67
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Адамзат баласының қиыншылықтан
арылу жолын Хазіреті
Пайғамбардан (с.а.у.) бастап барша ғалымдар Аллаһтан кешірім
сұрау екендігін айтқан. Мәселен Хасан
Басриге бір кісі келіп
мен ашпын деп шағымданыпты, енді біреуі келіп, кедеймін, ал
тағы біреуі сәби көргім келеді депті. Шағымданып келгендердің
барлығына Аллаһтан кешірім сұраңдар деп өсиет айтыпты.
Heгe сен барлығына бұлай жауап бердің. Олардың дерттері бір-
дей емес қой? - деп сұрағандарға ол мына аятты оқыпты:
«Әрі
өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін
бау-бақшалар жасап, өзендер ағызады. Аллаһтың ұлықтығын
ойламайтын сендерге не болды?»
(Нұх сүресі 12-13 аяттар).
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) хадистерінің бірінде күн сайын
жетпістен көп кешірім сұрап Аллаһқа жалбарынатынын айтқан.
Тағы бір хадисінде кешірім сұраудың маңыздылығын былайша
жеткізеді:
«Шынымды айтсам кейде жүрегімді ғапылдық жай-
лайды. Бірақ мен күнде Аллаһқа жүз рет тәубе етіп кешірім
сұраймын». Бұл хадисті ислам ғұламалары әр түрлі
жорамал-
дайды. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Аллаһтан бір сәт ұзақ болуды
үлкен ағаттық деп санап, сол үшін кешірім сұраған дейді. Енді
біреулері үмбетінің жағдайын ойлағандығы деп түсіндіреді.
Яғни, өзінен кейінгі үмбетінің халіне жаны ашып, олар үшін ке-
шірім сұраған. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) пайғамбар бола тұра
күн сайын жетпістен көп кешірім сұраған болса,
қарапайым
адамның күн сайын қанша рет кешірім сұрау керектігін өзіңіз
ойлап көріңіз. Көбірек кешірім сұрау дүниедегі қиыншылықтан
құтқарып қана қоймай, ақыретте мәңгі бақытқа жеткізетінін де
естен шығармаған дұрыс. Хазіреті Али (р.а.): «Аллаһ кімге кеші-
рім сұрауды нәсіп етер болса, оны тозаққа тастамайды» деген. Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Амал дәптерінде кешірім көп сұраған
құлға сүйінші» деп мұндай амалды
әдетке айналдырғандардың
ақыретте молшылыққа кенелетінін білдірген.