«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


тын… Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шы-



Pdf көрінісі
бет97/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

тын… Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шы-
лайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір уыс қуырған би-
дай төгеді.
Бір тәуірі Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын. Олар
ұйықтасымен-ақ Аян әлгінде ышқырына тыққан күйелеш масақтарды алып,
үгіп-үгіп аузына құятын. Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды
көргенде, көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала
жаздайтын.
Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болдық. Ортамыздан
екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі атаманның
қарауына тең бөліне бастадық. Бұл ойынға Аянның да қатысқысы келген.
Бірақ екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан бас тартты. Осы кезде
ол жылап Асылбек шалға барып, аяғын салдыртады, бірақ ол да көпке
созылмайды. Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз.
Әлден уақытта әйелдердің бірі қалжырай шыққан зарлы үнмен сызыл-
тып қана ән салады. Ән емес-ау, жүректегі ауыр шердің лықсып
шыққан бір күрсінісі сияқты. Әйелдерге қосылып жылауға «еркектік»
намысымыз жәбермейді. Өйткені Аян «Жылауды әркім біледі. Мықты бол-
саң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,» – деген. Сондықтан «жа-
сық екенімізді» білдірмеуге тырысамыз. Аянның тобығы осындай бір өгізден
домалап тұскен кезінде тағы тайды. Сол түні денесі қызып, таң атқанша сан-
дырақтап сөйлеп шықты. «Ағам қалаға апарып, ендігәрі шықпастай етіп
салғызады, әлі…» деп сенеді.
«Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге
салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап,
жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда
таңдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Сонда да болса басқа-
мыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады.»
Үлкендер «жау шегінді» десіп, күн сайын бір қуанышты хабар айтып жүрді.
Мұның өзі біз үшін «ертең соғыс бітеді» дегенмен бірдей еді. Іскерден


біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар болса да,
олардың әрқайсысының келуі ауыл үшін үлкен мереке еді. Солардың бірде-
бірі Тұржанға ұқсап: «Қан көріп қайттым, қаным бұзылды», – деп есірген
жоқ. Қаралы қағаздар да келіп жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет