1. Дақылдар туралы тарихи мағлұматтар.
2. Жеке дақылдардың және олардың белгілі тобының халық шаруашылық маңызы. Қазақстанда таралуы.
3. Дақылдардың биологиялық қасиеттері: өсіп-өну кезңі, ерекшеліктері, өнім түзу жолдары, мал азығының бағасының кемуі және сапасының жоғарылауы.
4. Қазақстанда аудандастырылған және себуге рұқсат етілген сорттары мен будандары.
5. Өсіру технологиясы және жемшөп дақылдарын жинау ерекшеліктері.
6. Жемшөп қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың алатын орны.
7. Сүрлем салудың маңызы. Жоғары сапалы сүрлем салудың ерекшеліктері. Оларды өсірудің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.
8. Көпжылдық әдеттен тыс өсімдіктер: аю балдырғаны, сүйір жапырақты сильфия, жер алмұрты, шығыстың ешкі шөбі. Олардың шаруашылық – биологиялық ерекшеліктері, мал азықтық сапасы және келешекте таралуы.
Зертханалық жұмыс 12-13. Тамыр жемісті, түйнекті жемісті және бақша шырынды мал азықтары. Мал азықтық шөптер.
Жұмыс мақсаты. Шабындықтардың өнімділігін анықтау. Шөп сапа көрсеткіштері. Маяның аумағы және салмағы.
Шабындықтарды өте тиімді пайдалану шараларын таңдау, жүйелі шабындық ауыстыру шараларын тиімді орындап, шөпті шабу мерзімін, шөп шабу биіктігін анықтауды, шөптің өнімін, сапасын анықтауды, маядағы шөптің мөлшерін анықтауды үйрену.
Табиғи мал азықтық жерлерді үстірт және түпкілікті жақсарту технологияларын жасау.
Жайылымдардың және шабындықтардың өнімділігін өсірудің басты шарасы шөп түрлерінің қоспасын егу болып саналады. Өйткені шөп түрлерінің қоспасы олардың бір түрін сепкеннен өнімділігі, мал азықтық пайдасы жағынан әлдеқайда тиімді. Сондықтан шөп қоспасын пайдалану жүйесін үйрету өте керекті мәселе болып саналады.
Жабдықтар мен заттар. Пішендікті ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер мен міндеттер. Жер орналастыру карталары, есептеу техникасы, анықтама әдебиеті.
Жалпы ғылыми негіздері. Пішен қысқы азықтардың ең қажетті бір түрі. Малды қысқы ұстау кезінде малдар шөптен 40-45% азық өлшемін және қорытылатын протеиннің 50% алады. Қысқы уақытта малдарға шөптен басқа шөп ұны, пішендеме, пішен кесінділері және басқа да пішен қосындылары дайындалады.
Пішенге шапқан шөптің ең көп өнімі шабындық өсімдіктерінің гүлдену кезінде орғанда жиналады. Дегенмен астықтұқымдас шөптердің ең жақсы сапалық қасиеттері гүлдену басталғанда, ал бұршақтұқымдас шөптерді гүл бүршіктері пайда болған кезде орғанда қалыптасады. Осыған орай биік өсетін астықтұқымдас шөптерді масақтану кезінде, ал мысалы қамысты масақтанғаннан бұрын 8-9 жапырағы шыққан кезінде орады. Жалпы шөп орудың ұзақтығы құрғақ далалық жерде 12-15 күндей болады, жалпы осы уақыт өсімдіктердің гүлдену уақытының аяқталуына сәйкес келеді.
Тапсырманы орындау әдістемесі. Шөптің пішенге шабу биіктігі оның өніміне тікелей әсер етеді, төмен шабылған сайын шөптің өнімі арта түседі, бірақ та табиғи шабындықтарды пішенге шапқанда шабу биіктігі топырақ бетінен 5-6 см, себілген шөптерді және де көпжылдық шөптердің тұқымдық танаптарын 7-9 см, сабақтары биік қалыптасқан шөптерді 10-15 см биіктікке орады.
Шөпті 2-ші қабат шабатын болатын жағдайда шабу биіктігі 1-1,5 см жоғары болу керек, бұл жағдай пішендікке шапқан аңыздың алшын көктігіне немесе тез алшындануына әсер етеді. Ал алшын көктілік пішен шапқаннан кейін де мал жаюға және де екінші, үшінші қабат шабуға тікелей әсер етеді. Пішендікті екінші, үшінші қабат шапқан кезде тыңайтқыш салу қажетті шаралардың бірі болып саналады. Дегенмен шөпті пішенге бірнеше қабат шабу шабындықтың алшын көктігінің қайталануына және олардың қысқа дайындалу мерзіміне байланысты. Шөптесін өсімдіктердің қысқа дайындалуы қысқа кету мерзімінен 30-35 күн бұрын болу керек.
Пішендікке оратын жерлер келе-келе өнімін төмендетеді, бұлардың себептері:
шабу уақытын дұрыс пайдаланбауға байланысты өсімдіктердің қысқа дайындықсыз кетуі, қоректік заттардың азаюы, арамшөптердің көбеюі;
шөптердің тұқым шашу арқылы көбеюінің шектелуі, топырақ құнарлылығының азаюы;
қар тоқтату шараларының орындалмауына байланысты шабындық танаптарында қардың тоқтамауы немесе жиналмауы, қар суын пайдалану арқылы топырақтың су қорының төмендеуі;
шабындық айналымының орындалмауы осы жоғары айтылған себептердің әсерін 2-3 есе үдетеді.
Сондықтан шабындық айналымын жөніне келтіру шаралары пішен алқаптарының өнімін арттыруға тікелей әсер етеді. Әсіресе қар тоқтату, тұқым шашу шараларын реттеп, олардың кезекара келуін ұйымдастыру қажет. Осыған байланысты төменгідей шабындық айналым үлгілері ұсынылады:
Төртжылдық 1 қабат ору шабындық айналымында – пішенге шабу төмендегідей мерзімде жүргізіледі:
1-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;
2-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;
3-жыл - гүлдену кезінде;
4-жыл - тұқым шашу кезінде.
Бесжылдық 2 қабат ору шабындық айналымында – пішенге шабу төмендегідей мерзімде жүргізіледі:
1-жыл – тұқым шашу кезінде, келесі жылдары бұл шөптер 2 рет шабылады, 1 қабат шабу төмендегідей жүргізіледі:
2-жыл – масақтану – шанақтану;
3-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;
4-жыл – масақтану – шанақтану;
5-жыл – гүлдену кезінде.
Тіршілігінің ұзақтығына байланысты шабындық және жайылым шөптерін төменгі топтарға біріктіреді:
Біржылдық өсімдіктер (біржылдық қоңырбас, ақ алабота және басқалары) тез піседі және бүкіл өмірлік циклі бір өсу мерзімінде өтеді. Қыс түсісімен жердің үстіндегі де астындағы да органдары түгел өліп қалады. Жыл сайын өсімдіктері тек тұқымнан шығады. Көбіне олар салыстырмалы қолайсыз жағдайларда өсуге бейім. Әсіресе олар бос және жартылай бос жерлерде көп.
Екіжылдық өсімдіктер (түйежоңышқалар, шабдар және басқалар) тіршілігінің екінші жылында гүлдеп өнім береді, сосын өледі. Тіршілігінде бірақ рет гүлдеп өнім беретін өсімдіктер монокарпиктер деп аталынады. Екіжылдық шөптер егістікте ең жоғары өнімін тіршілігінің екінші жылында береді.
Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.
Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген тамыр жемісті, түйнекті жемісті және бақша шырынды мал азықтарымен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 12-13 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.
-
Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.
-
Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.
-
Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.
-
Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.
-
Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.
Бақылау сұрақтары
1. Ауылшаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының маңызы.
2. Мал азықтық қызылша, сәбіз, шалқан, тарна. Халық шаруашылығындағы маңызы.
3. Мал азықтық құндылығы және өсетін тарнаны аңыздық дақыл ретінде өсіру.
4. Мал азықтық бақша дақылдары. Бақша дақылдарының мал азықтық құндылығы.
5. Малдарды құнды жемшөппен қамтамасыз етуде екпе шөптердің маңызы. Олардың топырақ құнарлылығын арттырудағы рөлі.
6. Көпжылдық астықтұқымдас шөптер: еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жима тарғақ, тарлау, шалғындық бетеге, бидайық, шалғындық қарабас. Азықтық құндылығы, биологиялық ерекшеліктері, өсетін аудандары, өсіру агротехникасы, ору мерзімі.
7. Көпжылдық астықтұқымдас және көпжылдық бұршақтұқымдас шөптердің қоспасы, олардың таза егістерден артықшылығы, шөп қоспасын құру принциптері.
8. Біржылдық бұршақ, сиыр жоңышқа, сераделла және астықтұқымдас шөптер – судан шөбі, атқонақ, қонақ тары. Оларды пішен ретінде пайдалану жолдары. Біржылдық бұршақ – астық шөп қоспасы, олардың маңызы, пайдалану жолы және өсірілуі.
9. Жаңа айқасгүлділерге жататын біржылдық мал азықтық өсімдіктер: рапс, қыша, сурепица, шалқан т.б.
Зертханалық жұмыс 14-15. Мал азығын дайындау, есеп жүргізу және сақтау. Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы.
Жұмыс мақсаты. Пішен, пішендеме және сүрлем дайындаудың индустрияльдық технологиясы.
Пішенге, пішендікке және сүрлемге қолайлы өсімдіктерді іріктеуді үйрену, оларды өсіру технологиясын ұйымдастыруды жүйелі түрде пайдалануды үйрену. Пішеннің, пішендіктің және сүрлемнің сапасын анықтау.
Тұқым өсіру және жинау. Тұқымның зертханалық шығымдылығын, тазалығын және себуге жарамдылығын анықтау, бұл анықтамалардың көпжылдық мәдени және көпжылдық табиғи шөптер тұқымына пайдалану ерекшеліктерімен танысу.
Жабдықтар мен заттар. Әртүрлі жеке түрдің, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдары мен жемістерінің қосындысының коллекциясы, тақтайша, инелер, шөптердің гербариі, үлкейткіш шынылар, техникалық таразылар, бюкстер, кептіргіш шкафтар, эксикатор, дәнүгіткіштер, тигельдік қысқаштар.
Жалпы ғылыми негіздері. Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозаңдану мен ұрықтану өрбиді, мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.
Н.Н.Кулешовтың (1963) айтуына қарағанда дәнді дақылдар тұқымдарының бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу және пісіп жетілу. Кезеңдер даму фазаларына және балауызданып пісуден бастап дәннің пісу дәуіріне бөлінеді (1-кесте).
1-кесте – Дәнді дақылдар дамуында әртүрлі кезеңдеріндегі тұқым ылғалдылығы
Тұқымның пайда болу кезеңі
|
Даму фазасы
|
Пісу дәуірі
|
Тұқым ылғалдылығы, %
|
Қалыптасу
|
қоймалжың- сұйық күйі сүттену алдындағы күйі
|
-
|
80-65
|
Толысуы (дәнденуі)
|
сүттене пісуі
|
-
|
65-50
|
қамырлана пісуі
|
-
|
50-40
|
Пісіп жетілуі
|
балауызданып пісуі
|
басы
|
40-35
|
|
ортасы
|
35-25
|
|
соңы
|
25-20
|
Толық пісуі
|
басы
|
20-18
|
|
толық
|
17 және төмен
|
Тұқымның қалыптасуы ұрықтанғаннан кейін басталады да тұқым ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады.
Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80% шамасында, ал соңына қарай 65% дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес бұл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену алдындағы күйлері.
Тұқымның (дәннің) толысуы қоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Тұқым бұл кезеңде негізінен көлденеңіне барынша ұлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Құрғақ заттардың молаюына байланысты тұқым ылғалдылығы 40%-ке дейін төмендейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20 күндей, бірақ ауа райы құрғақ әрі ыстық болғанда 25-30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі фазаға ажыратуға болады: сүттене пісу- дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, қамырлана пісу- эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.
Тұқым дамуының үшінші кезеңі – пісіп жетілуі – дәннің толысуы аяқталғанша созылады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды (10-15%), бірақ оның интенсивтілігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40-20 %-ке дейін төмендейді. Пісу кезеңінің ұзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.
Пісіп-жетілу екі фазаға бөлінеді: балауыздануы және толық пісуі. Балауызданып пісудің бас кезінде дән жасыл түсін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпен жеңіл кесіледі. Бұл дәуірде негізінен қоректік заттардың келуі аяқталады (95-98% толық пісуден).
Балауызданып пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі қалады. Ылғалдылығы 25-20% төмендейді де көлемі мен түсі толық пісу кезіндегі сияқты болады. Тұқымдық учаскелерді дестеге осы кезеңде түсірген дұрыс.
Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де салынбайды, ылғалдылығы 20-18%. Бұл дәуірде егінді комбайнмен тура орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі ылғалдылық 17-16%. Тұқым жеңіл, аздаған шығынмен үгітіледі, құрғақ сапалы.
Сонымен, тұқым және ұрық түзу процесі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.
Ауа райы ыстық және құрғақ, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды “демікпе” және “ыстық ұруы” кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай жәйт Солтүстік Қазақстан жағдайында толысу-пісу кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байқалып тұрады.
Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температурада және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.
Әр дақылдың өзіндік гүлдену ерекшеліктері, ұрықтану және оған әсер ететін жағдайлары тұқым саны мен сапасына, сайып келгенде өсімдіктің өнімділігіне елеулі түрде әсер етеді. Мысалы, осы себептермен қарақұмықтың небәрі 10-15% гүлдері әдеттегідей тұқым береді, ал басқалары өліп қалады, немесе қалыпсыз дән береді. Тимирязев ауылшаруашылық академиясының (В.В.Гриценко, 1984) зерттеулері көрсеткендей, қарақұмық тұқымының тек қана 40% қалыпты толық дәнді болды. Бұршақ тұқымдас дақылдарда да (ас бұршақ, май бұршақ, жоңышқа т.б.) көп процент ұрықтанбаған гүлдер немесе өсіп-жетілмеген тұқымдар байқалады; алақат дәнділік қара бидайда 30% дейін жетеді, ал бос дәнділік күнбағыста – 10-20%.
Осындай өзгергіштіктің бір көрінісі-тұқымның әртүрлі сапалылығы. Бұл түрдің сақталып қалуына пайдалы болғанымен агрономдық көзқарас бойынша құптарлық жағдай емес. Бұл егін көгінің біркелкі өспеуін, сабақ бітіктігінің көп қабаттылығын, біркелкі піспеуін, өсімдікте өнімнің әртүрлілігіне әкеліп соғады.
Тапсырманы орындау әдістемесі. Әртүрлі тұқым қалыптасуын және олардың әртүрлі сапалылығын мына жағдайлармен түсіндіруге болады. Бір шоғырдағы гүлдер әр мезгілде гүлдейді, мәселен, масақта (бидай, арпа, еркекшөп т.б.) гүлдеңу ортасынан жоғары және төмен қарай, сіпсебастарда (сұлы, тары, судан шөбі т.б.) - жоғары бөлігінен төмен қарай, бұршақ тұқымдастарда (ас бұршақ, майбұршақ, жоңышқа т.б.) – тамырынан жоғары қарай, күрделі гүлдерде (күнбағыс, мақсары т.б.) қорапша гүл шоғырының шетінен ортасына қарай жүреді. Осындай жүйемен тұқым (ұрық) қалыптасып піседі, соның нәтижесінде оларда әртүрлі сапалылық пайда болады.
Бұның негізгі себебі - тканьдердің тұқым қуалаушылық әртүрлілігі, мұның өзі өсу конусы дифференциясының басынан байқалады және гүлдер мен түйіндерге қоректік заттардың біркелкі келмеуіне байланысты (Н.И. Можаев т.б., 1993).
Піскеннен толық өнгіштікке жеткенге дейінгі уақытта тұқымның физиологиялық тыныштық кезеңі немесе тұқымның жинап алынғаннан кейінгі пісуі деп аталады, ал бұл тұқым тыныштығы күйінде байқалады.
Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі. Бұл ұзақ эволюциялық процестің нәтижесінде орта белдеудің өсімдіктері тудырған қасиет, ол өсімдіктер дамуына қолайлы жағдайларда тұқымның өсуін қамтамасыз етеді және түрдің сақталуына мүмкіндік жасайды. Егінді жинап алынғаннан кейінгі тұқым пісуінің ұзақтығы өсімдік түрі мен сортына, дәнденіп пісу, жинау және сақтау жағдайларына байланысты. Мысалы, жүгері, қаракұмық, эспарцет тұқымдарына өте қысқа жинап алынғаннан кейінгі пісу кезеңі тән – бірнеше күн, ал еркекшөп, арпа, күнбағыс – 20-30 күнге дейін, кейде одан да ұзақ мерзім қажет. Күздіктер жаздық дақылдарға қарағанда біршама қысқа тұқым жинап алынғаннан кейін пісу мерзімімен айқындалады.
Тұқым тыныштығының табиғаты аяғына дейін анықталмаса да зерттеулер мен бақылаулардың нәтижесінде тұқымның биологиялық тыныштығын көрсететін төмендегідей себептер анықталады:
1) тұқым қабығының ауа, су өткізбеушілігі немесе көптеген екпе дақылдарға, әсіресе дәнді бұршақ және бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымдарына (түйежоңышқа, жоңышқа, бөрібұршақ, маш т.б.) тән қатты тұқымдылық;
2) тұқым құрамында ингибиторлардың, басқаша айтқанда өсуді тоқтататын заттардың (гормональдық теория) болуы. Бұл теорияға сәйкес тыныштық күйі тұқым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың ара қатынасына байланысты;
3) тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы, басқа сөзбен айтқанда, егін жинау кезеңіне қарай тұқымның әрі қарай дамуына қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмағандығы.
Ғылым мен тәжірибе тыныштық күйде тұрған тұқымның өсуін тездететін бірқатар әсер ету әдістерін зерттеп тапты:
А) тұқым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол үшін құмды немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (скарификациялау), бұл әдіс бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір көкөніс дақылдарының қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;
Б) тұқымға өзгермелі төменгі және жоғары температуралар арқылы әсер ету; зерттеулер бұл әдістің дәнді дақылдар, зығыр, қыша, сиыржоңышқа, бөрібұршақ, астық тұқымдас шөптердің тұқымдары үшін тиімді екенін көрсетті;
В) тұқымды жылы ауамен немесе басқа жылумен қыздыру, соның нәтижесінде тұқым қабығының өткізгіштігі мен ауа алмасуы жақсарады, антиингибиторлардың әсері күшейеді. Өндіріс жағдайында бұл әдіс Орал, Сібір, Солтүстік Қазақстан аудандарында, әсіресе тұқымды ауа райы қолайсыз жағдайларда жинаған жылдары кеңінен қолданылады;
Г) тұқымды өсіргіш заттардың ерітіндісімен өңдеу (гибберилин, ауксин, гетероауксин т.б.), қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен екпе дақылдар тұқымын өндеудің бұл әдісі шектеулі;
Д) тұқымның ауыспалы сақтық қорының болуы, ең алдымен күздік дақылдар үшін, өйткені тұқымның жинап алғаннан кейін пісу кезеңін өтпеген жағдайда себілген егістіктерде алқаптың сиректігіне әкеліп соғады.
Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.
Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген мал азығын дайындау, есеп жүргізу және сақтаумен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 14-15 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.
-
Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.
-
Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.
-
Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.
-
Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.
-
Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.
Бақылау сұрақтары
1. Пішен, пішендеме, сүрлем, шөп кесіндісі және шөп ұны, олардың маңызы. Шалғындық пісімділігі, орақ салудың қалыпты кезеңі және шөп шабу биіктігі. Түрлі аймақтарда пішен шабудың кезектілігі.
2. Ауыспалы шабындық.
3. Пішен кептіруге қойылатын талаптар.
4. Құрғақшылық аудандар мен ылғалды, жауын-шашынды жерлерде пішен дайындау ерекшеліктері.
5. Шөпті қуатты желдеткіш қондырғылармен толық кептіру.
6. Шөптен сүрлем жасау. Оның технологиясы.
7. Сүрлем сақтаудың түрлері, оның сипаттамасы.
8. Көпжылдық шөптерді тұқым алу үшін өсіру әдістері.
9. Тұқымдық шөпті өсіру. Тұқымды себуге дайындау. Тұқым себер алдында тыңайтқыш шашу. Тұқымдық шөптің себу мерзімі мен әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |