндісін қосып, 5 мин. қайнатады. Мыстың қос тотығының қызыл тұнбасы пайда болса, фильтратта қанттың болғаны;

б) сүттің ірігіштігін зерттеу. Жаңа сауылған сүттің жылылыққа шыдамдылығы оның құрамындағы лимон кышқылды және фосфор қышқылды тұздардың кальций мен магнийге ара қатынасына байланысты. Алғашкы тұздардың ара салмағы басым болса, сүттің ірімейтін қасиеті жоғарылайды.

Сүттің бұл қасиетін анықтау үшін пробиркаға 1 мл сүт және 0,5 мл 1%-ті хлорлы кальций ерітіндісін құйып, араластырады. Осыдан кейін пробирканы 5 минут­ка қайнап жатқан суға қояды да, оны суытып, тексереді. Егер пробиркада ірімтіктер пайда болса, онда сүттің жылылыққа шыдамсыз, ірігіш болғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет