Әдістемелік нұсқау



бет31/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
биохим

Жұмыстың мақсат:. Ет тадшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу, нерв-ет перпаратын дайыпдау әдісін меңгеру.

Қеректі заттар жен құралдар:, Бақа, хирургиялық кұралдар, штатив, миограф, электрқуаттандырғыш, ки­мограф, физиологиялық ерітінді.

НЕРВ-ЕТ ПРЕПАРАТЫН ДАЙЫНДАУ

Шонданай нерві мен балтыр етінен тұратын препа­рат дайындау үшін бақамың жұлынын бұзып, қимылсыздандырады. Содан соң бақаның артқы аяқтарынан денесін темен салбырата кетереді. Осы кезде жамбас сүйегі жақсы байқалып, дене тік бұрыш жасай иіледі (1-сурет). Қайшымен шондандай төмпегінен 1 см алшағырақ жерден омыртқаны қиып жібереді де (1), бақанын, бауыр жағындағы терісін және онымен коса ішінде орналасқан мүшелерді қырқып тастайды. Сол колға пинцет алып, онымен бақаның сан жағында кал­ған омыртқаларды қыса ұстайды да, дәке қиындысы арқылы оң қолмен терінің ұшынан тартып, оны бақаның аяғынан сыпырып алады (2). Енді пинцетпен омыртқаны артқы аяқтары тік бұрыш жасай салбырайтындай етіп қыса ұстайды да, кұйымшақ сүйегінің ұшыи қайшымен қырқып алады (3). Препаратты арнаулы тактайдың үстіне арқа жағын темен карата салады да, пинцет пен қайшыны пайдалана отырып, ішкі мүшелердің қалдықтарын сылып тастайды. Осыдан кейін омыртқаның оң және сол жағынан үш тармақпен басталатын шонданай нерві анық көрінеді.



Препараттағы омыртқаны, бақанын, бөксесін қайшымен ортасынан қақ айырып (4), артқы аяқтарды ажыратады. Бір аяқты Рингер ерітіндісімен дымқылданған дәкеге орап тастайды да, екінші аяқпен әрі ка­рай жұмысты жалғастырады (5). Пинцетпен омыртқа жарқыншағынан қыса көтеріп, шонданай нервін қоршаған тканьдерден кішкене қайшы көмегімен жамбас - ортан жілік буынына дейін ажыратады. Препараттын, сырт жағын жоғары қаратып көтерсе - жарты жарғақты, екі және үш басты еттер көрінеді. Екі басты ет пен жарғақты еттердің арасындағы фасцияны арнаулы ілгекпен көтеріп, тізе буынына дейін қоршаған тканьдер­ден ажыратады. Ортан жіліктен барлық еттерді сылып тастап, оның басыи жамбастан бөледі. Енді нерв - ет препараты дайын, оны Рингер ерітіндісі құйылған шыны ыдысқа салып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет