дына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап
келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан ша-
лып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін.
Қосым тырнауық - көп үндемейтін, төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті
тырнайтын, сондықтан тырнауық дейді, өзінен көп балалар қорқатын. Оған
тек Есікбай тік келуші еді.
Иманжанов - шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қал-
шылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі. Бұл кісі -денсау-
лығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім.
Бапай шал мен кемпірі - әжесінің тумаласы, Аянды қолдарына алған, бірақ
дұрыс қарамаған жандар.
Тұржан - армия қатарынан жақында ғана қайтқан, сол қолын білегінен оқ
жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам еді. Келген күні-ақ:
«Қан көріп, қаным бұзылып келді…» – деп, үйіне жиналған қатын-қалаш,
кемпір-шалдың зәресін алған. Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұм-
сағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды, әлімжеттік
етіп сабаған, Аянды да ұрып-соғып кетеді. Өржанның баласы.
Достарыңызбен бөлісу: