1. Жайылым мен шабындықты тиімді пайдаланудың басты теориялық негіздері.
2. Мал шаруашылығында жайылым мен шабындықтың маңызы.
3. Жайылым үлесі, жайылымдық шөптің қоректік құнарлығы және малды жазда жайылымда ұстаудың экономикалық тиімділігі.
4. Ерте көктемде малды жайылымға шығару және күзде мал жаюды тоқтату уақыттары.
5. Қашада мал жаю тәртібі.
6. Жайылым өнімін арттыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері.
7. Көк балауса конвейері, маңызы және түрлері.
8. Көк шөп пайдалану әдістері.
9. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар.
Зертханалық жұмыс 8. Мал азықтық егін шаруашылығы.
Жұмыс мақсаты. Мал азықтық жерлерді сыныптау және түгендеу.
Жайылымдарды класқа бөлу жағдайымен танысу. Жайылым типтерін айыруды үйрену. Жайылым типтерімен танысу. Белгіленген құжаттарды толтыра отырып, жайылымға баға беруді үйрену.
Жабдықтар мен заттар. Есеп техникасы. Үлгі есептер. Анықтама әдебиеті.
Жалпы ғылыми негіздері. Шөлейт жерлер жағдайындағы ауыспалы жайылым. Қарағанды, Семей облыстарының шоқылы аумағында немесе шоқырлар арасындағы ойпандардың өрісін ұштастырғанда және далалық учаскелерде, сондай-ақ ішінара пішен шабуды көктемнен күзге дейін ұзақ тиімді пайдалану қажет. Жайылымды игеру жазғы кезеңінің 3-3,5 айын пайдаланумен ғана шектелетін жерлерде өздігінен ұрықтану үшін мерзімін біраз созыңқырай отырып, әрқилы мекендейтін жердің учаскелерін пайдалануды өзара кезектестірудің өзі жеткілікті.
Пішен шауып алу немесе мал басының жайылу мүмкіндігіне қарамастан жайылымдарды жөндеу қамын ұмытпаған жөн, әйтпесе олар мал мен пішен үшін пайдалы жайылым азығын бірте-бірте кемітетін болады. Оларды пайдалану мерзімін күзге ауыстыру арқылы осындай жөндеуді іске асыру керек. Бірқатар астықтұқымдас-түрлі шөп жусан өсетін жайылымдарда (түрлі шөп және астықтұқымдастар бөліктері есесінен) малды жусан және жеткілікті пайдаланылмаған қурап қалған астықтұқымдастар есесінен жаю үшін көктемде жаюға немесе оларға күздікүні қайтадан келуге болады. Осыған ұқсас жусан-раңтәріздестер өсетін жайылымдарды да пайдалануға болады, мұнда раңтәріздестер көктемде жегізу жазда кеш немесе күзге қарай жақсы жетілген жусанды жегізуге кедергі келтірмейді.
Далалық және жартылай шөл жайылымдарда ауыспалы жайылым енгізу жайылып жүрген мал үшін табиғи жайылым конвейермен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып жүргізілуге тиіс. Жердің ұсақ шоқылы, әрқилы баурайлардың, шоқылар аралығындағы алаптар мен ойпандардың боулы шағын аумақта әрқилы жайылымдар жасауға болатынын байқатады, оларды түрлі мерзімде пайдалана отырып ұластыруға болады, өсйтіп көктемнен бастап күзге дейін үздіксіз жайылым конвейері жасалады. Алайда мұндай жайылымдарды қалыпты жөндеу және жеткілікті мөлшерде астықтұқымдастардың болуы үшін екі-үш жылдан кейін бірқатар учаскелерде өрістің өзге маусымына ауысу қажет. Бұл запас жайылымдардың болуын немесе өзге маусымның жайылымдарын пайдалануды талап етеді. Мысалы, далалық және шалғындық шөптерді тегіс далалық жерде маусым айының орнына қыркүйек айында пайдалану боз шөп-бетеге өсетін жайылымдар сиымдылығын 48%-ке, ал бидайық, арпабас жайылымдарында пайдалану мерзімдерінің өзгеруіне байланысты оларды 1,5-2 есе арттыру қажет. Оның үстіне әртүрлі өсімдіктердің өсіп жетілуін ескере отырып, әр маусымның бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөлігінің учаскелерін кезекпен пайдаланған жөн.
Өсімдіктерді сирек өсетін шөлейт және шөл аймақтар жағдайында сирек кездесетін су көздері жайылатын мал санын, сол сияқты өрістер радиусын анықтайды.
Шөлейт аймақта жайылымдарды жылдар бойынша (шөп арасында астықтұқымдастар басым болғанда былай пайдаланған неғұрлым тиімді).
1 жыл – көктемнен бастап екі дүркін жегізу;
2 жыл – шілденің екінші жартысыныда – тамызда шөбін бір дүркін жегізу;
3 жыл – шөбін екі-үш дүркін жегізу (бұл шамамен маусымның екінші онкүндігінен басталады);
4 жыл – қазанда шөбін бір дүркін жегізу;
5 жыл – маусымның екінші жартысында – шілденің бірінші жартысында шөбін бір дүркін жегізу.
Жайылым шөбін жегізу мерзімдерін осылайша кезектестіргенде екінші және төртінші жылдарда өсімдіктің басым бөлігі ұрықтандырғаннан кейін жүргізіледі, мұның өзі шөптің қалыпты күйде қайта шығуына мүмкіндік береді.
Жайылымды қарқынды пайдаланғанда оның өнімі төмендеп кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оны үш-төрт жылда бір рет тынықтырады немесе күзде бір рет мал жаяды. Осының нәтижесінде Бегучев пен Гайдуковтың ұсынған схемасы бойынша 4 жылдық айналым қолданылады.
1 жыл – көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу;
2 жыл – тынықтыру немесе шөбін бір дүркін кешеуілдетіп жегізу;
3 жыл – мамырда жайылымға шығарудан бастап шөбін екі дүркін жегізу;
4 жыл – қайтадан шөбін үш дүркін жегізу.
Жайылымды тынықтыру үшін өсімдіктің қара күзде мал жаю нәтижесінде тұқыртылуы угловодтың қоры жинақталуына, тамыр жүйесінің өздігінен ұрықтануына және жайылым өніміне бірдей әсер ететін шөлейт жерлерде атқарылған жұмыстар арқылы анықталады.
Астықтұқымдас жусан өсетін қуаң даланың көктемнің аяғы, жазғы және ерте күзгі жайылымдар үшін мынадай ауыспалы жайылым схемасы қолайлы:
1 жыл – екі дүркін жазғы өріс;
2 жыл – екі дүркін жазғы өріс;
3 жыл – көктемгі және бір дүркін жазғы өріс;
4 жыл – жазғы өріс;
5 жыл – күзгі өріс.
Батыс Қазақстанның Волга-Жайық өзендері аралығындағы шөбін тұқырта жегізілген құмды топырақ жайылымдарында мынадай төрт жылдық ауыспалы жайылымдар ұсынылады:
1 жыл – шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі);
2 жыл – шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-жазғы);
3 жыл – тынықтыру;
4 жыл - өніп өсу аяғында шөбін бір дүркін жегізу.
Шөл жағдайындағы жайылым. Тарихи шөл жазықтық жерлердегі жайылымдарды көктемгі-күзгі өріс ретінде пайдалану. Жайылымдарды пайдаланудың мынадай схемасын қолдану: көктемде – құм алдындағы жусан-раңтәріздестер мен астықтұқымдас түрлі шөп өсетін тау бөктеріндегі учаскелер; жазда – тау мен ұсақ шоқылардың астықтұқымдастары өсетін жайылымдары; күзде – жазықтықтағы жусандар; қыста құмды жердегі бұталар мен түрлі шөптер.
Қазіргі уақытта жайылымды пайдаланудың мұндай схемасы аздап сақталып қалады. Көбінесе шөл жайылымдардың шөбін 1-2 маусым емес, 3-4 маусым бойы жегізеді, ал мұның өзі сол жердің топырағының анағұрлым құнарсыздануына әкеліп соқтырады. Жайылымды осы күйден шығару үшін ауыспалы жайылымның неғұрлым қарапайым схемасын орындай қажет. Олар екеу. Бірінші - өсімдік қауымының басым айырықша басым түрлері әлі де болса өсіп көбею қабілеттілігін жоғалтпаған, тозған құнарсызданған жерлер үшін (жайылым өсімдіктері өзгертуінің 11 дәрежесі) үш маусымды төрт жылдық ауыспалы жайылым схемасын енгізгенде танаптардың былайша кезектестірілгені жөн:
-
көктем
|
Күз
|
тынығу
|
жаз
|
жаз
|
көктем
|
күз
|
тынығу
|
тынығу
|
Жаз
|
көктем
|
күз
|
күз
|
тынығу
|
жаз
|
көктем
|
Кезектестірудің көрсетілген жүйесінде тынығу үшін шын мәнінде нақтылы учаскеге қатарынан екі жыл беріледі. Осы шаралардың нәтижесінде өнімді бірыңғай толық жегізген кезде тозған жайылымдар негізгі өсімдіктерді бірте-бірте қалпына келтіре отырып алады және болашақта неғұрлым тиімді келетін ауыспалы жайылымның үш жылдық схемасы бойынша пайдаланылады.
Екіншісі – негізгі өсімдікті сақтап қалған және өзгерудің 1 және 11 дәрежесі күйдегі жайылымдар үшін:
-
көктем
|
Күз
|
жаз
|
жаз
|
көктем
|
күз
|
күз
|
Жаз
|
көктем
|
Жайылымдарды схема бойынша пайдаланғанда міндетті шартпен кезектестіру жүйелігін сақтау: “жаз” одан кейін “күз”, яғни егер танап үстіміздегі жылғы жазда пайдаланылған болса, келесі жылы мал міндетті түрде күзде жайылуға тиіс. Көрсетілген жүйелілікті сақтағанда жазда пайдаланудың кейбір ұнамсыз сәттері, қойды өсімдіктің жетілуінің жылдық циклды аяқталғаннан кейін жаю арқылы қажет (ересек қойға 0,3-0,5 га есебінен). Жайылымның қой қора маңындағы учаскесі жылдың барлық кезеңінде шөбін жегізуге тиіс. Өсімдікті жыл сайын қыста пайдалану жайылым күйін нашарлатпайды, өйткені солтүстік және шөлейт жерлер жағдайында өсімдіктің көктемде өсіп шығуына мүмкіндік береді.
Оңтүстік шөл жерлерде қысқы учаске неғұрлым көлемді болуға тиіс, өйткені мұнда мал қыс бойы жайылады. Оның үстіне, қой қора маңындағы мол учаске жыл сайын сақмандарды ерте көктемде жаю үшін қажет. Жыл сайын шөбін толық жегізу немесе жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерін пайдалану коэффициенті 0,4-0,3-тен аспауға тиіс. Жыл сайынғы қой санының осындай шамалы болуы жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерінің ұзақ жыл бойы өнімділігін қамтамасыз етеді.
Таулы жердің ауыспалы жайылымы. Тянь-Шань және Алтай аймақтарында өсімдіктер әрқилы мерзімде жетіледі. Таулы жайылымдарда мал әдетте 100 күнге жуық болады.
Тау бөктерінде және таудың орта шенінде үш учаскенің шөбін екі дүркін жегізген жөн: бірінші, малдың әр учаскеде 2-3 күн бойы неғұрлым бірыңғай болуы, екінші, 7-8 күн бойына негізгі шөпті жегізу. Ал таудан кері қайтарда бұл учаскелердің әрқайсысының шөбі 5-6 күн бойы бір дүркін жегізіледі. Жайылым айналымы бойына жыл сайын алмасып отыратын учаскеде мал қайтып ораларда 3-4 күн жайылады.
Шөбі шамадан тыс пайдаланылған таулы жайылымдарда бес жылдық ауыспалы жайылымда пайдаланған тиімді, мұнда бес учаскенің үшеуі жыл сайын өріс ретінде пайдаланылады, ал бір учаске тынықтырылатын болады.
Суландырылған жайылымдар дегеніміз – малды суаруға жарамды су көздері бар учаскелерді (көл, өзен, тоған-су, шөлейт, суландыратын канал, түтіктен суару немесе шегенді құдық , есепке алынған мал басын (жайылым шөбінің болуына қарай), сондай-ақ жабдықталған суат пункттерінен (суат радиусынан) белгілі бір қашықтықтағы малды сумен қамтамасыз етуге тиісті жабдығы бар суатқұрылысының комплексті.
Суландыратын жайылым аумағында су көздерінің орналасуы жайылым сиымдылығымен және ауыспалы жайылым жүйесімен (жабдықталған), қабылданған өрістер жүйесімен және мал жаюдың күнделікті жұмыс тәртібімен байланысты болуға тиіс.
Құрылған суат пункттерінің орналасқан жері мен суландырылған жайылым алаңы жерді пайдалану жоспарына және жерге орналастыру карталарына енгізіледі.
Бір суат пунктімен суландыратын учаске алаңы жайылым шөбінің болуына, малдың суат пунктінен (суат радиусынан) мүмкін қашықтығына және есепке алынған малды сумен қамтамасыз етуге тиісті су көзінің белгілі уақыт ішінде қанша онетініне қарай анықталады, бірақ бір отардан немесе ірі қараның бір табын немесе жылқының бір үйірінен кем болмауға тиіс.
Қоршалған жайылымдарда малды өріске бөліп жаю жүйесінде әр өріс суатпен қамтамасыз етілуі қажет.
Су көзі бар, бірақ суат құрылысының комплексімен жабдықталмаған жайылымдар, сондай-ақ су мал суарылатын жерге транспорт құралдары арқылы жеткізілген жайылымдар суландырылған деп есептелмейді.
Суат радиусының мөлшері мал түлігіне, жайылым өнімділігіне және өрістің ұйымдастырылуына байланысты. Жайылым сиымдылығына байланысты суаттың есепке алынған радиусын (бір шартты қой қажетті алаң) төменде келтірілген көрсеткіштерді пайдалана отырып, шамамен қабылдауға болады.
1 қойға жайылым сиымдылығы
|
Қой басы төмендегідей болғанда суаттың
есепке алынған радиусы (км)
|
800
|
1600
|
2000
|
2400
|
0,75
|
1,5
|
2,0
|
2,2
|
2,4
|
1,75
|
1,8
|
2,5
|
2,8
|
3,1
|
1,50
|
1,9
|
2,8
|
3,1
|
3,4
|
2,25
|
2,4
|
3,4
|
3,8
|
4,1
|
2,7
|
2,6
|
3,7
|
4,1
|
4,5
|
6,00
|
3,9
|
5,5
|
6,2
|
6,8
|
7,00
|
4,2
|
6,0
|
6,7
|
7,3
|
Табиғи суды жанар орын болып саналатын суландыру көзі немесе мал суаруға жарамды суаратын канал, суат радиусы құдықтар радиусындай және су жанар немесе канал өсіне перпендикуляр түрінде өлшенеді.
Табиғи суды жанар орыннан және жабдықталған су пункттері бар каналдардан суландырылатын жайылым алаңы суат радиусымен жасалған жарты шеңбер алаң ретінде айқындалады. Егер суат пунктінің маңайында қарама-қарсы жаққа өтетін өткел болса, онда суландырылған жайылым алаңы екі еселенеді.
Тоған мен апаннан және басқа су қоймаларынан суландырылатын жайылым алаңын суат радиусымен (суат пунктімен) эәне жаға линиясынан жасалатын шеңбер бөлігінің алаңы бойынша есептеп шығарады.
Суландырылатын құрылысы қайта жасалған жайылым алаңы, егер осы белгіленген тәртіп бойынша бұрын суландырылған жайылым есебінен шығарып тасталған жағдайда ғана қайтадан суландырылған деп есептеледі.
Суат бөлімдері мал айдайтын үлкен жолдың бойында орналастырылса, малдың жүру жылдамдығы жаймай айдағанда (маршпен айдау) немесе жайып айдағанда күн-тәулік бойы айдау ұзындығы ескеріледі. Маршпен айдағанда пункттер арасындағы ең ұзақ қашықтық 18-25 күн/км, жайып айдағанда 8-12 күн/км-ден аспауға тиіс.
Мал айдайтын үлкен жолдың суландырылған алаңы жайылым учаскесіндегі тәрізді анықталады, бұл жағдайда мал айдайтын үлкен жолдың ені суаттың қос радиусына тең немесе одан да астам болады.
Суландырылған жайылымды есепке алғанда мынаны ескерген жөн: малды жайып айдағанда және жолда қажетті мөлшерде суат пункттері болған жағдайда мал айдайтын үлкен жолдың алаңы суландырылған деп есептеледі. Малды маршпен айдағанда тек суат бөлімдері жанындағы алаң суландырылған деп есептеледі.
Тапсырманы орындау әдістемесі. Суландырылған жайылым алаңын анықтау үлгісі. Суат бөлімдері жайылым сиымдылығы бір қойға 2,70 гектардан келетін учаскеде салынған. Суландыратын көз суының өндірілуі екі қой отарын (1600 бас) сумен қамтамасыз ете алады. Бұл арада жайылым сиымдылығы мен қой басы нақ осындай болғанда суат радиусы 3,7 километрге тең. Суландырылатын жайылым алаңы 4300 га. Суландыратын жайылым алаңы графикалық түрде анықталады және суландырудың қазіргі кездегі көздері ескеріледі.
Жайылым учаскесін есептеу. Жайылым аумағының құрылысына мал жайылатын учаскелердің белгілі бір мөлшері, олардың саны, суат орны т.б. енеді.
Мал жайылатын учаскенің алаңын былай есептеп шығаруға болады.
1) желінетін азықтың қоры мен қоректілігі;
2) бір бас малдың күн тәулігіне қажетті азығы;
3) бір учаскеде мал жаю ұзақтығы.
Мал жайылатын учаскенің алаңы мына формуламен анықталады:
мұнда:
С – учаске алаңы, га;
Н – бір қойға жайылым шөбінің тәуліктік нормасы, оның табиғи ылғалдылығы, кг;
М – жайылатын мал басының саны;
Ш – мал жайған кездегі жайылым шөбінің шығымы, ц/га;
К – жайылымды пайдаланудың толық коэффициенті (0,50-0,65).
Малды бір учаскеде бағу мерзімдері, маусымдық жаюдың мәліметтері бола отырып, маусымдар бойынша және бүтіндей ауыспалы жайылым бойынша учаскелер санын есептеп шығаруға болады.
Әрқилы табиғи аймақтарда орналасқан 2-3 шаруашылықтың жерге орналастыру картасы болғанда оқып білу үшін ісі жүргізіледі. Ауыспалы жайылым схемасын жайылым учаскелерінің, суат пункттерінің нұсқаларын студенттер карандашпен тікелей картаға түсіреді. Карта жеткіліксіз болса, жұмыс жекелей емес, топпен жүргізілуі мүмкін.
Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.
Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген мал азықтық егін шаруашылығымен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 8 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.
-
Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.
-
Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.
-
Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.
-
Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.
-
Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |