Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет10/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54

                 туралы заңнамасын бұзу
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бөлік 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы, -
      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-бөлік 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есепті ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бөлік 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы, -
      орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 147-13-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      148-бап. <*>
      Ескерту. 148-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      149-бап. <*>
      Ескерту. 149-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      150-бап. <*>
      Ескерту. 150-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке
               заңсыз араласуы
      Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне заңсыз араласуы, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      151-1-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық
                  ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен
                  ұйымдастырушыларын сатып алу
      1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында сатып алу –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      3. Спортшылардың өздеріне жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдастырушыларының немесе жюри мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 151-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      152-бап. <*>
      Ескерту. 152-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      153-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру
                жүргізу тәртібін бұзу
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
      3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
      6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
      8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кету;
      9) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
      10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;
      11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
      12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау, -
      лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      154-бап. Жалған кәсіпкерлік
      1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – келтірілген залал сомасының елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
      Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік
                  қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле
                  (мәмілелер) жасасуы
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – келтірілген залал сомасының он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      155-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi заңсыз
                әрекеттер
      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi басқа адамның иелігіне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке немесе лауазымды тұлғаларға – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкердің лауазымды адамының, борышкер мүлкінің меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын білетін кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –
      жеке, лауазымды тұлғаларға – бір жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 155-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                  банкроттық туралы заңнамасын уақытша
                  басқарушының бұзуы
      1. Сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытынды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Сот талқылауы кезеңінде борышкердің мүлкі мен активтерін меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуін болғызбау мақсатында борышкердің активтерін бақылауды қамтамасыз етпеу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Борышкердің өзінің шеттетілген лауазымды тұлғаларынан құрылтайшылық, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін қабылдау, сол сияқты шеттетілген лауазымды адамдарының аталған құжаттар мен мөрлерді уақытша басқарушыға беруі бөлігінде сот шешімін орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтінішпен сотқа жүгіну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде, уақытша басқарушыны ауыстыру, сондай-ақ банкроттық рәсімін қозғамай-ақ таратуды жүргізуді оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға жүктеу кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есептік құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Кредитордың және борышкер мүлкінің меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде ақпарат ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз сатуды жүзеге асыру –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Осы баптың бірінші - он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 155-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен
                  конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн
                  қасақана бұзу
      Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiріп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзу тәртiбiн қасақана бұзу –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі залал деп танылады.
      Ескерту. 14-тарау 155-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                  банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты
                  басқарушының бұзуы
      1. Түгендеу жүргізу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөніндегі есеп ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банкроттың мүлкін күзетуді және бақылауды қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдардан берешекті өндіріп алу туралы талаптар қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сату жоспарын жасау тәртібін бұзу не банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып борышкердің мүлкін сату –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүргізу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкердің немесе ол уәкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтау міндеттерін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптарды қоймау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Банкроттықты басқарушыны шеттету (босату) немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылған ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімдердің жүзеге асырылу барысы туралы хабарламаны оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлімдемеу -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      18. Борышкердің лауазымды тұлғаларының кінәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиялық жауаптылықты) өндіріп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      19. Егер банкроттықты басқарушымен келісімде өзгеше көзделмесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісінің көшірмесін оның шағымдану мәселесін қарау үшін кредиторлар комитетіне ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкіне құрылтай, қаржылық және құқық белгілейтін құжаттарды, банкроттың мөрі мен мүлкін қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      21. Банкроттың банктік шотының уақтылы жабылмауы, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігінің бланктерін (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрін жою –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      22. Осы баптың бірінші - жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 155-3-баппен толықтырылды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет