Бақылау сұрақтары
Уыз бен сүттің айырмасын баяндадыз.
Уыздың маңызын атаңыз.
Сүттің физикалық қасиеттері. 4. Сүттің химиялық құрамы қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10
БҰЛШЫҚ ЕТ ПЕН ЖҮЙКЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жануарлардың барлык. ұлпалары тітіркендіргіштерге белгілі бір әрекетпен жауап береді. Тітіркендіруден кейін ұлпаларда ерекше белсенділік байқалып, олардыц өздеріие ғана тән қызметтер атқарылады (мысалы, нерв талшықтарында импульстер пайда болады, бездер сөл бөледі, ет жиырылады). Әр турлі әсердін салдарынан тек ұлпаның өзіне ғана тән әрекетпен бейнеленетін күрделі физиологиялық процесті қозу деп атайды. Нерв және ет ұлпаларынын, қасиеттерін зерттеуге арналған тәжірибелердің көпшілігі бақаның артқы аяқтарынан дайьшдалған нерв - ет препаратымен жүргізіледі. Негізінен бұл препарат организмнен жекеленген шонданай нерві мен балтыр етінің жалғасынан тұрады Препараттың тіршілік қасиеттерін сақтау үшін оньң суық қанды жануарларға арналған Рингер ерітіндісімеи ылғалдап отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |