объектiлер мен кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 239-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
239-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 18-тарау 239-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
19-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды
бұзу
1. Осы баптың 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiнде нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
240-1-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу
талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 240-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат
пайдалану шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған және (немесе) қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан елуге дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруына қатысты бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша тоқтатыла тұрады.
Ескерту. Кодекс 240-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде
шаралар жүргiзуден жалтару
Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс
тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды
орналастыру туралы хабарламау
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 242-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта
белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып
кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы
Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемiн асырып жiбергенi үшiн қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлем ставкасының бiр мың процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
Ескерту. 243-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. N 213 Заңымен.
243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның
белгіленген көлемінен асып түсу
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу –
заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа табиғат пайдаланушылардан сатып алынған квоталардың бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 19-тарау 243-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 21.04.2014 N 197-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).
243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік
газдарды түгендеу, верификация және валидация
(детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы
Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 243-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға
және сарқынды суларды ағызуға арналған
жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу,
сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау
Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден екі жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi
түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын орындамау
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың
болуы нормативтерден асып кететiн көлiк және
басқа да жылжымалы құралдарды шығару
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың
болуы нормативтен асып кететiн
автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы
құралдарды пайдалану
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы
бұзу
1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалануға қабылдау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 248-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау
мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау
және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды
сақтамау
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
250-бап. Жердi бүлдiру
1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 250-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз
пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 251-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
252-бап. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимi
талаптарын орындамау
1. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимi талаптарын орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсіздік), -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 252-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
253-бап. Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау
Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 253-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
254-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай
одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру
жөніндегі міндеттерді орындамау
Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 254-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн
пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу
Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 255-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi
қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу
Жеке және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 256-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер
Достарыңызбен бөлісу: |