Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Satybaldin

Қорытынды
Нәтижесінде қазіргі заманғы әдебиетте 
инновациялар теориясының жеке ғылыми 
мектеп ретінде пайда болуы мен қалыптасу-
ына талдау жасаудың эволюциялық көзқарасы 
анықталды. Инновацияларға, инновациялық 
процесстер 
мен 
инновациялық 
даму 
көзқарастарының тарихи кезеңдерін зерттеу 
негізінде инновациялар теориясының негізгі 
постулаттары қалыптастырылған: 1) қазіргі 
кезеңдегі ғылыми-техникалық даму бір-
бірінен оқшауланбайды; 2) инновациялық-
технологиялық даму экономикалық, әлеуметтік 
және қоғамдық салаларда терең құрылымдық 
өзгерістер тудырады; 3) ғылым мен техниканың 
жетістіктерін тиімді енгізу және дамыту тиісті 
экономикалық жағдайлар мен институттарды 
дамытуды талап етеді; 4) инновациялар 
нәтижесінің тек оң ғана емес, сонымен қатар 
теріс салдарлары да бар; 5) экономикалық 
тоқырау инновацияның жаңа толқынын 
тудырады; 6) инновациялық-технологиялық 
даму циклды сипатқа ие; 7) табиғи жүйелер 
аналогиясы себебінен экономиканың дамуын 
инновациялық экожүйелер арқылы қарастыруға 
болады, себебі оның айқын сипаты эндогендік 
және экзогендік факторлардың ықпалы бар 
ішкі қарқыны мен дамуына деген қабілеттілігі 
болып табылады. 
Қазақстандағы инновациялық дамудың 
қазіргі жағдайы мен келешегіне, даму 
жағдайлары мен факторларына, өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 
ерекшеліктеріне жүргізілген талдау негізінде 
оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан 
ұлттық 
экономиканың 
инновациялық-
технологиялық дамуын жетілдіру тетіктерін 
әзірлеу қажеттігі айқындалды. Инновациялар-
ды дамытуды экономиканы құрылымдық қайта 
құрылымдау, оны ғылыми сыйымды экономика 
қалыптастыру тұрғысынан әртараптандыру 
міндеттерімен үйлестірудің нысандары мен 
әдістеріне ерекше назар аудару қажет. 
Қазақстанда инновациялардың дамуына
ықпал 
ететін 
әлемде 
қолданылатын 
институттардың көпшілігі жұмылдырылған, 
алайда олардың барлығы тиісті тиімділікпен 
әрекет етпейді. Сондықтан басты назарды 
жаңа институттар мен құралдар құруға емес, 
әрекеттегілерді нығайтуға және оларды 
барынша тиімді пайдалануға аудару қажет. Бұл 
ретте сараланған тәсілді қолдану қажеттілігі 
негізделген, аталмыш тәсіл инновациялық 
жүйенің түрлі сегменттері үшін әртүрлі 
институттардың маңыздылығы бірдей емес-
тігін басшылыққа алады. Мәселен, жоғары 
технологиялық сегмент үшін іргелі зерттеулер-
дің жоғары рөлі, спинофф-компаниялар 
мен старт-аптарды қолдау құралдарын, 
ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын 
қоса алғанда, тармақталған инновациялық 
инфрақұрылымның болуы тән. Дәстүрлі өнер-
кәсіптік салаларға арналған инновациялық 
бағдарлану сегментінде кәсіпорындардағы 
зерттеушілік-технологиялық 
бөлімшелер, 
сыртқы технологиялар трансфертінің ортал-
ықтары, 
АЭА, 
индустриялды 
парктер 
маңызды болып табылады. Инновацияларды 
дамытудың тетіктерін белгілеудегі бастапқы 
іс, соңғы кездері озық әлем тәжірибесіне 
кіретін заманауи инновациялық даму үлгілерін 
қолдану болып табылатындығы дәлелденді. 
Аталмыш үлгілердің ерекшеліктерін ескере 
отырып, мемлекеттің инновациялық саясаты 
мен компанияларды инновациялық дамыту 
шаралары инновацияларды дамытудың жаңа 
тетігі құрылады.
Инновацияларды дамыту үшін тиісті 
инфрақұрылымның болуының да маңызы бар. 
Қазақстанда технологиялық инновацияларға 
бағытталған инфрақұрылым даму үсітінде. Ал 
дамыған елдерде жаңа инновация типтерінің 
өсуі байқалады. Бұл, атап айтқанда, қызмет 
көрсету, пайдаланушылық және әлеуметтік 
инновациялар. Жаңа типтегі инновациялардың 
ерекшелігі болып олардың негізінен арнайы 
зерттеулер мен зерттемелердің нәтижесі болып 
табылмайтындығы саналады. Оларға өндіруші 
мен тұтынушының сызықтық емес өзара іс-
қимылы, тапсырыс берушілердің оларды 
жасауға «тартылуы» тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет