бір бас беретін болды. Ал «үшір» салығы жайында, осыншама әскерді асырау үшін әр егіншінің жылда алатын бидайының оннан бірін хан- дықтың қоймасына құйылсын деп шешті жиналғандар. Егін салығына келгенде кеңесте бірталай сөз көтерілді. Кенесары, қарамағындағы Торғай, Ырғыз, Сырдария, Іле өзендерінің бойы мен көптеген көлдердің жағасын жайлайтын елдерден бұдан былай қарай егін шаруашылығы- мен қатты шұғылдануын талап етті. Өйткені Орынбор әскери губернато-
рына қарайтын қазақ ауылдары көптен бері-ақ егін салуға құмарланған-ды.
Бірақ бұған Перовский де, одан бұрынғы Орынбор әскери губернаторы граф
Сухателен де қарсы болып келген. Екеуі де қазақтың тек мал шаруашылығы-
нан аумағанын жақсы көрген. Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір бақи мал бағып қана көшіп жүрулерін бар жан-тәніммен тілер едім»,— деген пікірді мақұлдаса, ал Перовский егінді тек казак-орыстарға сал- дыртып, қазақтарды астықты солардан қымбат бағамен сатып алып тұруға мәжбүр етуді дұрыс көрген. Бұл туралы генерал Обручев өзінің соғыс министріне жазған баяндамасында: «Бұрын менің орнымда болған генерал-адъютант граф Перовский, қазақтардың егін егіп, оты- рықшылыққа айналуына өте-мөте қарсы болып келген. Оның бүйтуіне қазақтар өздері еккеннен гөрі, астықты бізден сатып алып, Россияға байлаулы бұзаудай тырп ете алмасын деген ой себеп болған»,— деп Пе- ровскийдің ойын дұрыс жазған. Сондықтан Орынбор шекарасында отырықшы қазақ поселкелері пайда бола қалса, оларды алдыменен граф Сухателен, одан кейін генерал-адъютант Перовский жойып отырған. Өшпес барымта, жұт, оның үстіне Россия солдаттары мен өзінің
сарбаздарының шабуылынан қарамағындағы елдің тіпті жүдеп кеткенін Ке-
несары жақсы білетін. Сол себепті кей қазақ ауылдарының егін егумен
шұғылдануы олардың өз шаруасын көтерумен қатар, болашақ қалың әскерді
астықпен қамтамасыз ететін ең тиімді жол деп тапты.