1. Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану.
2. Шабындық пен жайылымға мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу.
3. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою.
4. Шабындық пен жайылымға тыңайтқыш шашу.
5. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту жүйесі.
6. Ауыспалы егіс қолдану.
7. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту.
8. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру.
9. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту.
Зертханалық жұмыс 7. Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану.
Жұмыс мақсаты. Шабындықтар мен жайылымдардың негізгі қоңырбас тұқымдас шөптеріндегі тұқымдарын анықтау.
Көпжылдық астықтұқымдас шөптердің тұқымдарын морфологиялық ерекшеліктері (тұқымның жалаңдығы, түсі, ірілігі, ұзындығы, қылтықшығы), бұршақтұқымдас шөптерді тұқымдарының (ұзындығы, дөңгелектігі, түсі, тұқым тыртықшасы, мәрмір суреті, түбіршегінің көлемі) құрылымдылығы арқылы анықтай білуді үйрену.
Жабдықтар мен заттар. Екпе жайылым ұйымдастыру жөніндегі міндеттер. Есептеу техникасы. Анықтама әдебиеті.
Жалпы ғылыми негіздері. Екпе жайылымдар (суарылмайтын және суарылатын) табиғи шөптен, сол сияқты екпе шөптен жасалынуы мүмкін.
Әр аймақта шөптер қоспасының түрі мен құрамын шөптер сорттарының және жемшөптік дақылдарының сол аймаққа бейімделуін ескере отырып таңдап алған жөн. Бұл облыстар бойынша сорттардың аудандастырылуында қарастырылған көрші облыстарда аудандастырылған өзге сорттар топырақ-климат жағдайлары бірдей болғанда ғана қолданылуы мүмкін неғұрлым қолайлы табиғи жағдайларға бейімделген сорттарды шабындықтар мен жайылымдардың шөптер қоспасына енгізуге болмайды.
Сорттарды таңдап алған кезде табиғи жемшөптік жерлердің жақсартылатын типтерінің экологиялық жағдайларын да ескерген жөн, мұнда әсіресе қозғаушы күштермен сипатталатын типтер үшін қатаң жағдайлар - өзен алқабы мен көлтабандарды ұзақ уақыт бойы су басу, эрозияға көп ұшыраған және қарашірігі шамалы топырақ, жерге көмілген ұсақ ағаштардың көп болуы (бұталар басын кеткен шалғындарды фрезелеу арқылы игергеннен кейін), іріп-шіріген шымтезекті батпақ т.б. ескеріледі. Бұл өсімдіктің экологиялық типін қамтып көрсетуге тиіс – мезофит, ксерофит, галлофит т.б.
Топырақтың су-ауа және қоректік режимдері кенет өзгергенде, жер асты суының деңгейін ескере отырып шөптердің түрлері мен сорттарын таңдап алғанда; өсірілген шөптердің қосымша ылғалдандыруға әсерленгенде, суармалау режимі (календарлық мерзімдер, су және ауа температурасы, суары және су қаптату ұзақтығы т.б.) көрсетілгенде мелиорациялау әдісін ескеру қажет.
Шөп қоспаларын таңдап алған кезде екпе жемшөптік жерлердің өнімділігінің жоспарланатын дәрежесі түбегейлі жақсарту технологиясы өсірілетін шөптің азотқа мұқтаждығын қамтамасыз ету әдістері ескеріледі.
Екпе шөптердің азот қорегінің көзі ретінде минералдық және органикалық тыңайтқыштарды (көң, сұйық көң, көңнің және өнеркәсіптің күнделікті ағындылары) пайдаланғанда шөптердің негізгі типі астықтұқымдастар болуға тиісті, биологиялық азотты пайдаланғанда – орманды-далалық аймақта шөптердің астықтұқымдас – бұршақтұқымдас типіне көбінесе фарфор және калий тыңайтқыштары және далалық шөлейт аймақтарда және шөл аймақтың ылғалмен қанағаттанарлық дәрежеде қамтамасыз етілген жерлерінде фосфор тыңайтқышы беріледі.
Шөптерді пайдалану әдісі – пішен шабу, жайылым құрастырылған (пішен шабу-жайылым), көп орымды, бұл әдіс шөптер қоспасын ең алдымен өсімдік жапырақтарының жоғарғы орналасуы (жима тарғақ, шалғындық көде, қызыл субетегесі, көпжылдық райграс т.б.) бойынша іріктеп алған кезде ескерілуге тиіс. Еліміздің оңтүстік аудандарында ылғал жеткілікті болғанда қылтықсыз арпабас жайылым және орымды шөптер үшін толық компонент бола алады, бірақ көтеріңкі шиендегіштік талаптарды ескере отырып, арнайы кәсіпке бейімделген көп орымды және жайылым шөптерінің жайықтары орта шенінде төменгі жағында орналасуы ерекше ескерілуге тиіс.
Екпе шабындықтар мен жайылымдар жасаған кезде шаруашылықта бар жерлердің әртүрлі типтерін игеруге байланысты шөп шабу және жайылым конвейерін көздеген жөн, экологиялық жағдай (температура режимі, ылғалдандыру жағдайы, топырақ қуаты т.б.) әртүрлі болғандықтан олардан азық әр мезгілде түседі. Жақсы жылытатын шамалы оңтүстік экспозиция баурайларымен салыстырғанда анағұрлым ерте шығады. Орманды-далалық аймақтың сай-салалық шалғындармен ойпаңды, құрғатылған және суы ұзақ жайылатын шалғындармен салыстырғанда ерте шығатын шөптердің қалыптасуына неғұрлым қолайлы келеді. Бір экологиялық типтің көлемді табиғи жемшөптік жерлерінде шөп түрлерін таңдай алу арқылы әртүрлі кезеңде (ерте, орташа, кеш) шығатын шөптер қоспаларын жасау қажет. Шабындықтар мен жайылымдарда конвейерлерді ұйымдастыру көк шөп пен шикізат түсу кезеңін ұзатуға, жинастыру техникасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, әсіресе сіңімді протейннің болуы шөп сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Шабындықтарда шөптің жедел шығуына қарай екпе шөп типін астықтұқымдастардың гүлдей бастауы көп орымды шөптерде – түптену басталу шағында, жайылымдарда – ерте шығатын шөп үшін түптену шағында шөптің биіктігін және кеш шығатын шөп үшін – бастана бастау шағының жылдамдығын (мұнда шөптің сапсы мен желінгіштігі кенет төмендейді) ескере отырып таңдап алады.
Оны үстіне жайылымдарда көп орымды пайдаланған кезде ерте шыққан шөп неғұрлым тез өсуімен қабат оның түрлерінің неғұрлым жиі таратылуына, малды жиі жайып, шымның тапталуына төзімді болуға тиіс. Шөптердің кеш типі өсіп жетілудің кеш мерзімінде шөп сапасын неғұрлым ұзақ сақтауы керек. Әдетте осы талаптарға сәйкес астықтұқымдас-бұршақтұқмдас шөптер сай келеді және беде, жоңышқа, лотус басым түседі. Тек әдетегіден тыс жағдайда ғана шөптің кеш шығатын типін өзге түрлерден қалыптастырады. Ұзақ уақыт бойы су қаптатқанда кеш шығатын типін астықтұқымдастар шөбі (суоты, шалғындық атқонақ, батпақ көде), ал қуаң аймақта – сораңдар мен жусандар өсетін жайылым құрайды.
Екпе шөптің тез жетілетін типі басым келеді, оның қалыптасуы үшін агрофитоценозбен пайдаланудың алғашқы жылдарында себілетін шөп қоспасының құрамына тұқымының көтеріңкі нормасы алынады, тез жетілетін және бәсекелесуге өте қабілетті келетін түрлер үшін себу нормасы 40-50%, өсу қарқыны төмендеу келетін түрлер үшін 60-70%. Бірге болатын түрлерді олардың бір түрі өсетін егістіктердегі себу нормасының 20%-ті есебінен енгізіледі. Жылдар бойынша үстемдік ететіндердің – қысқа мерзімді түрдің неғұрлым ұзақ жыл бойғы түрімен алмасуы және осыған сәйкес жайылым немесе шабылатын шөп конвейері жүйесінде осы шөп өсетін орнының алмасуы мүмкін. Екпе шөп қоспаларының құрамындағы түрлердің жалпы саны 3-4-тен аспауға тиіс.
Қысқа мерзімді пайдаланылатын шөп қоспалары үшін бұршақтұқымдастармен және қопсыңқы тіпті астықтұқымдастармен шектелуге болады. Шабындықтар мен жайылымдар өнімділігін ұзақ уақыт 8-10 жылға дейін, одан арттыру үшін орманды-далалық аймақтарда ұзақ жылға көгентамырлы және қопсыңқы-көгентамырлы және қопсыңқы-астықтұқымдастарды шөлейт аймақта және солтүстік шөлде – қопсыңқы түпті астықтұқымдастарды (майман тарлау, еркекшөп) және жартылай бұталары, оңтүстік шөлде – шөптерді, бұталарды (сексеуіл), жартылай бұталарды (жусан теріскен, изен т.б.), таулы аудандарда – ұзақ жылғы түрлер, ал эрозияға ұшырау қаупі бар жерлерде – көгентамырлы нығыз шымды астықтұқымдастар енгізу қажет.
Ерекше жағдайларды типке неғұрлым бейімделіп тіршілік ететін жерде бір түрдің есесінен екпе шөптер өсіруге болады. Мысалы, ұзақ уақыт су жайылатын шабындықтарда бір түр егістігінен екпе шөптер – қамыс тәрізді қоспастан, кәдімгі бекманиядан, жатаған бидайықтан, сортаң топырақты жерлерде – майман тарлаудан, сары түйежоңышқадан т.б. өсіруге болады.
Тапсырманы орындау әдістемесі. Далалық аймақта шөп қоспаларының құрамын анықтайтын негізгі қозғаушы күштердің бірі – ылғалдандыру. Сондықтан табиғи жемшөптің жерлер типтерін жақсартқан кезде олардың ылғалдандырылуы жеткіліксіз болады (баурайлар, жазықтық жерлердің жеңіл топырағы т.б.). Өнімділігі мен тұрақтылығы жағынан ксероморфты түрлердің – еркекшөптің, тарлаудың, көгілдір бидайықтың т.б., бұршақтұқымдастардан – эспарцеттің, сарыбас жоңышқаның, сондай-ақ жағымды ылғалдандырғанда (өзен алқабы, көлтабандар немесе суармаландыру) – мезофиттік түрлердің (қылтықсыз арпабас, шалғындық субетеге, жима тарғақ т.б.) артықшылығы бар.
Орманды-далалық аймақтар жағдайында бұршақтұқымдас-астықтұқымдас шөп қоспаларының өнімділігі мол. Оның үстіне, олар астықтұқымдастарға қарағанда топырақ құнарлығын арттыруға себін тигізеді, сондай-ақ шөп сапасының неғұрлым жоғары болуымен көзге түседі. Ірі өнеркәсіп фермалары үшін жайылым аумағының 60-70 проценті бұршақтұқымдас-астықтұқымдас шөптер және 30-40 проценті астықтұқымдастар болуы керек.
Бұл аймаққа астықтұқымдас шөптер тек ұзақ уақыт бойы су жайылатын шалғындар мен көлтабандарда, ұсақ және қыртыс қабаты сортаң жерде ғана тиімді.
Далалық аймақта жоңышқа-астықтұқымдас шөптердің өнімділігі суарғанда гектарына 8-10 мың, суармағанда 2,5-3 мың жемшөп өлшемі. Әсіресе, азот, фосфор тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіргенде екпе астықтұқымдастар шөбінің өнімділігі өзен алқаптары мен көлтабандарда 40-50 ц/га, шабындықта 15-20 ц/га.
Жайылымдар мен шабындықтарда шөптің конвейермен келіп түсуі тез жетілгіштігі түр айырмашылығы негізінде ғана емес, сонымен қатар шөптің тыңайтқыштары жүйесімен ұштастырып, әрқилы дәрежеде бұршақтұқымдастармен қанығуы арқылы іске асырылады. Жоңышқа мол жерде конвейер жүйесінде кеш тиіп қалыптастырылады, бұл пайдалану кезеңін 30 күнге дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
Орманды-далалық аймақта ерте пайдалану үшін жима тарғақ басым, орманды-далалық және далалық аймақтардың оңтүстік бөлігін шабындықтарында эспарцет пен еркекшөп, талшықты бидайық (талшықты регнерий), майман тарлау, орташа мерзімі пайдаланылатын жайылымдар үшін – қылтықсыз арпабас, шалғындық субетеге, жоңышқа мен бидайық (көгентамырсыз), кеш мерзімде пайдаланылатын жайылымдар үшін көгілдір бидайық жарамды. Бұршақтұқымдастардың болуын азайтқан кезде (30-40%) астықтұқымдастар мен бұршақтұқымдас шөптердің өсіп шығуын жеделдету үшін азот тыңайтқыштары енгізіледі.
Далалық аймақтың баурайлы жерлерінде және орманды-далалық аймақтың оңтүстік экспозициясының (қуаңшылыққа) баурайларында негізгі бұршақтұқымдас бөліктері қуаңшылыққа төзімді топырақ құнарлығына жөнді талап қоймайды – сарыбас жоңышқа және эспарцет, ал астықтұқымдастардан тарақша еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық (көгентамырсыз), орташа бидайық (көгілдір), майман тарлау; сумен шайылған топырақты қылтықсыз арпабасты көгентамырлары қысқа арпабаспен алмастырады.
Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.
Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген шабындықтарды және жайылымдарды пайдаланумен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 7 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.
-
Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.
-
Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.
-
Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.
-
Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.
-
Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |