Әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулықтары



бет2/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#135442
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары

1. Мал азықтық дақылдардың жоғары және сапалы өнім беруінің теориялық және практикалық маңыздары.

2. Мал азықтығын дайындаудың алға қойған міндеттері мен мақсаттары, осы туралы тарихи деректер, әр кезде даму сатысы.

3. Мал шаруашылығын сапалы азықпен қамтамасыз етуге, астық және дәнді бұршақтұқымдастарын жоғарғы өнімін өндіруге қол жеткізу.



Зертханалық жұмыс 3. Шалғындық және жайылымдық мал азығы шаруашылығы.

Жұмыс мақсаты. Қоңырбас тұқымдас шөптерді шаруашылық және мал азығы үшін құндылығын бағалау.

Көпжылдық астықтұқымдас шөптердің негізгі түрлерін өсімдіктердің вегетативтік (сабағы, жапырағы, тілшігі, құлақшасы т.б.), генеративтік (гүл шоғырлары, масақ, құрылымы, жемістері, дәншіктері үлкендігі т.б.) мүшелері арқылы сипаттауды үйрену және осы ерекшеліктердің арқасында өсімдік түрлерін анықтай білу.



Жабдықтар мен заттар. Шөп түрлерінің анықтау кестесі. Әртүрлі жеке түрдің, біржылдық және көпжылдық бұршақтұқымдас шөптердің тұқымдары мен жемістерінің қосындысының коллекциясы, тақтайша, инелер, шөптердің гербариі, үлкейткіш шынылар.

Жалпы ғылыми негіздері. Жайылымдарды класқа бөлу дегеніміз – неғұрлым ірі табиғи жемшөптік жерлерді, табиғи аймақтар бойынша кластарға және класс тармақтарына бөлу. Осының негізінде геоботаникалық тексеру барысында бірыңғай принцип бойынша толық аймақтық класқа бөледі, бұл табиғи жемшөптік жерлерді сапа және сан жағынан сипаттау мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін қажет.

Жемшөптік жерлерді тиімді пайдалану, оларды жақсарту жөнінде шаралар жоспарлауды, сондай-ақ жерге орналастыруды, жерді және жер кадастрын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатымен аудандар, облыстар бойынша жайылымдарды геоботаникалық тұрғыдан тексеру материалдарын жинақтап қорыту үшін класқа бөлудің принципі қажет.

Жайылымдарды класқа бөлу негізінде осы жерлердің сапасын анықтайтын топоэкологиялық және шаруашылыө көрсеткіштер (климат, жер бедері, сол жерлердің гидрологиялық жағдайлары, топырақ қасиеті, өсімдік құрамы т.б.) алынады.

Тапсырманы орындау әдістемесі. Класқа бөлу үшін Қазақстан аумағын табиғи аймақтардың екі тобына және таулы белдеулер бойынша үш тобына бөледі.

1. Орманды-далалық және далалық аймақ. Орманды-далалық аймаққа сұр орманды топырақ, күлгін, тұзы шайылған және кәдімгі қара топырақ, далалық аймаққа – оңтүстік қара топырақ, қуаң далалық аймаққа – қара, қызыл қоңыр топырақ және қызыл қоңыр топырақ жатады.

2. Шөлейт және шөл аймақтар. Шөлейт аймаққа – боз қызыл қоңыр және қоңыр топырақтар, шөл аймаққа сұр қоңыр және тақыр тәрізді топырақтар жатады.

Белдеулердің таулы топтары: шоқылар (аласа таулы) және тау етегі; орташа немесе биік таулы жерлер.

Класқа бөлудің жүйелік өлшемі мынадай төмендеген бағытта болу керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктер.

Жемшөптік жерлер класы – класқа бөлудің жоғарғы жүйелік өлшемі табиғи аймақ немесе тау белдеуі шегіндегі жайылымдарды жалпы алғанда аймақтық климат, геоморфологиялық, топырақ жағдайлары, өсімдіктер тұрғысынан біріктіру керек. Әрбір табиғи аймақта жазықтық, ойпат жер, қысқа уақыт су жайылатын алап, ұзақ уақыт су жайылатын алап және батпақты табиғи жемшөптік жерлер кластары болып бөлінеді.

Таулы облыстарды таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша ойпат сазды және өзендер бойындағы су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді.

Жемшөптік жерлердің класс тармағы класқа бөлудің ең жоғарғы жүйелік өлшемі, бұл жер бедері, ылғалдану дәрежесі, топырақ тпі және оның механикалық құрамы, сортаңдауы жағынан ұқсас келетін табиғи жемшөптік жерлерді біріктіреді.

Класқа бөлудің мынадай индекстері қабылданған (аймақтар мен тік белдеулерді бас әріптермен белгілейді):

Д – орманды-далалық және далалық; Ш – шөлейт және шөл; А – аласа шоқырлар мен тау бөктерлері; Т – таулы (орташа таулы); Б – биік таулы.

Жергілікті жемшөптік жерлердің ерекшеліктерін нағыз класқа бөлуден кейін қосымша класс тармақтары бөлуге рұқсат етіледі. Бөлінген кластар мен класс тармақтары ұсақ жүйелік өлшемдерден тұрады – типтер топтары және типтер, түр өзгерістеріне бөлінеді.

Жемшөптік жерлердің типтер тобы – класқа бөлудің орташа жүйелік өлшемі. Бұл ылғалдану, топырақтың механикалық құрамының немесе сортаңдау дәрежесінің және экологиялық тұрғыдан жақын өсімдік қауымының ұқсас жағдайымен біріктірілетін жемшөптік жерлер типтерінің жиынтығы.

Жемшөптік жер типі – класқа бөлудің бірсыдырығы ұсақ жүйелік өлшемі. Экологиялық жағдайлардың біртектілігімен; топырақ түзу мен ылғалданудың су-тұз режимінің бірдейлігімен және пайдалану мелиорациялау ерекшеліктеріне бірдей әсерленетін өсімдіктер-индикаторлардың ұқсастығымен сипатталады.

Жемшөптік жерлер типінің түр өзгеруі – шаруашылыққа пайдалану нәтижесінде өсімдік түрлрі өзгеретін жемшөптік жерлер учаскелері.

Типтер топтары және түр өзгерісін бөлу ісі жемшөптік жерлерді нақтылы кең көлемді геоботаникалық тексеру негізінде ғана жүргізілуі керек.

Нақтылы бір аумақта табиғи жемшөптік жерлердің зерттеуіне байланысты класқа бөлудің жалпы схемасының құрамында (класс тармағы, типтер тобы, тип немесе түр өзгеруі) тиісті баға беру үшін өлшемдерді таңдап алады. Қабылданған бағалау өлшемдерін топырақтың жалпы қабылданған топтарымен байланыстырады.



Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.

Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.

Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген шалғындық және жайылымдық мал азығы шаруашылығымен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 3 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.

  2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

  3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

  4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

  5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

  6. Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет