Статистикалық нақты шамалар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін , көлемін, аумағын , деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы, топтағы студенттер саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.
Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.
Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы, бір жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады.
Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған зерзаттың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи, еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.
Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне-бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп , ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.
Статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін ,дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік.
Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын , яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |