Әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулықтары



бет8/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#135442
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары

1. Мал азықтық егін шаруашылығы – жемшөп қорын жасап, мал шаруашылығын тікелей өркендететін, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі бір бөлігі.

2. Негізгі мал азығы түрлері, олардың маңызы, алу көзі.

3. Интенсивтендіру жолдары.

4. Ауылшаруашылық ғылымдарының жетістіктері және мал азығы өндірісінің озық тәжірибелері.

Зертханалық жұмыстар 9-11. Мал азықтық дақылдардың өсіру технологиясы. Жемдік-астық және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдар. Сүрлемдік дақылдар.

Жұмыс мақсаты. Жайылым, шабындық айналымы және оларды пайдалану. Жайылым маусымдылығын және пайдалану мерзімін анықтауды, қойды жайылым шөбімен асыраудың нормасын есептеуді, мал жаю тығыздығын, малға шөпті пайдаланудың мүмкін коэффициентін, жайылым алаңын, қой үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасын, сақтандыру қорын анықтауды зертханалық жағдайда үйрену.

Жабдықтар мен заттар. Есептеу техникасы. Үлгі есептер. Анықтама әдебиеті.

Жалпы ғылыми негіздері. Жайылым маусымдылығы және оны пайдалану мерзімдері. Қазақстан жайылымдарының барлығы маусымдық. Түр құрамына байланысты олар тек көктемде (айталық, раңтәріздестер), ерте жазда (ұсақ шымды-астықтұқымдастар), көктемде және күзде (раң тәріздес-жусанды), жазда (таулы), тек күзде немесе қыста айталық, жусанды-сораң тәріздес немесе сораңдардың өздері ғана пайдаланылуы мүмкін. Шөпті қажетті маусымда пайдаланбау 40-70%-ке дейінгі жемшөп өлшемін және 60-70% белокты жоғалтуға әкеліп соқтырады.

Егер жайылымның осы типін пайдалануға тиімді болмайтын маусымда немесе осы учаскеде жайылуға мәжбүр болса, онда осы аумақта жайылымға пайдалануға қажетті өсімдіктер түрлерін, екпе шөп егеді. Бұл календарлық уақытқа емес, ауа температурасының белгілі бір дәрежеде алмасу жағына сәйкестендірілмек (1-кесте).


1-кесте – Жыл маусымдары бойынша жайылым кезеңінің ұзақтығы (күн)


Аудандар

Көктемгі 5-тен 150-қа дейін

Жазғы 150С

Күзгі

15-тен 00С-қа дейін



Қысқы (00С)

мал жайы-латын күндер

мал жайыл-майтын күндер

Оңтүстік қуаң

30-60

150-190

35-60

110-120

10-30

Орталық

32-37

125-135

35-45

85-95

65-80

Солтүстік

35-40

100-110

30-35

60-80

80-130

Осындай “жыл маусымдарының” ұзақтығы әр ауданда және тау белдіктерінде әрқилы және 30-160 күнге созылады.

Маусымдық жайылымдарда мал жаю кезеңін жайылым шөбінің мал жаюға жарамдылығына және оның өндірістік-тиімділігін өнімділігінің сақталу ұзақтығына қарай анықтайды. Көктемде, шөп жедел өсетін кезде, малдың жайылымға шығарыла бастауы ондағы шөп қорының кемінде 0,8-0,9 ц/га жемшөп өлшемінің болуына қарай белгіленеді, мұнда ауыспалы егіс схемасы бойынша арнайы келісілген өзге мерзім көзделмеген болуы керек. Кейінірек жайылымдағы шөп тез бұзылып, оның қоректілігі едәуір жойылады. Ерекшелік ретінде күзгі және қысқы жайылымдар қалады, оларды пайдалану белгісі - өніп-өсу кезеңінде өсімдіктің жеке түрлерін малдың жемеуі (сорандар, жусандар т.б.), қыста қардың жұқа түсуі, мұз қабыршағының болмауы.

Жайылым сиымдылығы. Сиымдылық дегеніміз мекеннің, жайылым учаскесінің 2 га жерінде бағуға болатын мал саны. Мұнда шөбінің жеткілікті болуы, сондай-ақ соңынан өсімдік және топырақ қабатының құнарсызданбауы керек. Сиымдылық гектарына бас (күн немесе маусымда бас) есебімен алынады.

Жайылым сиымдылығын оның жалпы өнімділігі және дымқыл шөп бойынша есептуге болмайды, өйткені оның шамасына әсер ететін өте көп факторлар ескерілмейді. Жайылым шөбінде мал жемейтін түрлер кездеседі – оларды малға жемшөп қоры ретінде есептеу қате болар еді: көктемнен күзге дейін шөптің ылғалдылығы мен ондағы қоректік заттар өзгеріп отырады; жайылым шөбінің құндылығы өсімдік түрлерінің жетілуінің кезеңдері бойынша әрқилы; мал жайылымында өсіп шыққан шөптің бәрін жемейді, ал шөбі бүтіндей желіне қалса, өсімдік қабатының құнсыздануына, кейде тіпті оның құрып кетуіне әкеліп соқтырады. Осы факторлар ескерілемесе, жайылым сиымдылығы жөнінде бұрмаланған мәліметтер алынады (2-кесте).


2-кесте – Сиымдылығын анықтау тәсіліне байланысты Қазақстанның солтүстік шөлінің раңтәріздес – астықтұқымдас өсетін жайылымның сиымдылығы, бас-күн/га


Сиымдылықты анықтау тәсілі

Көктем

Жаз

Күз

Шөптің жалпы өнімділігі:

дымқыл шөп

құрғақ шөп

280


280

183


244

85

120



Өсімдіктердің жемшөптік түрлерінің бүкіл физикалық күйі бойынша

220

172

108


Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін ескергенде 80%

176

138

86


Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін ескергенде 65%

143

112

70


Бүкіл жемшөп бойынша, жемшөп өлшемін алғанда

399

190

99

Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін ескергенде 80%

319

162

79


Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін ескергенде 65%

259

124

64

Кесте мәліметтеріне қарағанда, анықтау тәсіліне байланысты жайылым сиымдылығы 2 еседен астам артады. Жайылымда қоректік заттар қорын бағалаған жағдайда, олардың малдың пайдалану мүмкіндігінің процентін белгілегенде және оның қоректік заттарға деген мұқтажын ескергенде ғана жайылым сиымдылығын дұрыс есептеп шығаруға болады.

Жайылым сиымдылығы мынадай формуламен есептеп шығарылады:



Мұнда:


Ж – жайылым сиымдылығы, маусым ішінде бас-күн/га; Ө - өсімдіктің жемшөпті түрлерінің өнімділігі, ц/га ауалы-құрғақ шөп; Қ – 1 ц ауалы-құрғақ шөптің қоректілігі, К – малдың жайылым шөбін пайдалану мүмкіндігінің коэффициенті; Н – бір бас малды жайылым шөбінен азықтандырудың нормасы, күніне жемшөп өлшемінен; У – мал жаю уақыты, күнмен.

Шаруашылықтарда жайылым өнімділігін геоботаникалық тексеру мәліметтері бойынша, болмаса оны сол жердің өзінде орымдар алып, кептіру арқылы анықтайды, мұнда жайылымның 2,5 м2-нен төрт дүркін қайталайды (3-кесте).

Бұта және жартылай бұта өсімдіктері бар оңтүстік шөл аудандарда трансектілерді қолдана (100×2,25×4 т.б.) және үлгі түптерді бөліп ала отырып қолданады.

Қойды жайылым шөбімен асыраудың нормасы. Жыл маусымдары бойынша жайылым шөбі қоректілігінің өзгеруі 200, кейбір шөп түрлері ылғалдылығының өзгеруі 500-700 процентке жетеді. Малдың қоректік заттарға деген мұқтажын толық қанағаттандыру үшін малға берілетін жемшөп мөлшері әртүрлі болуға тиіс.


3-кесте – Солтүстік шөл аудандары жайылымдарының әртүрлі типтерінің шамасымен алынған сиымдылығы, жылдың түрлі маусымдарында бас-күн/га


Жайылым типтері

Көктем

Жаз

Күз

Түрлі шөп – теріскен

100

114

74

Баялыш

131

58

24

Жусан – баялыш

175

52

23

Қара жусан – көкпек

130

96

72

Раңтәріздес – итсигек – сұр жусан

94

101

43

Күйреуік – сұр жусан

91

45

24

Изен – раңтәріздес

114

98

66

Қара жусан

81

27

12

Бүйірген

35

36

22

Майман тарлау

81

99

44

Еркек қозыға немесе ұрғашы қозыға күн тәулігінде 0,8 жемшөп өлшемі қажет болса, онда жемшөп қоректілігі 0,7 жемшөп өлшеміне жеткенде мүлде құрғақ зат күйінде 1,1 кг; қоректілігі 0,4 жемшөп өлшегенде – 2 кг жемшөп, яғни 1,5 есе артық жемшөп беру керек. Егер жемшөп қоректілігі сондай болғанда (мүлде құрғақ затта 0,8 азық өлшемі), тек ылғалдылықты ғана ескерсек, онда ылғалдылығы 70% болғанда – 3,3, ал ылғалдылығы 85% болғанда 6,6 кг керек.

Бұл арада шөп ылғалдылығының аз ғана өзгеруінің өзі (15%) оның малға беру нормасын 2 есе арттыруды талап етеді.

Табиғи шөп мұқтаждығын анықтау үшін жемшөп өлшемінде алынған азықтандыру нормасы құрғақ затқа айналдыру коэффициентіне (К) көбейтіледі; бір факторды ескергенде (қоректік немесе ылғалдылық) – 1 рет, ал екі фактор ескеріле – 2 рет.

Жайылым шөбінің қоректілігі төмен және ылғалдылығы көп болса мал жеммен, яғни кенеулі азықпен қосымша қоректендірілуі қажет.

Табиғи жемшөптің қоректілігі мен ылғалдылығын ескере отырып, қойдың нормасын мына формуламен есептеп шығаруға болады:

Мұнда, А – табғи жайылым шөбінің қажетті мөлшері, 1 тәулікке кг, В – жайылымда ұстағанда қойды азықтандыру нормасы, тәулігіне жемшөп өлшемімен; С – мүлде құрғақ күйіндегі жайылым шөбінің қоректілігі, 1 килограмдағы жемшөп өлшемі, яғни өлшем бөліктерімен қой жаю кезіндегі жайылым шөбінің ылғалдылығы, өлшем бөліктері.

Өніп өсу кезеңінде өсіп шыққан барлық шөп толық қағажу қалғанда 2-5 жылдан кейін жайылым өнімділігі жусан-боз шөп және жусан-раңтәріздестер өсетін жайылымда – 28-31, ал өткен жылға қурап қалған шөп қағажу қалғанда – 1-2 процентке төмендейді; жусан мейлінше құнарсызданады.

Жайылымға жаю. Жаю дүркіні – жайылым өнімділігінің өзгеруін анықтайтын елеулі фактор. Жаю дүркінінің әсері көбінесе қуаң аймақ жағдайында күшті байқалады. Тіпті таулы шалғындық далалық жайылымдарды екі дүркін пайдаланудың өзі олардың құнарсыздануына себепкер болады. Осындай мәліметтер қуаң аймақ жайылымдарының өзге типтерінен де көрініс табады. Екі дүркін пайдаланғанда шөпті шауып алғаннан кейін жойыла бастайды және ол құнарсызданады. Таудың төменгі өңірінде қойды табиғи жайылымға жаю саны арттырылуы мүмкін.

Тапсырманы орындау әдістемесі. Жайылым алаңы. Жайылымдағы шөптің жалпы қорын анықтау үшін оны білген жөн. Оны жер жазықтығы бедерлі болғанда сол жердің өзінде, сол сияқты картографиялық материал немесе басқа бір құжаттар бойынша анықтауға болады. Таулы аудандарда нақтылы күймен салыстырғанда, алаңды карта бойынша (планшеттермен) есептеп шығару оның азаюына әкеліп соқтырады. Баурайлар неғұрлым тік немесе бедерлі едәуір жырымдалған болса, соғұрлым осы айырмашылық көбірек болады және 20-50 процентке жетуі ықтимал. Тауыл аудандарда жайылым алаңын тікелей сол жердің өзінде анықталған немесе формула бойынша есептеп шығарған тиімді:

мұнда:


АН – жайылымның нақтылы алаңы; АК – картографиялық материал бойынша планиметрмен табылған алаң; Г – баурайдың тікшілігі, градуспен.

Баурайдың тікшілігі мынадай болғанда Г-ның орнына оның абсолюттік шамаларын қолдануға болады: 1 – 100 = 1-0,97; 11 – 250 = 0,96 – 0,90; 26 – 400 = 0,89 – 0,79; 41 – 550 = 0,78 – 0,54; 58 – 690 = 0,53 – 0,46.



Жайылым шөбінің мұқтаждығын есептеп шығару. Шаруашылықта жайылым шөбінің мұқтаждығын есептеп шығарған кезде ең алдымен жеке айлар бойынша бүкіл жайылым кезеңінде малдың жалпы санын ескереді.

Шаруашылықтың нақтылы жағдайында жайылым мұқтаждығын дұрыс есептеп шығару үшін мыналарды білу қажет:



  1. мал үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасын;

  2. жайылым шөбінің өнімділігін;

  3. жайылымның жеке типтерін пайдаланудың процентін;

  4. өрістің бір гектарының жүктемесін;

  5. сақтандыру қорын.

Қой үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасы.

Шөптің тәуліктік нормасы малдың қоректік заттарға және жайылым шөбінің нақтылы қоректілігіне байланысты.

Далалық астықтұқымдастар өсетін табиғи және осы аймақ жайылымдарының неғұрлым қуаң типіне биязы жүнді тұқымының емізулі саулығы үшін шөптің күндік нормасы орта есеппен 6-7 кг; тірілей салмағы 50-60 кг, шөбі неғұрлым шырынды келетін табиғи жайылымда 8-9 килограмға дейін. Сол тұқымның ұрғашы тоқтыларында (тірілей салмағы 40 кг жуық) осы нормалар соған сәйкес 4 және 6 кг болады.

Біржылдық және шырынды көпжылдық екпе жайылымдарда желінетін шөптің орташа нормасы биязы жүнді тұқымының емізулі саулығы үшін, біздің байқауымызша, 8-10 кг, неғұрлым қуаң еркек шөп өсетін көпжылдық жайылымдарда – 7-9 кг; ұрғашы тоқтылар нормасы соған сәйкес әр басына күн тәулігінде 7 және 5 кг.

Шөп нормасы жасы 1-1,5 айға жетпеген кемінде бір қозылы емізулі саулық үшін есептелген. Жасы 3-5 айлық қозыға қосымша 2-4 кг көк шөп берген жөн.

Қаракөл қойларын жайылымда баққан кезде жыл бойына азықтандыру дәрежесі тұрақты емес. Олар мұндай кенет ауытқуды көктемде көп, қыста аз сезеді. Қысқы кезеңде жеткіліксіз азықтандырғанда қаракөл қойлары тірілей салмағын азайтады, ал көктемде шырынды қоректі шөп мол болған шақта олар салмағын қайтадан қалпына келтіреді. Көктемде, жазда және күзде жақсы маусымдық, тозбаған жайылымда баққанда қойлар жоғарй қоңдылыққа жетеді.



Бір қойға жайылым шөбінің нормасын біле отырып, бүкіл отардың оған деген мұқтажын оңай есептеп шығаруға болады. Жайылым кезеңінің барлық мерзімдерінде бүкіл қой басына қаншалықты көк шөп қажеттігін есептеп шығарғаннан кейін табиғи және екпе жайылымдардан алуға болатын шөптің нақтылы мөлшерімен салыстырады, яғни жемшөп баданасын жасайды.

Сақтандыру қоры. Жайылым шөбінің мұқтаждығын есептеген кезде өнімнің болмау жағдайына байланысты және қойды жыл бойына жайылымда бағатын қыстыгүні климаты қатаң, қар көп түсетін аудандарда сақтандыру қорын да есептеп шығарған жөн. Сақтандыру қорының мөлшері аймаққа байланысты. Метеорологиялық жағдайларға қарай облыстар мен аудандарда өнім тұрақсыз болса, яғни шөлейт және шөл қорын жалпы мұқтаждықтан 20-30%, далалық және таулы аймақтарда 10-15% мөлшерінде есептеп шығарған тиімді.

Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.

Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.

Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген мал азықтық дақылдардың өсіру технологиясы.мен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 9-11 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.

  2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

  3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

  4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

  5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

  6. Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет