«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Қашқынның ізіне түсіп жүргендер оның қай да екенін анықтаған соң, бір



Pdf көрінісі
бет127/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Қашқынның ізіне түсіп жүргендер оның қай да екенін анықтаған соң, бір
түнде жылқышыны тұтқынға алады. Содан қайтып оралмайды. Артында
аяғы ауыр Гүлдерайым еңіреп қала береді. Жас бала сы бар Керімбайдың
әйелі Ажар баланы бауырына салып, атын өз баласы Сүйежанға
ұйқастырып, Демежан қояды. Келесі жылы Гүлдерайым қайтыс болады.
Демежан қытай-маньчжур балалары мен Ши-амбының қолында гимназияны
бітірген соң, тілмаш қызметінде қалып қояды. Ши-амбы Демежанды шекара
бөлісіне қатысатын комиссияның құрамына кіргізеді.
Демежанның әкесі Керімбайда, оқу оқытқан Ши-амбы да тарихта болған
адамдар. Керімбай Төртуыл руының алдымен зәңгісі, одан соң 1884 жылы
қайтыс болғанша үкірдайы болады. Керімбай байға да, кедейге де бірдей
қарайтын әділетті, жарлы-жақыбайға қамқорлығы мол, адамгершілік қасиеті өте
жоғары, ел ішінде үлкен беделге ие құрметке бөленген адам ретінде танылады.
Ши-амбы – шын аты Ши-Лун. Ел арасында Ши және Ши-амбы деген аттар мен
танылған. 1878 жылдан бастап, Тарбағатай аймағының амбысы (князь,
губернатор) болады. Бұлардан басқа Ысмайыл, Балкашин, Әсет Тәңірбергенов,
Керімбай, Бор батыр, Күдері, Әсет Найманбаев, Мамырбек төре т.б. сияқты
кейіпкерлер де романда өз атымен алынған.
Қытай-Цин патшалығы мен патшалық Ресей өкіметтерінің өкілдері 1861
жылдан бастап, өздерінің шекараларын қалай белгілеу туралы келіссөз
жүргізеді. 1864 жылы Шәуешек қаласында «Қытай-Ресей батыс солтүстік
шекараны белгілеу келісіміне» қол қойылады. Қазақтың жерінің Қытайға
тиген бөлігінде отырған қазақтар жерімен бірге Қытайға, Ресейге қараған
өңірдегі қазақтар жерімен бірге Ресейдің басқаруына қарады
Демежан – тарихи кейіпкер. Ол Тарбағатай және Алтай аймақтарының
губернаторы, Цин империясының жоғары дәрежелі өкілі Ши-амбының
қарамағында тілмаш болып жұмыс істейді. Бұдан кейін төртуыл руының
үкірдайы Керімбай қайтыс болғаннан кейін Демежан Тарбағатай аймағын
мекендейтін сол руға үкірдай болады. 1880 жылдары екі елдің шекара бөлісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет