аяғына қаланың хром етігін киіп, басына жібек шашақты бөртпе шәлісін
бүркеді.
Қыр елінде де, Күнгейдегі Керімбай ауылына келін боп түскенде де айнаны
көрмеген. Өткен жлы қалаға келгенде бірақ білді.
Онда алғаш рет
Шәнішевтер үйіне ерулікке қонаққа барғанда үлкен айнаны көріп
таңғалады.
Жолаушылар арбамен Ой махалла тұсындағы жаңадан салынып жатқан
қытай қамалы - жамбылдың құрылысына таман жақындайды. Жол екіге
айырылатын:
бірі шығысқа қарай тура жол, екіншісі түстікке таман едәуір
ойысып барып, қамал құрылысын айналып өтеді. Қақпада
сарыаяқтар -
(маншың әскерін қазақтар осылай атаған) тұрады.
Кіреберістің дәл ортасында күтпеген көрініс болады. Шеріктердің бірі алдыңғы
арбаны қақпадан өткізбей, жұмысқа салмақшы. Көзіне көрінген көлікті
көшеден ұстап апарып, зорлықпен жұмыс істеткізу соңғы кезде әдетке айналған
нәрсе. Демежан ашуланып, құтқарып қалады.
Демежан Ши-амбыға жолығу үшін ескі жамбылға бара жатқандағы ойы:
қазақтардың кәсіп мәселесі. Бабалықтың еңбекқорлығы мен бәрінен озып
кетуі мүмкін деген жағымды ойлар.Сауданың дамып бара жатқандығы.
Ши-амбы 3-4 күннен бері қызметте жоқ екен, үйінде ауырып жатады. Жолдан
Шихалдайды кездестіреді. Ол оны мазақ қылып, кекетіп
«ханзада» деп атайды.
Демежанның қолына қағаздарды береді. онда қыр еліне түсетін алым-салық екі
есе көбейгендігі, бұрынғы
«сары ноқта» салығы мен шөп бажының үстіне
Достарыңызбен бөлісу: